Ислам діні

Ғұсыл алуға мүмкіндік болмаса, қанша уақытқа дейін таяммум алады?

  • © muslim.kz

    © muslim.kz

Құран Кәрімде: "Егер науқас не сапарда болсаңдар немесе сендерден біреу түзге отырып келсе не әйелге жақындассаңдар, сонда су таба алмасаңдар таза жерге таяммүм соғыңдар; онымен беті-қолдарыңды сипаңдар"[1] делінген. Осы аяттағы "Су таба алмасаңдар" деген сөзден фиқһ ғұламалары түрлі пәтуалар шығарған.


Төмендегі жағдайларда таяммум соғуға рұқсат етілетіндігін алға тартқан:[2]

а. Судың болмауы;


ә. Су бар, алайда қолдануға мүмкіндік болмаса (ауырып қалу ықтималдығы жоғары болса);


б. Ауырып тұрған кісінің, ауыруым күшейіп кетеді немесе аурудан айығуым кешігіп кетеді деп күмәнданса


в. Жақын жерде су болып, оны алуға мүмкіндік болмаса (Дұшпаннан немесе жыртқыш аңдардан қорқу немесе құдықтан суды шығарып алу мүмкіндігі болмаса).


Өзінің үйінде жүрген кісі, су жылытып жуынуға немесе дәрет алуға мүмкіндігі болғандығы үшін таяммум соға алмайды. Жоғарыда айтылған жағдайлар үйінен ұзақта, не сапарда, не сырқаттанып қалған кісілерге қатысты екендігін ескертеміз. Мұндай кісілер су қолдануға алғашқы мүмкіндік туғанға дейін таяммум соға береді.


muslim.kz 




Көрілген: 681    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 26.09.2017, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30