Ислам діні

Екі рет үйленген кісі пейішке барса, қайсысымен бірге болады?

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Пайғамбарымыздың жұбайы Үмму Сәләмә бір күні Пайғамбардан (с.ғ.с.):


– Уа, Алла Елшісі! Кейбір әйелдер осы дүниеде екі рет, үш рет, тіпті төрт рет тұрмысқа шығып жатады. Олар өлгеннен кейін онымен бірге бәрі жәннатқа кірсе, олардың қайсысы оның жұбайы болмақ?- деп сұрайды.


– Үмму Сәләмә, оған таңдау еркіндігі беріледі. Ол арасындағы ең әдептісін таңдайды да Жаратушы Иеге: «Уа, Раббым! Мына кісі өткен дүниеде күйеулерімнің ішінде ең әдептісі еді. Мені соған қоса гөр!», – деп тілейді. Уа, Үмму Сәләмә! Көркем мінезді адам екі дүние жақсылығын алмақ[1].


Осы хадиске орай, күйеуі қайтыс болып, екінші ерге шыққан әйел, егер өзімен қоса, бұ дүниедегі күйеулері де пейіштік болған болса, әйелге таңдау еркіндігі беріледі.


Әйткенмен, «ең соңғы мәрте қайсысымен тұрмыс құрған болса, сол ерімен (ол да пейішке кірсе) бірге болмақ» дегендер бар. Өйткені, сахаба Хузайфа өзінің жарына: «Пейіште де менің жарым болғың келсе, менен кейін басқаға тұрмысқа шықпа. Шынында, әйел бұ дүниеде соңғы рет кіммен тұрмыс құрған болса, сол ерімен бірге пейіште болады...»[2], - дегендігі хадис кітаптарында келтірілген. 


Ал, бірінші жары қайтыс болып, екінші рет үйленген ер кісі (екі зайыбының ешбірі бұрын тұрмыста болмаған болса), пейішке кірген жағдайда екеуін де өзіне жар етіп алады деуге негіз бар. Өйткені, Құран Кәрімде: «Сендер де, жұбайларың да жәннәтқа кіріңдер! (Жәннәтта) Сендер шаттыққа бөленесіңдер!»[3], - делінген. 


muslim.kz




Көрілген: 1975    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.03.2018, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман
    15 Наурыз, 11:17
    Қабір өмірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31