Ислам діні

Имам: Азаматтық некеде дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі

  • Имам: Азаматтық некеде дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі

    Имам: Азаматтық некеде дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі

Соңғы кездері кең қанат жайып келе жатқан азаматтық неке көпшілік арасында үлкен дау тудыруда. Бірі заманауи некенің бұл түрін қолдап жатса, басқалары оған ашық түрде өз қарсылығын байқатқан. Азаматтық некеге наразылығын білдіріп жүргендер арасында мұсылмандар діни басқармасының өкілдері бар деп хабарлайды qamshy.kz.

Қазақстанның Семей өңіріндегі өкіл имамы Мақсат қажы Алтыбай шариғаттағы неке шарттары жөніндегі өз ойын айтып берді.


"Неке тазалығы дініміздің бас ұстанымы болып табылады. Шариғат шарты бойынша некесі қиылмаған екі жастың жеке қалуына тыйым салынған. Ата – бабаларымыз да бұл мәселеге ерекше мән берген. Жас аруды жаман аттан қызғыштай қорғап, некесі қиылғанша екі жастың ортасында қыздың жеңгесі жүрген екен.

Азаматтық некеге дініміз қарсы. Қолдамайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының азаматтық некеге байланысты арнайы пәтуасы бар", -деп айтып өтті Мақсат қажы.

Оның айтуынша, азаматтық некеде тұрып жатқандардың барлығы шариғат бойынша заңсыз құрылған отбасы болып саналады.


Азаматтық некеде неке қиылмай ер мен әйел төсек қатынасына барады. Яғни, бұл зина болып саналады. Ал зина шариғатта үлкен күнә болып есептеледі. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Зинаға мүлде жоламаңдар. Шын мәнінде, ол – анық арсыздық әрі ең жаман жол» («Исра» сүресі, 32-аяты) - деп зинаның харам екендігін қатаң ескерткен

АХАЖ бөлімінен тіркеуден өтпеген және мешітте некесі қиылмаған адамдардың жұптасуы заң бойынша және шариғат шарты бойынша заңсыз болып табылады. Мұндай жұптарда ешқандай отбасылық жауапкершілік болмайды. Ұнамаса бір-бірін тастап жүре береді. Ал азаматтық некенің салдарынан дүниеге келген бала ойнастан туған болып есептеледі және шариғи тұрғыдан мұрагерлік, қамқорлық құқықтарынан айырылады", - дейді Семей орталық мешітінің бас имамы.

Имамның сөзінше, жаһандану заманында өз-өзін қормаған ұлт басқа бір алып уысына да өтіп кетуі әбден мүмкін. Сол себепті, ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтарды қатаң түрде сақтау арқылы болашақ ұрпаққа дұрыс тәрбие беру аса маңызды дейді дін қызметшісі. 




Көрілген: 811    Пікірлер: 0

сенбі, 26.05.2018, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 14:05
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан, 12:28
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан, 14:17
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31