Ислам діні

Ер адамға ақ алтыннан сақина тағуға бола ма?

  • Ер адамға ақ алтыннан сақина тағуға бола ма?

    Ер адамға ақ алтыннан сақина тағуға бола ма?

Ассалаумағалейкум! Сіздерге мынадай сұрағым бар, еркектерге алтыннан жасалған бұйым тағуға болмайтынын білемін. Бірақ ақ алтыннан жасалған жүзікті тағу бола ма, соны білгім келеді. Немесе басқа қымбат металдан жасалғанын. Құрметпен, Ерлан

Уағалейкумассалам!


Ия, өзіңіз айтқандай асыл дінімізде ер адамдарға алтыннан жасалған әшекей бұйымдар тағуға тыйым салынған. Бұл турасында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «إِنَّ هَذَيْنِ مُحَرَّمٌ عَلَى ذُكُورِ أُمَّتِي حِلٌّ لِإِنَاثِهِمْ (Расында, бұл екеуі[1] үмметімнің еркектеріне – харам, әйелдеріне –халал)»,[2] – деген хадисін басшылыққа аламыз.

Ал, енді сіз айтқан ақ алтын туралы айтар болсақ, «ақ алтын» деп адамдар кейде таза платинаны (Platinum) айтып жатады. Егер солай болған жағдайда, оны тағудың еш тыйымы жоқ.

Хадисте тыйым салған алтын – сары алтын. Ол – адамдар арасында белгілі, ол химиялық элементтер кестесінде 79-шы орында орналасқан. Ал, платина болса 78-ші металл. Екі түрлі заттың атауының ортақтығы, заттарының да ортақ болуын қажет етпейді. +


Дегенмен, тағы бір ескеретін жайт: зергерлер арасында платина мен ақ алтынның айылмашылығы бар. Олар ақ алтын деп – сары алтынның платинамен немесе никельмен араласқан қоспасын айтады. Егер ақ алтын деп осы қоспа меңзелсе, онда бұл металдың айналасында ғалымдардың пікірі де екіге айырылады. Дегенмен, жоғарыдағы хадиске сүйене отырып, ер адам үшін оны тақпай-ақ қойғанын жөн деп білеміз. Ең дұрысын Алла біледі.

Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы




 




Көрілген: 775    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман
    15 Наурыз, 11:17
    Қабір өмірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31