Ислам діні

Етеккір кезінде мүшеқаппен жақындасуға бола ма?

  • © muslim.kz

    © muslim.kz

Қасиетті Құран Кәрімде: «Олар сенен етеккір жайынан сұрайды. Оларға: «Ол жиіркенішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Алланың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар» де. Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді»[1] делінген. Яғни, хайыз (етеккір) лас нәрсе ретінде бекітіліп, одан ұзақ тұру бұйырылған.


Ханафи және Мәлики мәзһабының ғұламалары аяттағы «аулақ болыңдар» деген сөзді – «әйел кісі хайыз кезінде, оның кіндігі мен тізесінің арасынан сақтану/аулақ болу»[2] деп түсіндірген.Сондықтан әйел кісінің хайыз уақытында онымен жыныстық қатынастан сақтану міндет. Мүшеқаппен де қатынаста болуға болмайды, кіндік пен тізенің арасынан аулақ болу керек. Ал, жыныстық қатынас орын алған болса тәубе етіп, Алладан кешірім сұрауы міндетті[3]. Себебі – тыйым салынған харам іс болғандығынан.


Белгілі Ислам ғұламасы имам Сабуни: «Яһудилер әйелдері хайыз болса, олармен бірге жемейтін, ішпейтін және бір бөлмеде де бірге тұрмайтын. Ал, христиандар хайызға мән берместен таза кезіндегідей қатынаста болды. Ислам діні ғана орта жолды ұстанып, жыныстық қатынастан сақтану керектігін көрсеткен, ал басқа жайдайлар (құшақтау, сүю т.б) әдеттегідей»[4] деп, шариғаттың шарттарын баяндаған. 


muslim.kz




Көрілген: 3422    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.12.2017, 14:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31