Ислам діні

Ғұсыл алуға жағдай жоқ, күн суық. Не істесем болады?

  • Ғұсыл алуға жағдай жоқ, күн суық. Не істесем болады?

    Ғұсыл алуға жағдай жоқ, күн суық. Не істесем болады?

Ассаламу алейкум. Сұрағым: Ғұсыл алуға ауылда әзірге жағдай жоқ болып тұр. Намаздарымды дәретпен оқысам бола ма? Су болғанымен, мүмкіншілік жоқ. Және де ауырып қалу қауіп басым. Мұндай жағдайдан қалай шығуға болады? А.


Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Таяммумды рұқсат ететін жағдайлардың бірі – күннің суықтығы. Яғни, күннің суықтығы себепті денсаулығына қауіптенген кісіге таяммум соғуына рұқсат етіледі[1]. Сондықтан да, шомылуға жағдайы жоқ мұсылманға (әсіресе ауылды жерлерде), күннің суықтығы себепті қыс мезгілдерінде ғұсыл үшін таяммум соғуына рұқсат. Бірақ дәретті сумен алады.


Ескі фиқһ кітаптарында бұған қатысты былай делінген: «Жүніп болған адамның өміріне қатер туғызатындай яки сырқаттыққа шалдықтыратындай күннің суық болуы да таяммум алуға себеп. Тіпті, ондай кезде қалалы жерде тұратын адамның өзі, моншаға түсуге ақшасы болмаса және (шомылғаннан соң) денесін жылытатын нәрсесі болмаса (мысалы, тон, жылы үй), таяммум соғуына рұқсат етіледі»[2].


[1] Табарани: Жәмиъул Кәбир. Ибн Аббастан жеткен хадис.

[2] Ибн Ғабидин: Раддуль мухтар – 2/82 бет.


Абдусамат Қасым 


islam.kz




Көрілген: 569    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30