Ислам діні

Елбасы бастамасы және болашаққа бағдар

  • Елбасы бастамасы және болашаққа бағдар

    Елбасы бастамасы және болашаққа бағдар

Әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылудың алғышарттарына алғашқы кезекте қоғамда бірліктің болуы және халықтың әл-ауқатының жоғары болуы екені айтпаса да айқын. Мемлекетіміз егемендік алған жылдардан бері ел бірлігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан бірқатар кешенді іс-шаралардың куәсі болудамыз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазіргі әлемде заманның өзгерістеріне сай жаңғыру адамзаттың алдында тұрғанын өзекті мәселе ретінде көрсетеді. Демек, жаңа жаһандық үрдістердің талабына дайын болу қоғам өміршеңдігінің кепілі екені анық.

Бұдан ертерек аталған межеге жету жолдарын ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында көрсеткен еді. Онда «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» мәселелерін кезең-кезеңімен орындау арқылы мемлекет дамуы жүзеге асыру жолдары көрсетілген. Ал, ағымдағы жылдың 10-қаңтарында Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерінің» 10 басым бағыттын атап, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған.

Бұл үшін халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру керек екендігі туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа үндеу жолдап, бес әлеуметтік бастамасымен таныстырды.

Еліміздегі әр отбасының баспанаға қолжеткізуін қамтамасыз етуге арналған Бірінші бастама бұқара халықтың ойынан шығып, қызу қолдауына ие болуда. Әрине, «үйі жоқтың де күйі жоқ». Осыдан да болар, Елбасымыздың игі бастамасы бүгінде бүкіл қазақ қоғамына сүйінші хабардай естіліп, көңілдерге қуаныш ұялатуда.

Президент «екінші бастама ретінде салық ауыртпалығын 10 пайыздан 1 пайызға азайту, салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың әлеуметтік салығын 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап 10 пайыздан 1 пайызға азайтуды ұсынамын» деп атап көрсетті.

Елбасы бұған қоса үшінші бастама ретінде жоғары білімге қолжетімділікті арттыру және оның сапасын көтерумен қатар, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту қажеттілігін ерекше атап өтті. Президент жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керектігін және оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болатынын мәлімдеді. Әсіресе, колледждер мен университеттер 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу сынды тың бастамалар төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын көптеген жаңа маманды даярлауға мүмкіндік беретіні анық.

Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік беріп қана қоймай, халқымыздың білімді, көкірегі ояу, бәсекелік қаблетті жаһандық нарықта бағасы бар, сапасы жағынан өзгелерден ұтымды дүние ұсына алатын біртұтас халық ретінде қалыптасуымызға септігін тигізері ақиқат. Бұл туралы Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да атап айтқан болатын.

Елбасы «бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуінде «Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын» деген зор үмітпен сөз бастады. Бұл халыққа деген сенім алдыға қойған міндеттердің жүзеге асырылуына, елдің келешегі кемел, жарқын болуына және жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болуға негіз болары сөзсіз.

Қазақстан халқының кемел келешегі үшін келелі жоспарлар құрып, кемеңгерлікпен алға бастаған Елбасы жолдауы – еліміздің дамуына тың серпіліс әкелері сөзсіз. Әсіресе, мемлекет басшысы білім-ғылым саласын дамытуға ерекше көңіл бөлгені көп нәрсені аңғартады. Қасиетті Құран Кәрімнің «Зүмәр» сүресінде «білгендер мен білмегендер тең бола ма?!» деп ашық көрсеткеніндей, білім-ғылымды бағалай білген елдің бағындырар биігі көп болары ақиқат. Тек сол күні бірлігіміз жарасқан бір атаның баласындай ұйымшылдықпен жетуге жазсын!


Қуат ЕРҒАЛИҰЛЫ,

«Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы


 




Көрілген: 985    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.03.2018, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30