Ислам діні

Имамдар марқұмның үш, жеті және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізуді ұсынды

  • Имамдар марқұмның үш, жеті және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізуді ұсынды

    Имамдар марқұмның үш, жеті және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізуді ұсынды

Атырау облысының бас имамы Батыржан қажы Берденұлы жаназа және жерлеу рәсімдеріне қатысты бірқатар ұсыныстарды талқыға тастап отыр. 


Ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында бас имам қайтқан кісінің сүйегі жер қойнына тапсырылмай тұрып, қаралы үйде қазан қайнатпауды, күзетте дастархан жаймауды ұсынды.


«Дастархан марқұм жерленгеннен кейін жайылса, бұл да болса біріншіден, о дүниелік болған пенденің рухына құрмет, екіншіден, қаралы үйді қосымша ауыртпалықтан арылтуға арналған қадам болар еді», – деген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров марқұмның үш күндік, жеті күндік және қырық күндік қаделерін бір күнге өткізу тәжірибесі енгізу мәселесін де көтеріп отыр.


«Саралап қарасақ, үш күнге бір бөлек, жеті күнге бір бөлек, қырық күнге бір бөлек дастархан жая беру, оның барлығы сайып келгенде, ысырапшылдыққа жол ашады. Әрі осы қаделердің қай қайсына да сол таныс адамдары айналып қатыса береді. Егер, қаделерді біріктіріп, бір күнді белгілейтін болсақ, былайғы жұрттың уақытын да үнемдер едік. Әрі бұл шаңыраққа да ыңғайлы болады», – деген бас имам Батыржан қажы Берденұлы соңғы кездері қанат жайып бара жатқан марқұмды жерлеу рәсімін өткерер алдында дауыс зорайтқышпен митингтер өткізу, осы шара кезінде табыттың алдынан гүл шоқтарын, оған қоса марқұмның суретін алып жүру сияқты ұлтымызға, дінімізге, ділімізге жат әдеттерден арылуға шақырып отыр. 


islam.kz




Көрілген: 1155    Пікірлер: 4

бейсенбі, 25.01.2018, 14:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30