Еркек болу оңай ма?

Еркек болу оңай ма?

Қалай десең де еркек болу оңай емес. Әйелдер оның несі қиын, жұмыс істе, ақша тап, бітті деп ойлайды. Біткен жоқ. Олар үшін, еркектер үшін, біз бармыз. Олардың өміріне қуаныш пен шаттық әкелетін біздер. Тіпті түк керек емес деген жерге де қуаныш сыйлағымыз келеді. Ол қуаныш па, басқа ма, кейде маңызды емес. 

Ер адамның әйел затымен бірге өмір сүруі аскеза сияқты. Басқа дүниемен салыстыруға келмейтін аскеза. Біз соншалықты әртүрліміз, әйелмен бірге өмір сүру оңай емес. Білмегеніңізді түртіп алыңыз. 

Еркектер бір өмірінде қаншама рет әйелдің еркелігінен, тәлпіштігінен зардап шегетінін білесіз бе? Анасы, әйелі, қызы. Бәріне еркек кінәлі болатын күндер көп. Себепсіз болса да ол кінәлі болуға мәжбүр болады. «Ренжідім, не үшін екенін ұмытып қалдым» дейтініміз ше? Күнде боп тұрады. "Сен мені сүймейсің, сүйем деп айтпадың, сұлу демедің, маған дұрыс қарамадың, үндемей қалдың, осындайда қалжың болады екен" деп кете береді. Бітті. Өмір бұрынғыдай болмай қалады. «Үнемі қасымда бол, әрі ақшаны көп тап». Біз айтамыз осылай. Онда әр сағатына өзіңіз төлеңіз, ал?! «Үй, көлік, алтын керек. Бірақ неге жұмыста отыра бересің?» Алтын алу үшін жұмыс істеу керек. Үй алу үшін не істеу керек? 

Ешқашан ренжітпесін, шешімді өзі қабылдасын, ержүрек болсын, бірақ романтиканы да ұмытпасын. Мені көргенде елжіреп, езіліп тұрсын. Бұл біздің миымызға сыятын нәрсе. Бірақ еркектердің емес. Пультпен басқарсаң ғана ауыстыру мүмкін шығар. Режим «ержүректі» қалаған кезде «тыңдарман» режиміне өзгерте саласың. Егер бұл мүмкін болса, еркек бір жылдан кейін істен шығар еді. Әйелдер-ай! 

Бір қыз бір қызға айтып отыр. «Айлығы 80 мың. Оның жартысын пәтерақыға төлейді. 20 мыңы жол-тамаққа. 20 мыңын болмашы нәрсеге жұмсап құртады. Одан да менің анамның үйіне көшіп барайық. Жұмыста доширак же. Ештеңе алмаймыз, мен кредитке Матис сатып алайын, екі жылда құтыламыз дедім. Не дегенін білесің бе? Шешемнен бір боқтады». Осындай әйели логика барлық нәрсеге тіреліп тұрады. Әйелдер үнемі еркегінің уақытына, ақшасына, қабілетіне қожайын болады. Кешке қалай жұмсайтынымызды, шкафты жылжытатынымызды, қай жерге қандай шеге қақтыратынымызды білеміз. Не айтып, не қоятынына дейін зерттеп, тиянақтап қоямыз. Өйдеме, бүй де. Сосын біздің жоспар оның жоспарымен бетпе бет келіп, күлі көкке ұшқанда, ренжиміз кеп. 


Әйелдер әлемі

Саған еркіндік, кеңістік керек кезде, ол үнемі жаныңнан шықпай қалады. Бар уақытыңды жеп қояды. Сүйген қызыңның, әйеліңнің жоспары бар, оңаша қалдыр, еркек деген жүрмей ме екен жайына деп ренжігенін біраз әйел заты бастан өткерген болу керек. Еркек адам үнемі бірдеңе міндетті, парыз боп тұрады. 

Әйелмен тұрудың жалғыз себебі сол ғана ма? Әйел деген жанартау. Ол - тұрақсыз. Ол - үнемі түсініксіз. Егер әйел уәде берсе, онысы уәдеде тұрады деген сөз емес. Сұраған нәрсені істесе де, оның көңілі жай деген сөз емес. Бірақ ашуы келсе, онда жайпап өтері сөзсіз. Әйелді санамен түсіну мүмкін емес. Ол уәде беріп алып, айнып қалады, ұмытып кетеді, жасай алмай қалады. Ден қоймай, көңілсіз істесе, сосын сол үшін сені жек көріп кетеді. Уәде бермесе де болар еді ғой! Бас тартса. Немесе... Ол бір нәрсені айтып, екіншісін ойлап тұрады, үшіншісін сезіп, төртіншісін жоспарлап үлгереді. Қайсысы шындық? Түсініп көр. Бір мезетте ойланып және сезінетін еркекті қалай түсінуге болады? 

Әйелдер бәрін өзі істегенді жақсы көреді. Көмектен бас тартады. Бірақ іштей азамат бәрін қолына алып, бар қиындығын шешіп тастаса деп құпия түрде армандайды. «Нағыз азамат – сұрамайды, айтқызбай істеп, сені сүйсе дереу неке қияды» деп қиялдайды. 

Осылай армандап, көмектен бас тартып, жігіт өзі жетесімен жетсін деп көп күтеді. Бірақ ақырында жігіт оның картоп салған сөмкесін де көтермейтін боп алады. Картоп салған сөмкені еркек көтеру үшін алдымен әйелдің аяқ-қолын байлап отырғызып қою керек. Әйтпесе ол бәрін дұрыс істемедің деп айғайға басады. Әйел деген парадокс. Тылсым. Құпия. Жұмбақ. Әрқашанда. 

Әйел үнемі бірдеңе қалап тұрады. Бірақ көбіне не қалайтынын өзі де білмейді. Қалағанын алғанда, бұл емес екенін түсінеді. Басқа бірдеңе. Әйел тойымсыз. Көңілі толып, осымен бәрі бітті дей алмайды. Көйлек, туфли, перде, ыдыс, алтын жеткілікті демейді. Оған ылғи бір көйлегі артық, бір баласы көп, бір туфлиі әдемірек болғаны ұнайды. Қанша таптың, сонша жұмса дей бергісі келеді. Оңай, жылдам. Мүмкіндік берсең болғаны. 
Әйел күйзелсе, ең қиыны сол. Үйді цунами басты дей бер. Алашапқын қып, жұрттың бәрін аяғынан тік тұрғызады. Көтерші, түсірші. Былай тұр. Қайда кеттің? Осылай... 

Күйеуіне дүкенге барып келуді өтінген әйел тек ірімшік сұрайды. Сәлден соң сүт ала сал дейді. Ол шығып бара жатқанда біраз заттың атын түгендейді. Газет оқып отырған күйеуі бәрін есінде сақтап алар дейді. Жолай поштаға соға салшы деп. Сосын ол айтқанының бәрін алмағанына, алғаны басқа екендігіне ренжиді. Қиын ба? Қиын. Өте қиын. 

Жүкті әйелдің қандай болатынын білесіз бе? Айналасындағы иіс атаулыдан басы айналып, бірдеңе жегісі кеп, бірақ не екенін білмейтін адам ол. Балмұздақ пен қуырылған картопты қатар жеп, артынан жылайтын адам ол. Күйеулер біледі. Олар әркез таң қалудан шаршамайды. Түсініксіз әйелді сүйіп, тоғыз ай бар құйтырқы қылығына шыдап, көмектесіп, бала босанған соң да мінезі басыла салмайтын жарларының еркелігіне төтеп береді. 

Сосын еркек мықты болуы керек. Әрқашан өзін ұстауы қажет. Бұлай істеу қандай қиын екенін кім біледі? Біздердің, әйелдердің көңілін, жүрегін сақтау үшін еркектер қанша нәрсені ішінде сақтайтынын білесіздер ме? Еркектерге осал болуға болмайды. Қорқынышы мен сезімін білдіруге болмайды. Болмайды, болмайды. Бүкіл әлем оның санасына салмақ түсіреді. Үйге келіп, уһ десе де, ол қолдауға ие болмайды. Әттең... 

Еркектің тағы бір міндеті – отбасын Құдайға жақындату. Мұны оған кім үйретеді? Отбасын қалай құдайшылыққа жетектеп апарады? Қандай Құдайға? Осындай сұрақтардың жауабын табу - еркектің міндеті. Әйтпесе, ол үздіксіз дағдарыстардың, күйзелістердің, ішкі арпалыстың құрбаны болып, мағынасыз өмір сүрген болып шығады. 

Бала өсіру. Қалай? Оларға әке не үйретеді? Өзіңнің азаматтығың белгісіз кезде ұлыңнан қалай азамат тәрбиелемексің? Егер әйелің ұлыңның жанына қарыс қадам жақындатпай, оны өзінің ықпалынан шығарғысы келмесе, қалай азамат тәрбиелейсің? 

Бүгінгі таңдағы сұмдық еркін, супер ақылды әйелдің жанында оны сүйіп, бақытты өмір сүру мүмкін бе? Бұ заманның әйелі сүюді білмейді. Күйеуге шыға салысымен күйеуімен жарысады. Күйеуін ешқашан қолдамайды. Бәрін өзі істей алады. Істейді де. Бұл әлем есінен адасқан. Ал, біздер, әйелдер, әлемді бүлдіруге барымызды салып жатырмыз. 

Әлі де еркек болу оңай деп ойлап отырсыздар ма? Әйел күйеуін сақтауы керек. Азаматтарға бүгінгі заман әйеліне күйеу болу оңай емес. Өте қиын. Күйеуді қолдан түсіп кетсе, сынып қалатын мүсін көрмеңдер. Жан жүрегіңмен сүй, алдына ас қой, тынығуға кеңістік бер, жеке қалуына мұрсат бер. 
Әйел өз ішінде өзін табуға тырысуы керек. Әйелдің ішіндегі әйелді іздеуге барын салуы. Ішкі әлемін қалыпқа келтіруі. Осылай етсе ғана, күйеулердің жағдайы біршама жақсарып қалар еді.

Ольга Валяева

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста