Ислам діні

Есінегенде ауыз жабуда қандай хикмет бар?

  • © ihsan.kz

    © ihsan.kz

Тек микроскоппен ғана көрінетін және өмірге өте қатерлі ауру түрлеріне себеп болуы мүмкін микробтарға қатысты кей ескертпелерді Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінен кездестіреміз.


Әбу Мұса әл-Әшғариден (р.а.) риуаят етілген бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Үмбетіме қатер қылыш пен обадан келеді”, - деген кезде бір сахаба: “Уа, Расулалла, қылышты білеміз, ал оба деген не нәрсе?” – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Көзге көрінбейтін жын секілді дұшпандарымыздың астыртын зиянкестігі. Бұлардың бәріне де шейіт сауабы жазылады”, - деп бұйырады.


Алла елшісі (с.а.у.) жұқпалы аурулардан сақтануда бес пен қоршаған орта тазалығын сақтаумен қатар, басқа да түрлі кеңестер берген. Осы мәселелерді назарға алып пайымдар болсақ, микроорганизмдер жайлы алғаш түсіндірме жасаған Пайғамбарымыз (с.а.у.) екендігін байқаймыз. Ол обаның жай көзге көрінбейтін зиянды күші барын, білінбей тарайтынын және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екенін атап айтқан. Бұған қоса, мұндай микробтардың адам ағзасына сырттан жұғатынын ишара етіп ескерткен.


Ауа арқылы жұғатын ауру түрлерінің көбі өкпе дерті болып табылады. Ауадағы микробтар терең тыныс алғанда, қолқаға және өкпеге дейін жетіп, дертке шалдықтырады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім есінесе қолымен аузын жапсын, өйткені зиянды нәрселер аузына кіреді”, - деп бұйырған. Есінеген кезде ауадағы микробтардың көмекей безінен өтіп, тыныс жолдарына дейін жетпеуі үшін ауызды жабу керек. Сөйтіп, тыныс жолдарына жұғатын аурудың алдын аламыз.


islam.kz

 




Көрілген: 883    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.10.2018, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30