ҒАЛАМТОР ОЙЫНДАРЫН ОЙНАУҒА БОЛА МА?

ҒАЛАМТОР ОЙЫНДАРЫН ОЙНАУҒА БОЛА МА?

Ассаламағалейкум! Сіздерге қояр сұрағым виртуалды әлем туралы болмақ. Қазіргі кезде видео ойындар қарыштап дамуда. Менде солардын ішіндегі Iron Force (Смартфондарға арналған танк ойыны) деп аталатын ойынды ойнап келе жатқаныма 1 жылдан асты. Бұл ойыннан шыққым келеді. Бірақ ойын аккаунтым 100 мың теңге шамасында тұрады. Сол себепті жай шыға салу оңай емес. Ал жалпы басқада аккаунттар танкке байланысты 0$-2500$ шамасында. Сұрақ: Егер мен осы аккаунтты сатсам және түскен қаражат маған халал бола ма немесе харам ба? Егер харам бола тура сатсам маған келетін зардабы қандай болмақ? Қоса кететін жәйт ойынның ішіне ешқандай ақша салынбаған, таза (мысалға, букмекерлік ойыннан ұтып алынған ақша деген сияқты. Ондай ойындардан аулақпын). Менің қалауым осы ойынды жоғары деңгейге жеткізіп, сатып құтылып, керекті заттарды сатып алғым келеді. Алдына ала РАХМЕТ))).

Нұрсұлтан


Уағалейкумассалам. Ислам шариғаты адам баласының жалпы жасайтын амалдарын саралап, пайдалы және пайдасыз деп екіге бөліп қарастырады. Пайдалы не пайдасыз амалдар өз ішінде жекеге немесе жалпыға қатысты болып бөлінеді. Амалдардың пайдалы немесе пайдасыз, зиян екенін Алла Тағаланың шариғаты немесе парасатты ақылмен белгіленеді. Яғни әркім өзі жеке дара ойымен бойындағы қалыптасқан нәпсісімен шешім қабылдауы дұрыс емес. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Бәлкім сендердің ұнатпаған нәрселерің жақсы болуы мүмкін, бәлкім сендердің ұнатқан нәрселерің жаман болуы мүмкін, сендер білмейсіңдер, Алла Тағала біледі» - дейді («Бақара» сүресі, 216-аят). Алла Тағала адамзат баласына жақсы мен жаманды қатар жаратуы - сынақ үшін екендігін білеміз. Бұл дегеніміз мұсылман қандай да бір амал жасауда ақпен қарасын ажыратып барып кірісуі керек болады. Дінімізде адам баласы бір уақыт бойын сергітуі үшін мубах[1] амалдармен айналысуында ешбір әбестік жоқ. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейбір ойындарға рұқсат берген бәлки қызықтырған десек те болады. Сол жайлы хадистерінің бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мұсылман кісінің ойнап өткізген нәрселерінің бәрі бекер, тек қана садағымен оқ атуы, атын үйретуі, отбасымен көңіл көтеруі» - деді (Тирмизи, Ахмад). Хадистен адам баласына пайда бермейтін тек ақшасы мен уақытына ысырап келтіретін ойындардың бәрі бекер екенін түсінеміз. Алайда белгілі бір пайдасы бар спорттық ойындарды ойнау рұқсат етіледі. Тек қана шариғат талаптарының шеңберінен шығып кетпесе болғаны. Атап айтар болсақ:
1) Шариғат талап еткен Алла Тағаланың ақысына қатысты (парыз, уәжіп амалдар намаз, ораза садақа беру сияқты), адамдарға қатысты ақысынан (рызық табу, ата-анаға қымзет жасау сияқты) амалдардан тосып қалмауы керек.
2) Уақытпен мал-дүниеге ысырап келтірмеуі шарт болады.
3) Ақша тігіліп ойналмауы керек. Ақша тігілсе құмар ойынға кіреді. Ол шариғатымызда үлкен күнә қатарына жататыны белгілі.
Ал енді негізгі сұрақтың жауабына келер болсақ Iron Force ойынын iron-force.ru сайтынан қарап, еш бір пайдасы жоқ, керісінше тек уақыт өткізетін, бос ақша төлейтін ойын түрі екенін аңғардық. Тіпті құмар ойын деп айтсақ та жағымыз жаңылыспас. Өйткені сіз ақша салдыңыз. Салған ақшаңыз себепті ол ойыннан шыға салу қиын дейсіз. Демек, құмарттыңыз. Бір ойынға құмарту Алланың алдында үлкен күнә екенін ұғыңыз. Зардабынан қорқыңыз. Сізге айтарымыз салған ақшаңызды сол ойын иелерінен қайтарып алу мүмкіндігі болса, қайтарып алыңыз. Ол ойын аккаунтын басқаға сату сізге адал ақша болмайды. Себебі шариғаттың түсінігінде құны бар пайдалы зат емес. Кеткен ақшаңыз кетсін. Пайдалы нәрселермен айналысқаныңызды жөн деп біліңіз. Өйткені баршамыз Алланың алдында әр уақытымыз үшін, әрбір біздерге берілген дүниеміз үшін сұраламыз.

Ескеретін бір мәселе бар. Мен бұл ойынды ойнап әскери қабілетімді арттырам дегендердің де уәжі шындыққа жанаспайды. Себебі шынайы емес. Тек қана ойын. Әскери тәжірбесін арттырамын деген адам шынайы әскерге барып шыңдалу керек екенін айтқымыз келеді. Алла Тағала баршамыздан артық біледі. 

muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста