Ислам діні

«Фэншуй» жайында Ислам не дейді?

  • «Фэншуй» жайында Ислам не дейді?

    «Фэншуй» жайында Ислам не дейді?

Ассалаумағалейкум! Таныстарымның ішінде фән-шуйға сенетіндері бар. Олар түрлі заттарды ақша шақырады деп сеніп және мыңдаған подписчиктарын соны сатып алуға үгіттейді. Оның дұрыс емес екенін білемін. Бірақ оларға жеткізу үшін сауатты жауап бергім келеді. Сол туралы Құран аятымен, хадистермен жауап жазсаңыз. Алла разы болсын! Үмітгүл.


Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Мәліметтерге қарағанда, кей адамдардың ырымдап алып жүрген көкшіл айдахар, үш аяқты құрбақа, айдахар-тасбаха сияқты мүсіндер жалпы көне қытай философиялық мектептерінде орын алғанымен, «фен-шуй» нанымына ешқандай қатысы жоқ, кейіннен кіріптар етілген дүниелер. Фэншуй «ци» энергиясының ағынымен жұмыс жасайтын діни-философиялық наным. Феншуй түсінігінше, ци энергиясы әлдебір бейнеде көрініс таппайды. Ол тек табиғат заңдылығымен үйлесе ағады.


Фен-шуй ілімі жердегі жасырын күштердің адам өміріне тигізер әсері негізінде құрылған. Яғни, ол «ци» деп аталатын жердегі жасырын күштің қалайша адам денсаулығына және өмірдегі жетістігіне әсерін тигізетіндігін түсіндіретін діни-философиялық бағыт (фен – жел; шуй – су). Негізін қалаушы Ян И есімді кісі.


Фен-шуйдің мистикалық тұжырымдамаларының ешқандай ғылыми негіздемесі жоқ. Сол себепті, фен-шуй ілімін әлемдегі ғылыми қоғамдастықтар «жалған ғылымға» (лженаука) жатқызады.


Ислами тұрғыда айтар болсақ:


Біріншіден, адамдардың соқыр сенімділіктің соңынан кетіп, бейне бір мүсіндерді тұмар қылып алулары харам. Пайғамбарымыз бірнеше сахих хадистерінде жақсылықты шақырады немесе жамандықты қайтарады дейтін сенімге негізделген тұмарларды тағудан тыйған. Бір хадисте: «Кім тұмар тақса Аллаға серік қосқаны» делінеді. Тек, Құран аяттары мен хадистегі дұғалар жазылған тұмарға рұқсат дейді кей ғалымдар. Одан өзгелеріне рұқсат жоқ.


Екіншіден, асыл дініміз әлдебір негізсіз нәрселерді ырымдап, жүріс-тұрысымызды соған негіздемеуге шақырған. Мәселен, кезінде Ислам келмей тұрып араптар қандай да бір іс үшін үйден шыққанда аспанда ұшып бара жатқан құсқа қарайды екен. Егер, құс оң жақта ұшып бара жатса, оны жақсылыққа ырымдап, ісін жалғастыратын. Егер, сол жағында ұшып бара жатса, оны сәтсіздікке балап, райынан қайтатын. Ислам діні келгеннен соң Пайғамбарымыз: «Исламда "Тияра" жоқ» - деп, мұндай соқыр сенімділікті тыйды[2]. (Тияра – «тайрун», яғни, «құс» сөзінен шыққан).


Үшіншіден, Құран Кәрімнің Әли Имран сүресіндегі 85 аятта: «Кім Исламнан басқа бір дін іздесе, әсте одан қабыл етілмейді де ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады», - делінеді. Фен-шуй - даосизм дініне тиесілі діни-философиялық ұстаным ретінде, Исламға жат дүние. Сондықтан да, фен-шуй дүниетанымына сай пікірлеу, ондағы көзқарастың ақиқаттығына сену о дүниеде тозаққа апарар харам әрекет. Ғылыми теория ретінде де қарастыруға келмейді. Өйткені, ғылымға теріс.


Төртіншіден, түптеп келгенде барлық нәрсе Алланың қолында екендігін ұмытпау керек. Ризық-несібені де беретін Алла Тағала. Сол себепті, қанағатшылдық, шүкіршілік сияқты нормаларды естен шығармау ләзім. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шүкір етсеңдер, арттырамын» деген[4]. Онымен қоса Алла Тағала: «Алла өсімді жояды, садақалардың берекесін арттырады», - деп ескерткен[5]. Ендеше, діні бөтендердің тықпаштаған теріс жолды ырымдағаннан гөрі, төл дініміздің үйреткен тәліміне құлақ асқанымыз артық.


Тоқ етерін айтқанда, ешқандай ғылыми не шариғи негізі жоқ, әлдебіреудің мистикалық тұжырымдамаларының негізінде жасалған мүсіндерді құдайдай көріп, олардың ақша шақыратындығына имандай сену – үлкен адасушылық. Сондай-ақ, «аңқау елге арамза молда» демекші, қарапайым халықтың сенгіштігін пайдаланып, пайда не зияны тимейтін мүсіндерді сатып, қалтасын қалындатқысы келетіндердің бұл әрекеттері де күнә, тіпті, әділетсіздік деуге болады.


Сөзіміздің соңын Құран Кәрімнің мына бір қасиетті аятымен аяқтайық:


"(Шайтан былай деді): “Раббым, мені қаңғыртқандығың үшін, сөзсіз адам баласына жер жүзіндегі (жаман) нәрселерді жақсы көрсетіп, олардың барлығын адастырамын.Тек, олардың ішіндегі ықыласты пенделеріңді ғана адастыра алмаймын” деді[6].




[1] Ахмед ибн Ханбал.

[2] Сахих Бұхари.:

[3] Әбу дәуід - №3512 хадис.

[4] Ибраһим сүресі, 7 аят.

[5] Бақара сүресі, 275 аят.

[6] Хижр сүресі, 39-40 аяттар.  


islam.kz




Көрілген: 1125    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30