Ислам діні

Ерлі-зайыптылардың тату болуының ерекше әдісі

  • Ерлі-зайыптылардың тату болуының ерекше әдісі

    Ерлі-зайыптылардың тату болуының ерекше әдісі

Күндердің күнінде Әбу Муслим Хайлани есімді дана болған екен. Ол көшеде бір топ жиналған еркектерді көріп арасына барады. Олар өздерінің әйелдеріне риза еместігін айтып, жан-жақты талқылап жатыр екен. Әбу Муслим бәрін үн қатпастан тыңдап тұрады. Содан бірнеше уақыттан кейін жиналған қауым Әбу Муслимге қарап:


— Сен неге өз ойыңды айтпайсың? Сенің әйелің әулие жан ба не?-деп тиісе бастайды. Әбу Муслим:


-Жоқ, әрине, менің әйелім – әулие емес, керісінше, ақылынан адасқан жан. Бірақ, соған қарамастан біз тату ғұмыр кешіп жатырмыз,-дейді. Барлығы таңдана:


— Сонда қалай? Ақылынан адасқанмен тату тұрудың сыры неде?-дейді. Әбу Муслим:


— Менде отбасында тату өмір сүрудің ерекше әдісі бар. Екеуміз сол әдісті берік ұстанамыз,-дейді. Жиналған халық:


— Бөліссеңші сол әдіспен, бізде тату болайық,-дейді сұрана. Сол сәтте Әбу Муслим:


— Ілгеріде Аллаһ Тағала Адам атаны жаратқанда оның бойына ақыл берді. Содан кейін Жаратушы ашу-ызаны жаратты да, Адам атаның ішіне кіруді бұйырды. Алайда, ашу-ыза Құдайға:


— Мен Адамның ішіне кіре алмаймын, себебі, онда ақыл орныққан. Ал, мен ақылмен бірге бір денеде бола алмаймын,-деді. Сол уақытта Құдай ашу-ызаға:


— Егер сен Адамның ішіне кіретін болсаң, онда оның бойынан ақыл қашады. Осылайша, сен адамды есінен алжастырып, өз еркіңше басқара аласың,-дейді. Әбу Муслим сөзін жалғастырып:


— Осы тұста біз әйелім екеуміз былай деп келіскен едік: «Егер біреуіміз қатты ашуланатын болсақ, онда ол адамды ақылынан алжасқан деп қабылдаймыз. Ал, әрбір ақыл-есі дұрыс емес адам үшін бір қамқоршы керек. Егер мен ашулансам, мені ақымақ, ақыл-есі кем деп санап, сен үнсіз, маған тіл қатпастан, ашу тарқағанша қамқоршы болып жайыма қоясың. Егер сен ашулансаң, мен де солай жасаймын» деп келіскенбіз. Осы әдістен кейін біздің отбасымызда ешқашан ұрыс-керіс, жанжал болған емес. Нәтижесінде, үйдің берекесі кіріп, арамыздағы махаббат сезімі одан әрі арта түсті. Сол үшін мен сіздерге осы әдісті қолданып көрулеріңізді сұраймын,-деген екен.


Жалғас АСХАТҰЛЫ,


дінтанушы


kazislam.kz




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

сенбі, 29.12.2018, 22:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қаңтар, 20:48
    Құдай бар ма?
    18 Желтоқсан 2018
    Қызбен жүру күнә ма?
    16 Желтоқсан 2018
    Қасиетті Қағбаның тарихы
    15 Желтоқсан 2018
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан 2018
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан 2018
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан 2018
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан 2018
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан 2018
    Арақты қойғызған көрші

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31