Дұға тілегенде нені сұрап, нені сұрамау керек?

Дұға тілегенде нені сұрап, нені сұрамау керек?

Дұғаның әдебі

Муаз ибн Жәбәл әңгімелейді: «Бір кісі: «Аллаһым, маған сабыр бере гөр!» – деп дұға жасап отырған-ды. Алла елшісі (с.а.у.) әлгінің қасына келіп:

– Алладан басыңа бәле мен қиыншылық тілеп отырсың. Одан да деніңе саулық тілесеңші, – деді. Алла елшісі тағы бір күні: “Аллаһым, сенің барлық нығметтеріңді тілеймін”, – деп дұға етіп отырған біреуді көріп, оған да былайша ескерту жасады:

– Ей, адамзат! Сен барлық нығметтердің не екенін білесің бе өзі? Әлгі кісі:

– Уа, Расулаллаһ! Бұлай дұға ету арқылы тұрмысымды оңдап алғым келеді және рухани жетілуімді ойлап отырмын, – деді. Пағамбарымыз:

– Жәннатқа кіру мен тозақтан құтылудың өзі үлкен нығмет қой, – деді оған.

 

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бірде: «Ей, ұлы Аллаһым! Ей, сыйлығы мол Аллаһым!» – деп отырған біреуді көріп:

– Әрмен қарай жалғастыра бер. Алла бұл дұғаңды қабыл етеді, – деді».

Бәшир ибн Хасасияның әңгімесі: «Алла расулының (с.а.у.):

– Сені Рабиәтүл-Қашамнан Алла елшісінің алдына әкеліп, иман нұрымен нұрландырған Аллаға мадақ, – дегенін естіп:

– Ей, Расулаллаһ! Дұға етші, менің жанымды сенен бұрын алсын, – дедім. Алла елшісі:

– Мұндай дұғаны ешқашан, ешкімге тілемеймін, – деді».

Дұға жасағанда қолды жайып жоғары көтеру және дұға жасап болған соң бетті сипау
Омар (р.а.) былай дейді: "Алла елшісі (с.а.у.) дұға тілегенде, қолын жайып жоғары көтеретін және дұғасын бітірген соң, бетін сипайтын". Айша (р.а) анамыз: «Алла расулы дұға жасағанда, екі қолын жоғары көтеретін. Тіпті кейде ұзақ уақыт қолын түсірмейтін. Мұндай кезде мен зерігіп кететінмін».

Жамағат ішінде дауыстап дұға ету және жамағаттың бұл дұғаны қостап «әмин» деуі
Жами ибн Шәддад әңгімесі бойынша: «Омардың (р.а.) былай айтқанын естіген едім:

– Қазір сендерге үш сөз айтамын. Әр сөзімнен кейін «әмин» деп отырыңыздар. Уа, Алла! Мен әлсіз, дәрменсіз құлмын. Маған күш-қуат бер. Аллаһым! Мен қатыгез, дөрекі біреумін. Менің жүрегімді жұмсарта гөр. Аллаһым! Сондай-ақ мен сараңмын да. Мені жомарт қыла гөр!»

Нұғман ибн Муқаррин (р.а.) айтады: «Мен қазір Аллаға дұға етемін. Осы дұғама барлығыңыз міндетті түрде «әмин» дейсіздер: Уа, Алла! Бүгін мұсылмандардың жеңіске жетуі үшін Нұғманды шейіт қыл. Оларды жеңіске жеткіз».

Тақуа, діндар кісілердің батасын алу

Омар (р.а.) былай дейді: «Ұмра қажылығын жасау үшін Пайғамбарымыздан рұқсат сұраған едім. Маған рұқсат еткеннен кейін:

– Бауырым, дұға еткенде, бізді де ұмыт қалдырма, – деді. Осы сәттегі қуанышымды тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Бүкіл дүниені уысыма салса, дәл бұлай қуанбайтын шығармын».

Бүрәйда (р.а.) әңгімелейді: «Бір күні Алла елшісі сахабаларымен бір жаққа қарай бет алған болатын. Жолда күйіп тұрған құмның үстінде аласұрып, жүгіріп жүрген адамға кездеседі. Ол:

– Әй, жалқау нәпсі! Күндіз отырудан, ал түнде ұйықтаудан жалықпайсың. Осы түріңмен жаннаттан дәмеленесің, – деп өз-өзіне сөйлеп жүр екен. Бұл істі күнделікті әдетіне айналдырып алған әлгі кісі біздің қасымызға келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жүзін бізге бұрып:

– Мына бауырларыңның батасын алыңдар, – деді. Біз дереу оны:

– Алла саған мейрімін төксін. Біз үшін дұға етші, – деп қолқалай жөнелдік. Ол бізге:

– Уа, Алла! Олардың барлық істеріне туралық бер, – деп дұға етті. Біз дұғасын әрмен қарай жалғастыруын сұрап едік, ол тағы да:

– Аллаһым! Олардың тілдеріне тақуалықты нәсіп ет, – деді. Пайғамбарымыздың өзі келіп (с.а.у.):

– Тағы да дұға ет, – деді. Ол:

– Аллаһым! Пайғамбарыңды мақсатына жеткіз. Олардың барар жері жәннат болсын!, – деп аяқтады».

Адасып жүрген күнәһарлар үшін дұға ету

Язид ибн Әсам әңгімелейді: «Шам шаһарында күнкөрісі төмен бір кісі бар еді. Анда-санда Омарға (р.а.) соғып кетіп жүретін. Бірде ұзақ уақыт қарасын көрсетпей қойды. Омар уайымдай бастады. Қасындағы кісілерден:

– Пәленшенің ұлы түгеншені көрдіңдер ме? Жағдайы қалай екен? – деп сұрады.

– Ол кісі ішімдікке салынып кетіпті – деді. Хазірет Омар дереу хатшысын шақыртып алып:

– Жаз, – деп бұйырды, – Омар ибн Хаттабтан пәленше ұлы түгеншеге. Сәлем саған. Өзінен басқа тәңір жоқ, күнәларды кешіруші, тәубелерді қабыл етуші, алайда жазасы да тым қатты ұлы Аллаға мадақ және дұға айтамын. Одан өзге тәңір жоқ. Бәріміздің айналып барар жеріміз – Оның құзыры.

Сөйтті де, Омар (р.а.) жанындағыларға дауыстап:

– Бауырларыңыздың шын жүрегімен Аллаға қайтуы және Алланың оның тәубесін қабыл етуі үшін барлығыңыз дұға етіңіздер, – деді. Омардың (р.а.) хатын алған әлгі кісі:

– Күнәларды кешіруші, тәубені қабыл етуші, сондай-ақ адам айтқысыз азаппен... Яғни Омар мені Алланың жазасымен қорқытып, Оның тым кешірімшілдігімен менің үмітімді оятқысы келгені ғой, – деді өз-өзіне. Омар (р.а.) кейін бұл адамның ішімдікті тастап тәубесіне келгенін естігенде:

– Бір мұсылман бауырыңыз жолдан тайып, адасқанда, осылай дұға етіңіздер. Оны түзетудің амалын ойластырыңыздар. Алланың кешірімшіл екендігін есіне салып, тәубесіне келуі үшін Аллаға дұға етіңіздер. Керісінше, одан әрі құлдырап, адаспауы үшін шайтанға жәрдемдесуші болмаңыздар, – деді».

Дұғаны қалай бастау керек?

Сәләм ибн Ақуа әл-Әсләми (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Сүбханә Раббиәл-Алиил-Ағлал-Уәһһаб», – деп айтпай тұрып, дұға еткенін естіген емеспін».

Фәдәла ибн Убәйд айтады: «Бір кісі ішке кіріп, намаз оқыды. Расул Әкрам (с.а.у.) да сол жерде болатын. Әлгі кісі намазын оқып болып, былайша дұға жасады: «Ей, Алла! Мені кешір. Рақымыңды түсір». Пайғамбарымыз:

– Асығыстық жасадың. Есіңде болсын, намазды бітірген соң, алдымен Аллаға жақсылап шүкіршілік етіп мадақ (хамд-сәна) айтуың керек. Содан маған салауат келтіргеннен кейін, Алладан қалағаныңды сұрай беруіңе болады, – деді. Біраздан кейін тағы біреуі келіп, намаз оқыған соң Аллағқа мадақ айтты. Артынан Пайғамбарға (с.а.у.) салауат айтты. Алла елшісі ол кісіге бұрылып, былайша тіл қатты:

– Ей, Алланың құлы! Енді Алладан қалағаныңды тілей бер. Дұғаң қабыл болады».

Алла елшісінің (с.а.у.) үмметіне дұғасы

Абдуллаһ ибн Амр әңгімелейді: «Расул Әкрам (с.а.у.) Ибраһимнің (а.с.): «Ей, Раббым! Олар талай адамды жолдан тайдырды» (14/36) деген сөзі мен хазірет Исаның (а.с.): «Егер оларды азаптайтын болсаң, олар да сенің құлдарың» (Мәидә 5/118) деген дұғасын оқығаннан кейін екі қолын жоғары көтеріп: «Ей, Алла! Үмбетімді қалаймын. Аллаһым! Үмбетімді қалаймын. Аллаһым, Үмбетімді қалаймын», – деп дұға етіп, көз жасына ерік берді. Алла тағала: «Ей, Жәбірейіл! Мұхаммедке баршы. Не үшін жылап отырғанын білші», – деді. Жәбірәйіл Әмин келіп, Пайғамбарымыздан не үшін жылап отырғанын сұрады. Алла расулы жылау себебін айтқан кезде, Алла тағала Жәбірейілге: «Мұхаммедке барып айт. Үмбеті үшін уайым жемесін. Оны сөзсіз шаттыққа бөлейміз».

 islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста