Дінімізде ақ шашты неліктен жұлуға болмайтыны айтылған

Дінімізде ақ шашты неліктен жұлуға болмайтыны айтылған

Ханафи мәзхабында әдемі көріну үшін болмаса, аз көлемде (бір-екі тал) ақ шашты жұлудың ағаттығы жоқ. Көп мөлшердегі ақ шашты жұлу – мәкруһ.
Алайда, дін ғұламаларының басым көпшілігі аз да болса, көп те болса ақ шашты жұлуды мәкруһ санайды. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген:
«Ақ шашты жұлмаңдар. Шынында ол – мұсылманның нұры. Кімнің Ислам жолында бір тал шашы ағарған болса, Алла тағала сол бір тал шашы үшін оған сауап жазып, сол бір тал шашы себепті оның қателіктерін кешіреді. Және соның арқасында дәрежесін көтеріп қояды».

Сақалына ақ түскен ең алғашқы кісі – Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) екен. Сақалындағы ақты көрген пайғамбар Раббысына:

– Бұл не, Раббым? – деп сұрайды.

– Бұл – салмақтылықтың белгісі, Ибраһим, – деп жауап береді Жаратқан Алла. Сонда Ибраһим Халилулла:

– Уа Раббым, олай болса, менің салмақтылығымды арттыра гөр – деп тілек білдірген екен.

Осы риуаяттың арапша мәтініндегі «уәқаар- وَقَارٌ » сөзіне ғалымдар: «ақыл тоқтатып, әр ісінде қырағы болу» деп түсініктеме берген.

Ендеше, Исламда шаш-сақалға ақтың түсуін бір сөзбен айтқанда: ақыл тоқтатқандықтың белгісі деп түсіндіреді. Бұл қымсынатын нәрсе емес. Шашыңызда пайда болған ақ шаштарды жұлғаннан гөрі, қына секілді табиғи шаш бояу қолданған абзал. Оның үстіне, ақ шашты жұлған сайын көбейетіні мәлім.

Дегенмен де, жастарда, әсіресе бозбала шағында не одан да жас кезде ақ шаштың пайда болуы – денедегі организмнің бұзылуының көрсеткіші дейді медицинада. Мұндай жағдайда арнайы трихолог маманға көрінген дұрыс, деп жазады islam.kz.

Абдусамат Қасым 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста