Ислам діні

Иса пайғамбар неге Мысырға қоныс аударды?

  • © muftyat.kz

    © muftyat.kz

Исраил ұрпағынан Рим императорына бағынышты Хардус атты патша болған. Оған Иса пайғамбардың бала кезден-ақ көпшілік арасында тарап үлгерген кереметтері ұнамайтын. Пайғамбардың өмірге келгенінен хабар беретін жұлдызды көрген олар "бұл бала оларға бәле болатын болды" деп шешеді де, яһудейлік патша оны өлтіруге бұйырады.


Құдіретті Хақ Тағала Юсуф ұста арқылы Хардус патшаның пиғылын жеткізеді де, Мәриәм екеуінің Мысырға барып жасырынып, патша өмірден озғаннан соң ғана оралуын әмір етеді. Юсуф ұста да олармен бірге аттанып, Мысыр жеріне қоныс тебеді.


Бұл жерде олар масақ теріп, жіп иіріп, оларды сатумен және Раббысы әмір еткендей шаруашылықпен айналысты. Иса пайғамбар үш жасқа толған кезде оны тәрбиелеу үшін ұстазға береді. Ұстазы оған әріптерді жаттатудан бастайды. Алайда «әліпбиді өзің білесің бе» деп сұраған Иса пайғамбарды таяқпен ұрмақшы болған ұстазына: «Ұстазым, мені ұра көрме. Егер білмейтін болсаң, менен сұра»,- дейді.


«Егер білсең, түсіндір»,- дейді ұстазы да. Исаның ұстазға мұқтаж еместігін түсінген ол Иса пайғамбарды үйіне қайтарады.


Иса пайғамбар балалармен ойнаған кезде әр баланың үйінде қандай тамақ дайындалып жатқанын айтып беретін болған. Үйлеріне келген балалар ата-анасына не тамақ жейтіндерін айтан кезде таңқалысып, қайдан білгенін сұрайды. Олар болса Исаның айтып бергенін жасырмастан айтатын. Сол үшін ата-аналары балаларының онымен ойнауына тиым салып, бала Исаны сиқыршы деп санаған. Тіпті балаларын үйлерінен де шығармай қойған сәттер орын алған. Олар Иса пайғамбардың «сиқырынан» балаларын қорғау үшін оларды бір бөлмеге жинап, қамап тастайтын еді.


Бала Иса достарына келген кезде ата-аналары олардың үйде жоқтығын айтады. Сонда Ол: «Ана бөлмеде кімдер бар?»,- деп сұрайды. Ата-аналары болса, оны келемеждеген сыңай танытып: «Шошқалар»,-дейді. Сонда Иса пайғамбар «олар сендер айтқандай-ақ болсын» деп кете береді. Артынша әке-шешелері балалары қамалған бөлмеден шошқалардың шыққанын көрген деседі.


Мысырда он екі жыл ғұмыр кешкен Мәриәмға Раббысынан Хардус патшаның дүние салғаны жайлы әрі еліне оралуына болатын хабар келеді. Мысырдан шыққан олар Шамға қарай бет алады. 


muftyat.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.01.2019, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қаңтар, 20:48
    Құдай бар ма?
    18 Желтоқсан 2018
    Қызбен жүру күнә ма?
    16 Желтоқсан 2018
    Қасиетті Қағбаның тарихы
    15 Желтоқсан 2018
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан 2018
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан 2018
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан 2018
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан 2018
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан 2018
    Арақты қойғызған көрші

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31