Бұл сүрені түнде оқыған адамның күнәсі таң атқанша кешіріледі

Бұл сүрені түнде оқыған адамның күнәсі таң атқанша кешіріледі

Көптеген хадистерде «Йасин» сүресін оқудың қасиеті, сондай-ақ, бұл сүренің артықшылығы туралы айтылған. «Йасин» сүресі Қасиетті Құранның жүрегі деп аталады:

«Әр нәрсенің жүрегі бар, Құранның жүрегі «Йасин» сүресі болып табылады, кімде-кім оны оқыса, сол Құранды 10 мәрте оқығандай болады».

Демек, атлмыш сүренің мүмін өмірінде алатын орны ерекше. Біріншіден, сүреде Алланың жалғыздығы туралы, бұған сенбегендердің азапқа салынатыны туралы, Қиямет күні мен қайтадан тірілу туралы айтылады. «Йасин» сүресі мүміндердің ақиқатты жете түсінуіне бағытталған.

«Йасин» туралы хадистерде не айтылған?

«Кімде-кім түнде «Йасин» сүресін оқыса, соның барлық күнәлары кешіріледі (Дарими, Фезаилуль-Құран, 21).

Бұл хадис сахих-хадис деп саналады (Ибрагим Әли, «әл-Ахадис» 1421/2001, 292-295 б.).

Өзге бір хадисте Алла Тағала көк пен жер жаратылмай тұрып мың жыл бұрын «Таха» және «Йасин» сүрелерін оқыған деп айтылған. Мұны естіген періштелер былай айтқан: «Бұл Құран түсірілетін қауым нендей бақытты, бұл Құран ұялайтын, яғни оны жаттайтын жүректер нендей бақытты және оны оқитын тілдер нендей бақытты».

"Йасин" сүресін оқығандардың кешірілетіні туралы хадистерде былай айтылған:

«Егер кімде-кім түнді «Йасин» сүресін оқумен өткізсе, ол таңертең кешіріліп оянады» (Бейхаки, ас-Сунануль-Кубра, 5/154).

«Егер адам Алла Тағаладан Оның разылығын және келешек өмір мекені туралы сұрау мақсатында «Йасин» сүресін оқыса, ол кешіріледі» (Дарими, Фезаилуль-Құран, 21, №3418).

«Кімде-кім түнде Алланың мейіріміне бөлену үшін «Йасин» сүресін оқыса, ол сол түні-ақ кешіріледі» (Дарими, Фезаилуль-Құран, 21, №3420).

Әдетте марқұмдардың жаны тыныштық тапсын деп, «Йасин» сүресі бақилық болғандарға арналып оқылады. Алайда оны тек марқұмдарға ғана арнап оқымау керек. Сонымен қатар, бұл қасиетті сүре осы дүниедегі адамдардың да жандарын тыныштандырып, оларға берекет сыйлайды.

asyldin.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста