Ислам діні

Енді имамдар ерлі-зайыптыларды татуластыру қызметін қоса атқарады

  • Енді имамдар ерлі-зайыптыларды татуластыру қызметін қоса атқарады

    Енді имамдар ерлі-зайыптыларды татуластыру қызметін қоса атқарады

Атырауда дін өкілдері мен судьялар ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Енді атыраулық дін өкілдері медиатордың рөлін де қоса атқаратын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі




Имамдар мемлекеттен тегін баспана алады

Атырау облысы сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов "Иманғали" мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров пен "Успен соборы" православиелік шіркеуінің протоиерейі Александр Козулевпен кездесті.


Бектұрғанов кездесуде тұрмыстық дауласу көрсеткішінің жоғарылап бара жатқандығын, сәйкесінше ажырасудың көбейгендігін айтты.


"Дәстүрлі діндердің ұлттық бірлікті қалыптастыруда және ұлттық моральдық денсаулықты қамтамасыз етуде атқаратын рөлі зор. Өткен замандарда бейбіт өркениеттерде даулар данагөйлер, мешіт және ғибадатхана өкілдерінің көмегімен шешіліп отырған. Біздің мақсатымыз татуластыру тәжірибесін қайта қалыптастыру", — деп атап өтті ол.


Дін саласы өкілдері медиация тәжірибесін дін мекемелерінде кеңірек насихаттау туралы бастаманы қолдады.


Тағы оқыңыз: Ресейлік имамдар қазақ тілін үйреніп жатыр


"Медиация институты үлкен маңызға ие. Қай кезеңде де медиация қоғамның дамуын қамтамасыз етіп отырды. Бүгінгі медиация кешегі билер институтының заңды жалғасы. Исламның өзі тұрақтылықты, бірлікті ту еткен дін. Әдетте, мешітке өзара түсінбеушілік, отбасылық жанжал мәселесі бойынша кеңес сұрап келіп жататын азаматтар бар. Ынтымақтастық туралы меморандум соттың, сонымен бірге, дін саласының жұмысын жаңа деңгейге көтеретініне сенім мол", — деді өз кезегінде Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.


Меморандум аясында медиация және татуластыру рәсімдері бойынша бірлескен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының жоспары жүзеге асырылады.

 




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

сенбі, 25.08.2018, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31