Ислам діні

Дін – бірліктің рухани тірегі

  • Дін – бірліктің рухани тірегі

    Дін – бірліктің рухани тірегі

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан Республикасының алдында конфессияаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің өзіндік моделін қалыптастыру міндеті тұрды. Кейбір шетелдік сарапшылар Қазақстан этникалық және діни қақтығыстар салдарынан ыдырайды деген болжамдар да жасалды. Солардың бірі Збигнев Бжезинский өзінің «Ұлы шахмат тақтасы» атты еңбегінде Қазақстан Республикасын «Еуразиялық балкандарға» – этностық және діни белгілер бойынша жіктің туындауы ықтимал елдердің қатарына жатқызған болатын.

Алайда, Қазақстанның бейбіт сүйгіш саясаты негізінде қоғамдық келісімнің өзіндік моделі қалыптасты. Осы орайда, Елбасының жылсайынғы дәстүрлі жолдауларының бірінде «Өз тәжірибемізден білетініміз, біздің «осал тұсымыз» деп атаған көпэтностылығымыз бен көпконфессиялығымызды өз артықшылығымызға айналдыра алдық» -деп атап айтты.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстан зайырлы мемлекет құра отырып, азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз етіп келеді.

Қазақстанда 18 конфессия өкілдері бейбіт қатар өмір сүріп, елдің саяси тұрақтылығына, экономикасы мен мәдени дамуына жұмыла үлес қосып келеді.

Қазіргі уақытта еліміздегі конфессиялар – Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Қазақстан Республикасындағы Митрополит округі, Қазақстандағы Рим–Католиктік шіркеуі, Қазақстандағы Иудаизм, Қазақстандағы Буддизм бейбітшілік пен келісімді және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуде. Олар мәдениеттер мен дәстүрлердің және көзқарастардың әр алуандығына қарамастан, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында, бейбітшілік пен татулық үшін бірлесе қызметтерін жүзеге асыруда.

Елімізде жүргізіліп отырған салихалы саясаттың нәтижесінде Қазақстан күллі әлемге өзінің дінаралық келісім мен ұлтаралық татулықтың киелі мекені екенін паш етті. Сондай-ақ, дін еліміздегі бірліктің рухани тірегі болып, халықтың ынтымағы мен тыныштығы үшін қызмет ететін өзінің негізгі міндетін мінсіз атқарғанының нәтижесінде еліміз осындай биіктерге қол жеткізгені анық.

Бұған қоса қазақ халқының діліне терең бойлаған мұсылманшылық құндылықтар, оның көзқарасы мен рухани ұстанымының негізгі өзегі. Негізі, адамзаттың бір-біріне өшпенділікпен қарау арқылы діттеген мақсаттарына жете алмайтыны айдан анық. Керісінше мейірім, рақымшылық, кешірімшілдік, қарапайымдылық, ұстамдылық, сабырлық секілді т.б. мұсылманшылық құндылықтарды жастар арасында дұрыс жеткізу арқылы қоғамдағы діни келісім мен бірлікті, татулықты одан әрі нығайту бек мүкін.

Заманында «ақындар атасы» атанған Рудакидің:

«Өмір – теңіз, онда жүзем демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз», – деген сөзі қай қоғамға болсын қуат береді. Мұхаммед пайғамбарда өз өсиетінде адам баласына бір-ақ рет берілетін өмірді рухани құндылықтарды байытуға арнау қажеттігін ескерткен. Алла Елшісі қоштасу құтбасында: «Мен орталарыңнан кеткеннен кейін бұрыңғы бітпейтін ұрыс-керіске, дау-жанжалға қайта оралмаңдар», – деген. Адам баласы адам баласына бұл өмірде қонақ. Сондықтан өзара араздасып емес, сыйласып өткен әлдеқайда қайырлы. Сондықтан, рухани жетілу әркімнің өн бойынан көрініс табуы тиіс.

Діннің адамдарды біріктіру, қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты реттеу, саяси жағдайды тұрақтандыру сияқты әлеуметтік құбылыстардағы орны ерекше. Дін адамгершілік пен рухани құндылықтар арқылы адамдардың ұйысуына негіз болатын біріктірушілік қызмет атқарады. Сондықтан адамның еркіндігі мен теңдігін уағыздаған ислам діні көпшілікке осындай қырымен тартымды.

Бүгінде елімізде халықтың 70 пайыздан астамы ислам дінін ұстанатын мұсылмандар.Оның ішінде қазақ, өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, татар, шешен, қырғыз, түрік, түрікмен, башқұрт секілді, 27 ұлт өкілдері бірлесіп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мұсылмандардың қара шаңырағы болып табылатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 2500 ден астан филиалы (мешіттер) тіркелген. Жалпы дін саласына қатысты елімізде ешқандай да шек қойылып отырған жоқ. Тек заң аясында барлық мәселелер реттелсе болғаны. Діни кадрларды, имамдар мен теологтарды дайындау жүйесі жетілдірілуде. Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан мешіттердегі бірыңғай тәртіп ережелері енгізілді, салт-жораларды біріздендіру жұмысы жүргізілуде. Жалпы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жасап жатқан қызметі сан-салалы екені өз алдына бір әңгіме.

Адамның өнегелі ісі қашан да тарихта қалады. Жаратылыс себебін, дүниенің үйлесімді даму заңдылықтарының мәнін ұғыну, өмірдің мағынасын түсіну, жаратылыс рухы жөнінде айтып кеткен даналардың сөздерін ескеру адам баласының басты міндеті. Адам өмірінің мәні оның дұрыс танымы, дұрыс білімі арқылы айқындалып отырған.

Жалпы, ислам мұсылмандарға басқа діндерге қатысты бейбіт қарауды бұйырады. Бұл – аталмыш діннің атауынан-ақ байқалады. Өйткені, «ислам» сөзі араб тілінің «сәлам, яғни, бейбіт, ынтымақ» сөзінен шығады. Сондықтан ислам діні мұсылмандарға басқа дін өкілдерімен бейбіт қарым-қатынаста болуға әмір етеді. Құранда: «Егер олар, бейбітшілікке бейімделсе, сонда оларға сен де бейімдел. Әрі Аллаға тәуекел ет. Күдіксіз Ол, толық естуші, аса білуші» деп көрсетілген аяттың мазмұны соған меңзейді.

Сонымен қатар, ислам діні мұсылмандарға басқа діндердің өкілдерімен өздігінен соғыспауға, қайта сәті түссе, олармен одақтас болуға шақырады. Ислам діні – бейбіт дін. Барлық дәстүрлі діндерге бірдей қарап, толеранттылықты насихаттауда алғашқылардың бірі болғандығына тарих куә. Басқаларға қатысты әділеттілікті таныту – исламның негізгі қағидасы.

Қазақ халқы діннің мәнін терең түсінген, діннің тағылымын үйрету әрбір ата-ананың міндетіне айналған. Қазақ руханиятында, «дінді білмеген дымды да білмейді» - деген қанатты сөз бар. Бұл сөздің мәні тереңде. Әр адамның өмірге келуінің де өмір сүруінің де себебі бар. Адамның дүниеге келу себебі жаратушы Алла Тағаланың құдіретін ұғындыратын мән болып табылса, адамның өмір сүруінің себебі оның мақсатымен анықталмақ. Сондықтан да, асыл дінімізде адами қасиет, еңбек, адалдық, тазалық, сауаттылық, қанағатшылдық ізгілік пен әдептілікке бағыттайтын негізге құндылық. Адамның дұрыс сенімі, білімі, адалдығы мен мейірімі болмайынша оның бойына ізгі қасиеттер орнықпайды, ізгілігі жоқ іс әділеттіліктен алшақ кетеді. Осыған орай ата-бабаларымыз өмірдің мәнін діннің өсиетімен өлшеп, діни тұлғалардың даналығымен ұғынып отырған. Қазақ ұлты үшін нағыз ғалым болу, нағыз тұлға атану шариғаттың талабы мен адамның имандылық тәрбиесімен келетін нәрсе.

Имандылық – адамды кемел мінезге, кемел ойға, кемел білімге бастайтын киелі ұғым. Мақтаншақтық, әлсіздік, такаппарлық адам баласы қанша білімді, көреген болса да оның рухын әлсіретіп, рухани деңгейін түсіріп, білімінің өрісін тарылтып отырмақ. Сондықтан да, қазақ баласын тәрбиелеуде оған діннің тағылымын үйреткен, қазақтың тарихында рухани құндылықтар, ұлттың салт-санасы, діннің тағылымымен үйлестіріп отырған.

Ал дінді бұрмалау, оны қате түсіну, дінді әлсірету адам баласының басты қателігі. Ислам әлемінің ғұламалары, қазақ ойшылдары дінді қорғау адамның өзін қорғауы, елін қорғау деп түсінген және түсіндірген. Дінді қорғау үшін діннің беделін сақтау – парыз. Ата-бабаларымыз ұрпақ алдында дін мен діни тұлғалардың беделін де қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырды. Ендеше, елдегі бірлік пен татулықты сақтау, одан әрі нығайту – ортақ парыз, абыройлы міндет!

Ең бастысы байлығымыз бен бақытымыз болған Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз қажет.


Асқар Мұқанов, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы

 




Көрілген: 810    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.08.2018, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31