Домбыра тарту күнә емес дегенге дәлел бар ма?

Домбыра тарту күнә емес дегенге дәлел бар ма?

1.Сұрақ: Әссәләмуғалейкум уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын. Менің сауалым мынадай: әйелім өнер колледжін тәмәмдап, ұлттық аспаптар ішінен домбыраны тартады. Қазір жұмыссыз. Бес уақыт намазын оқиды. Енді, сол мамандық бойынша жұмыс істей ала ма? Жалпы, апаптармен үйде өзі тартуының шариғатымызда үкімі қандай?

Руслан.

2. Сұрақ: Әссәләмуғалейкум! Сұрайын дегенім, домбыра тартудың харам еместігін нақты көрсететін дәлел болса, айтыңыздаршы! Әлсіз де болса, айтылған бар ма?

Дәурен

3. Сұрақ: Әссәләмуғалейкум! Домбыра тартуға бола ма?

Акимова Мәлика

4. Әссәләмуғалейкум қыздарым домбыраға қатысатын еді. Ал, ұлым гитараға. Шариғатқа қайшы емес пе?

Лейлә.

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Домбыраға байланысты айтар болсақ, деректерде Шафиғи ғұламасы Имам Харамейн өзінің «ән-Ниһаятуль Матлаб...» атты үлкен еңбегінде былай дегендігі айтылады:

«Сенімді тарихшылардан жеткен дерек бойынша, сахаба Абдулла ибн Зүбәйрдің «лютня»* (немесе «уд») аспабында ойнайтын үш күңі бар еді...»[1].

Осындағы "лютня" сөзі - домбыраға ұқсас шертпелі музыка аспабын білдіреді. Арапшасы - عود/уд. Оның шанағы домбыраға, ал, мойны қобыздың кежегесіне ұқсас келеді. Аталмыш дерекке қарай, домбыраны харам дегеннен гөрі, халал деген дұрыс. Аллаһу аълям.

Жалпы алғанда, ән тыңдау мен музыкалық аспаптарда ойнау мәселесі сонау ерте заманнан бері жалғасып келе жатқан дау-дамайлардың бірі. Әлі күнге шейін күн тәртібінен түспей келе жатқан тақырып. Музыкалық аспаптарда ойнауды ертеректе өмір сүрген Ислам ғалымдарының көпшілігі харамға шығарып, мүлдем болмайды десе, бір сыпырасы рұқсат берген. Осы соңғыларының арасында абыройы асқақтаған беделді ғұламалар да бар.

Енді, мұнша дау, таластың тууына себеп болған не нәрсе? Әрине, себеп - екінші топтағы ғалымдардың нәпсіқұмарлығы немесе тақуалықтарының аздығы емес. Харамдығын көрсететін нақты бұлтартпас дәлелдің жоқтығы. Бұған қоса, кейбір сахабалар мен табиғиндердің ән тыңдап, тіпті кейбірі кей музыкалық асбапты құп көргендігін білдірген базы риуаяттарды атасақ болады.

Ал, музыка аспаптардың харамдығы айтылған «Сахих Бухари» мен Тирмизидің «Сүнәнінда» (Хадис кітабы) келтірілген риуаяттар, «ән-күйді» рұқсат санаған ғалымдар тарапынан (оның ішінде хадис майталмандары да бар) «әлсіз» деп танылып: «харам! деп, кесіп айтуға болатындай нақты емес» - делінген. Әсіресе, «Сахих Бухарида» келтірілген хадис «мунқатиъ» дәрежесінде екендігі анықталған[2].

Əйткенмен, «әннің де естісі бар, есері бар» демекші, шахуатты оятатын, адамды азғындыққа баулитын т.б. есер әндерді шырқап, оларды тыңдау харам екендігінде ғалымдар арасында дау жоқ. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

[1] Имам Шәукәнидің «әл-Фатхур Раббани мин фәтәуәль Имәм әш-Шәукәни», 5206 бет.
[2]Толық Имам Шәукәнидің «әл-Фатхур Раббани мин фәтәуәль Имәм әш-Шәукәни» атты еңбегінен оқи аласыз.

Абдусамат Қасым

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста