Дүниедегі ең қайырлы іс

Дүниедегі ең қайырлы іс

Ең қайырлы істер:

Жаратқан Иеміз мұсылмандарға жетімдерге қарасуды, оларды аялауды, ескеруді және білім беріп, кәсіп үйретуді бұйырады: «Оларға айт: Жетімдерді ислах ету (оларға жақсы тәрбие беріп, пайдалы адамдарға айналдыру) хайырлы. Ал, олармен бірге өмір сүрсеңдер, онда, олар сендердің бауырларың» (Бақара сүресі, 220-аят). Құрбан айт қарсаңында еліміздегі мешіттер жетімдерге көмектесіп, өте үлкен қайырымдылық шараларын жасап, көпшілікке сабақ болар істер атқарды. Қалталы азаматтар да өз тараптарынан қаржылай көмектерін аяп қалмағанын баса айтқан жөн. Жетімдерге қайырымдылық жасау тек Рамазан айы мен Құрбан айттың көрінісі болып қалмауы қажет. Балалар үйіне, мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, жетімдер үйіне барып, аз да болса тәтті тамақ апарып, киім-кешек беру арқылы екі сауап алуға болады. «Ендеше жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме» делінген «Зуха» сүресінің 9-10 аяттарында. Сахл ибн Саъд (р.а.), Алла Елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізген екен: «Мен Жәннатта жетімді асырағанмен мынадай бірге боламын», - деп, сұқ саусағы мен одан кейінгі саусағының арасын ашып көрсеткен екен (Бухари). Ендеше, Пайғамбарымыздың (ﷺ) жанында болуды аңсаған әрбір жан, жетімге қамқор болып, мүмкіндігі болса өз балаларымен қатар асырап, өсіріп, аяққа тұрғызғаны абзал.

Амалды қайырлы ететін не?

Алла Тағала: «Раббың: «Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!» деген. Жер бетінде қанша тіршілік болса, соның барлығы да Аллаға иіліп, құлшылық етіп тұрады. Әрбір істеген амал ынта-жігермен жасалғаны абзал. Шын ықыласпен істелеген істе береке бар. «...Және өздерің үшін, алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар...» (Мүзәмміл сүресі, 20 аят) деген Құран сөзінен әрбір істеген амалымызды зор ықыласпен, адал жүрекпен Алла ризашылығы үшін істесек, Алланың шапағатына ілінуге болатынын түсінуге болады. Абу Хурайра Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген: «Расында Алла Тағала айтты: «Егер құлым Маған бір алақан жақындаса, Мен оған бір білек жақындаймын, егер ол Маған бір білек жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын, ал егер ол Маған ақырын жүрсе, онда Мен оған қарай жүгіре жөнелемін» деген хадис жеткен (Бухари).

Аллаға құлышылық неден басталады?

Аллаға құлшылық жүректен басталады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы да, құлшылықтың бір ұшқыны ғана іспеттес. Жүректегі иманды күшейтіп, бес парызды орындап, мінезді көркейту Жаратқан Иемізге деген құлшылықтың шынар шеңіне жеткізеді. Мінезді көркем ету, күнәлі істерге апарушы бойдағы барлық жаман мінездерден ада болу. Тәкәппарлық, іштарлық, қызғаншақтық, істің мән-жайына қарамай өзінше әрекет ету, сабырсыздық, ашушаңдық т.с.с. керітартпа мәнездер бес парызды орындауға да садақа беруге де жетім түгілі өз туғаныңа бауырмал болуға да кедергісін тигізуі мүмкін. Алла қандай көркем түр берсе, сондай көркем мінезді болуға тырысу қажет. Ибн аль-Қъайим: «Барлық күнәнің үш негізі бар: тәкаппарлық – Ібілісті ең төменгі дәрежеге жеткізді; құлақ аспай талпыну – Адам алейхиссаламды Жұмақтан шегерді; көре алмаушылық – Адам алейхиссаламның ұлын өз бауырына қастандық жасауына итермеледі. Осы үш қасиеттен қорғанатын адам қастандық, сенімсіздік пен тәкаппарлықтан ада болады»,- деген.

Абдрахманов Ысқақ Рахымбекұлы
Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы

ihsan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста