Ислам діні

Ер мен әйелдің міндеттері

  • © ihsan.kz

    © ihsan.kz

Жанұя мемлекеттікті құрайтын үлкен тетіктердің бірі.Отбасын құру әрбір ер мен әйел үшін сүннет амал. Халқымызда «Бас екеу болмай ,мал екеу болмас» деген нақыл бар.


Жар таңдау үшін мына хадиске назар аударыңыз: Пайғамбарымыз с.а.с: «Ақиқатта адам үйленген кезде үш түрлі ниетпен үйленеді. Біріншісі имандылығы, тәрбиелігі. Мінез-құлқы және парасаттылығы үшін. Екіншісі, дүние байлығы үшін. Үшіншісі, сұлулығы үшін. Сіздер діндарлығына қарап үйленіңіздер. Әйтпесе өз- өздеріңізге зияндық істеген боласыздар.» деген.


Үйленген соң ермен әйелдің өзара міндеттері, әдептері болады.


Әйелдің ерінің алдындағы әдептері


1.Мұсылман әйел Алла тағаланың бұйрығына қарсы келмейтін барлық жағдайда күйеуін тыңдау керек.


2.Барға қанағат ету. Қанағат қарын тойғызар деген.


3.Күйеуіне ықыласпен қызмет ету.


4.Күйеуін жаман іс-әрекеттерден тыюға жәрдемші болу, күнәға бой алдыруына себеп болмау.


5.Қайғыда да қуанышта да бірге болу.


6.Күйеуінің сенімді адамы болу.


7.Күйеуімен сөйлескенде жылы жылы сөйлеп, әдемі сөздерді айтып, өзін ұқыпты, таза етіп ұстауы тиіс.


8.Ата-енесінің, туған-туыстарының абыройын төкпей, күйеуінің мал-мүлкін сақтай білу.


Еркектің әйелінің алдындағы міндеттері:


1.Жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болу.


2.Әйелдерге нәпақа тауып беру, тамақтандыру, жағдайын жасау.


3.Қателік кемшіліктерін жасыра білу.


4.Ер адам жұбайының алдында әрдайым әдепті болып көрінуі тиіс.


5.Барынша сабырлы болу.


Имам Бухари Имам муслим руаят еткен хадисте: «Сендердің әрбірің жауапкерсіңдер және жауакершіліктеріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар. Отағасы жанұясы үшін жауапкер. Әйелі күйеуі сыртта жүргенде балаларымен үй шаруасы үшін жауапкер. Қызметші қожайынның мүлкі үшін жауапкер. Патша өз қол астындағыларға. Бәрің жауапкершіліктеріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар.» деген. Демек, бақытты отбасы болудың кілті асыл дініміздің бұйырған құндылықтарында. Алла тағала бұйырған істерде екі дүниемізге қайырлы істерді бекітіп бергендіктен, адамзат баласы осы қағидаттарды орындау арқылы шаттықта болады.


Қарағанды қалалық «»Әл-Машани» мешітінің наиб имамы А.Тенелов

ihsan.kz 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31