Ислам діні

Дінге қатысты заңнамалар жетілдіруді қажет етеді

  • Дінге қатысты заңнамалар жетілдіруді қажет етеді

    Дінге қатысты заңнамалар жетілдіруді қажет етеді

Тышхан К.

ЕҰУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі

Философия ғылымдарының кандидаты, Дінтанушы


Қазіргі Қазақстан қоғамы үшін ең өзекті тақырыптардың бірі – дін тақырыбы. Әлеуметтік желілерде де ақпарат құралдарында да дін, діни ұстаным, діннің қағидалары, діндарлардың уағыздары т.б. жиі талқылауға түсіп, азаматтар арасында қызу пікірталас тудырып жатады. Бұған теріс діни ағым жақтаушыларының пікірлерін қосыңыз. Бұл, дінге әлі де бетбұрыс қарқынды жүріп жатқан елімізде мүмкін орынды құбылыс та шығар. Дегенмен, осы қарбалас заманда діннің, діни ағымдардың, әртүрлі деңдейдегі діндарлардың орнын айқындау, дін мен саясаттың ара-жігін ажырату, мемлекеттің өзіндік ұстанымдарын нақты бекіту қажеттілігін тудырып отыр.

Соңғы жылдары радикалды топтардың белсенділігі артып, халықаралық экстремистік ұйымдардың елімізде де бас көрсетуі еліміздегі дінге қатысты заңнамалардың әлі де жетілдірілуін қажет ететіндігін көрсеткендей. Бұл діни қызмет саласын қазірден бастап мемлекеттік мекемелер қатаң қадағалап, өз уақытында реттемейтін болса оның зардабының орасан болатындығын көрсетті. Сол себепті зайырлы мемлекетке тән, барлық азаматтық қоғам мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғай алатындай заңнамалық тетіктерді қалыптастыру біздің қоғам үшін алдыңғы қатарлы мәселе. Оның үстіне діннің біртұтатас бағытта қалыптаспауы, діни ұйымдар мен топтардың арасындағы зайырлылық қағидаттарына байланысты төзімсіздіктің артуы, халық арасындағы ауызбіршілікке сызат салуы сияқты мәселелердің де туындап жатуы осындай қадамдарға жетелеп отырғандай.

Бұл алдыңғы қабылданған заңдар мен нормалардың барлығы қазіргі шарттарға жарамсыз болып қалды деген сөз емес. Тек сол талаптардың толықтырылуы, сол нормалардың жетілдірілуі деген сөз. Бірақ, талаптар айқындалып келеді. Діни уағыз, жүріс-тұрыс, киім нормаларына дейін қамтылған жаңа толықтыруларда мемлекеттік ұстаным барынша айқындалып, талаптар нақтыланып келеді деуге болады.

Осыған байланысты өткен жылдың күзінен бастап дін туралы заңдарға өзгерістер енгізілуге ұсыныстар әзірленіп, қоғам талқысына түсуде. Сан алуан ұсыныс айтылып, кейбір ұсыныстар жағдайда діннің атын жамылған әртүрлі топтар мен ұйымдар да барынша араздықты қоздыруға талпыныс жасап жатқаны да жасырын емес. Мемлекеттік ұстанымдар мен діндарлардың сезімін қарсы қою арқылы ұпай түгендеу, қажет болған жағдайда үлкен жаңғырық тудыру аталмыш топтардың басты көздегені екендігін көзі қарақты адам түсінсе керек.

Аса жоғары қарқынмен өзгеріске түсіп отырған еліміздегі діни ахуал да мемлекеттің дін туралы заңдары мен құқықтық актілеріне жиі толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажеттілігін сездіруде. Осы орайда елімізде 2011 жылы 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңның орнына «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы жаңа заң қабылданған болатын. Алайда, заңдарды өзгертуге, қайта бекітуге болады деген түсінікпен орынсыз, қоғамда басқа да нәтижелерге итермелейтін немесе бірнеше жылдан кейін тағы да нақтылауды я болмаса өзгертуді талап ететін қағидаларды енгізуге болмайды. Бұл өз кезегінде діндарлар тарапынан да үлкен қарсылықтардың туындауына түрткі болуы мүмкін. Екінші жағынан мемлекеттік нақты ұстанымдарына да нұқсан келтірері сөзсіз. Сондықтан қазіргі заңға ұсынылып жатқан өзгертулер мен толықтырулар әбден сараланып, талқыланып барып қабылдануы қажет екендігі түсінікті.

Мәселен, арнайы құзырлы мекеменің рұқсатынсыз діни рәсім арқылы некені қию немесе бұзуға қатысты толықтыру да орынсыз деп табылған. Бұл орынды шешім деуге болады. Себебі, зайырлы мемлекеттің заңнамалары үшін діни рәсім арқылы жасалған әрекеттердің салмағы қаншалықты маңызды деген бірінші сұрақ болса, екіншіден қандай да бір діннің канондары бойынша берілген рұқсатты заңмен реттеуге, тыюға тырысу қаншалықты дұрыс деген екінші сұрақ туындайды. Сондықтан бұл мәселені де заң жобасынан алып тастау өте орынды қадам болды деуге болады.

Сонымен қатар «екпе мәселесі» де аз айқай болған жоқ. Оның негізгі проблемаларын қарастыра келе, екпеге қарсылықтың түпкі себебінде діни сеніммен қатар, басқа да әлеуметтік жағдайлар бар екендігі анықталып, екпені міндеттеу немесе қандай да бір салдарына қатысты ата-ананы жауапты қылу сияқты талаптар да алынып тасталды.

Дегенмен, еліміз үшін аса қажетті талаптар мен қағидаттар баршылық. Заңнамалық өзгерістердің басты көздегені діни экстремизм мен радикализмнің таралуының алдын алуға бағытталып отырғаны жасырын емес. Сондықтан, шет елде діни білім алу мәселесі, он алты жасқа толмаған жасөспірімдердің діни рәсімдерге тарту мәселесі, қоғамдық орындарда адамды тануға кедергі келтіретін киім үлгілерін киіп жүру т.б. да көптеген азаматтарды толғандырған мәселелерге қатысты ұсыныстар қамтылған.

Оның үстіне қазіргі Қазақстан демократиялық қағидаларды басты құндылық санағандықтан діни сенім бостандығын, діни әралуандықты шектейтін шешім шығара алмайды. Егер діни сенімге тиым салу мүмкін болмаса, онда ол саланы мемлекет өз қолымен реттеп отыру керек. Бұл қазіргі қоғамның, заманның талабы. Әркім уағыз айтып, әртүрлі топтар қалауынша таралып, діннің атынан қан төгетін деңгейге жеткен саланы өз бетінше қалдыру дегеніміз, мемлекеттің тәуелсіздігіне төнетін қауіпті жақындату болар еді.

Осы қажеттілікке байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тарапынан ұсынылған заңға енгізілетін өзгерістер бір жақты бұйрық түрінде емес, жан-жақты талқылау түрінде өте ұзақ уақыт қаралды. Олай болатыны егер орынсыз талаптар орын алған жағдайда әлемдік қауымдастыққа белгілі дәрежеде беделге ие болған елімізге тағылар айып пен айтылар сын да аз болмасы анық. Сондықтан, аталмыш министрлік бұл өзгерістер мен толықтаруларды сан мәрте қарап, сан алуан ортада, діни бірлестік өкілдерімен бас қоса отырып сын талқысына салды.

Қорыта келгенде, елімізде ондаған діни ағымдар мен жүздеген діни бірлестіктер бар. Олардың барлығының діни сенімдері мен қағидаларын қанағаттандырарлық заң қабылдау мүмкін болмасы анық. Ондай заң әлемде ешбір елде жоқ. Оның үстіне таласты жағдай туындаған жағдайда, зайырлы елдерде, әрқашан соңғы шешім мемлекеттің құқықтық нормаларына негізделетіндігін саналы адам түсінуі тиіс. Бұл қандай да бір діннің адам жүрегіндегі құндылығына қарсы қадам емес, мемлекеттің азаматтарды ортақ талаптарға бағындыруы деп түсінген абзал.

 




Көрілген: 1293    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31