Ислам әдебімен мал соя білесіз бе?

Ислам әдебімен мал соя білесіз бе?

Малды шариғат жолымен сою үкімі

Кез келген істің дұрысын айқындап беретін, рухани тазалығымен қатар тән тазалығын, деннің саулығын қамтыған Ислам шариғаты әрбір мұсылманның өмірлік ұстанымы болуы тиіс. «Ауру астан» деген халқымыздың екі ауыз ұлағатты сөзі заманауи медицинамен нақтылануда және шариғатымыздың асқа қоятын талаптары заманауи медицинамен құпталып жатыр. Бұл да шариғат ережелерін бекем ұстануымызға тағы бір негізгі себеп болып табылады.

Адам баласының қажетіне жаратылған жануарлар шариғат жолымен сойылмайынша халал болмайды. Абдулла ибн Омардан келген хадисте былай делінген: «Бізге екі ғана өлексе халал етілген, екі өлексе дегеніміз: өлген шегіртке мен өлген балық».

Яғни балық пен шегірткені союдың мүлдем қажеті жоқ. Ал, басқа жануарлар болса, міндетті түрде сойылу керек.

Алла Тағала айтады: «Сендерге: өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал харам қылынды. Және буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал харам …» Бұлардың бәрін жеуге болмайды, «… бірақ (жаны шықпай) бауыздалғандардан басқа»[1].

«Ей, иман келтіргендер! Сендерге рызық етіп берген адал (астарынан) жеңдер және егер Аллаға ғана құлшылық ететін болсаңдар, (өздеріңе берілген адал асқа) шүкірлік етіңдер»[2], –деген.

Малды Алла Тағала адам ырзығы үшін жаратқан десек те оның өзінше тәртібі, міндеттері бар. Сондықтан, мал сою кезінде сақталу қажет болған негізгі екі шартына тоқталайық:

Бірінші шарт: Мал соятын адам – ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы керек.

Мал союшы есін білмейтін бала болса, бауыздалғаны харам. Ал, егер үлкен, яғни жеті жастан асқан әрі союдың мәнісін түсінетін бала болса, бауыздағаны халал болады. Сол сияқты, есі дұрыс емес адамның сойғаны харам. Христиандар мен яһудилердің сойғаны халал болып есептеледі.

Алла Тағала айтады: «Сендерге кітап берілгендердің тамағы халал етілді»[3]. Өйткені олардың шариғаттары бойынша Құдайдың есімін айтып пышақпен сою керек. Егер дәл солай сойылғанын білсе халал болады. Ибн Аббас (р.а.) бұл аят жөнінде: «Кітап берілгендердің тамағы» – бұл олардың бауыздаған жануарының еті», – деп айтқан[4].

Ал, қазіргі уақытта олардың басым көпшілігі Құдайдың атымен бауыздамауы және пышақпен емес, малды қинап тоққа салу немесе бастан ұрып өлтіру малдың етін жарамсыз (Харам) қылады.

Союдың басты хикметі осы қанды шығаруда. Өйткені, құстың немесе жануардың денесінде қаны қалып қойса, етін бұзып жібереді, сондай-ақ ондай етте ауру қоздырғыш бактериялардың жылдам көбейіп кету қаупі жоғары болады. Бұл адам ағзасына өте зиян.

Сондықтан, өңеш пен кеңірдекті кесумен қатар, сүннет бойынша екі күре тамырды да кескен дұрыс. Ол екеуінен өте көп мөлшерде қан шығады. Сол сияқты таудан немесе биік шыңнан құлаған малды өліп қалмай тұрғанда, дереу пышақты кез келген жерінен сұғып қанын шығарып жіберу керек. Харам өліп қалған малды бауыздаса да қаны шықпайды. Оның қаны ұйып, етке қосылып кетеді.

Екінші шарт: Малды (бәсең немесе орта дауыспен) «Бисмиллаһ» деп сою керек және «Аллаһу Акбар» деп қосса абзал болады. Алла Тағала былай деген:

«Біз әрбір үммет үшін өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар »[5].

«Анғам» сүресінің 145-аятында Алла Тағала: «Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам»,-деп ескертеді.

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Расында, мен сендердің пұттарға арнап бауыздағандарыңды және Аллаһтың аты аталмай бауыздалғанды жемеймін!»[6].

«Бисмиллаһ»,-деп айтқанына біраз уақыт өтіп кетсе (пышақ қайрайтын болса) қайтадан айтады. Бірнеше малды бірінен соң бірін соятын кісі әрбірі үшін бөлек бөлек «бисмиллаһ» айтуы керек болады. Бір малды екі кісі соятын болса екеуінің де «бисмиллаһ» айтуы керек болады. «Бисмллаһ» айтуды ұмытса зияны болмайды. Әдейілеп айтпайтын болса харам болады.

Мал союдағы әдеп және тыйымдар

Малды мейірімділікпен сою керек, азаптауға болмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады: «Алла Тағала барлық нәрсені жақсылап істеуді бұйырды. Сондықтан, малды сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар, алдын ала пышақты қайраңдар, жануарды қинамаңдар».

Осыған орай мал сою кезінде келесі әрекеттерге тыйым салынады:

- Малдың көзінше жалаңдатып пышақ қайрауға болмайды, өйткені малдың да түсінігі мен сезімі бар.

- Малды екінші бір малдың көзінше союға болмайды;
- Соятын құрал өткір болу керек. Тіс пен тырнақтан басқа кез келген өткір құрал малды союға жарамды. Жүзі дұрыс өтпейтін құралмен бауыздауға болмайды, өйткені ол жануарды қинап өлтіру болып саналады.

Сондықтан, малды азаптамай тез сою үшін құрал міндетті түрде өткір болу керек.

- Желкесінен бастап союға болмайды;
- Мал мен құсты электр тоғы бар құрылғы, балға, балта және тағы да басқа құралдармен ауыр жарақат тигізіп талдыруға болмайды.

Малдың жаны бойынан толық шығып болғанға дейін:

- Мойнын сындыруға болмайды. Мойнын сындырса, мал қиналып өліп кетеді де қаны етте қалып қояды.
- Басын денесінен бөлуге;
- Терісін сындыруға;
- Ыстық суға салып жүнін жұлуға;
- Дене мүшесінен қандайда бір бөлшегін әлде бір жерін шауып (кесіп) алуға болмайды.

Дұрысы, қаны мен жаны шығып кеткенше жатқызып қою керек.

Мал союдың тәртібі

- Мал сойылатын жердің таза болуына көңіл бөлу;
- Тізе бойындай қылып шұңқыр қазылады;
- Сойылатын жерге малды ұрмай – соқпай апару;
- Малдың көздері (матамен) байланады;
- Қыблаға қаратылып сол жағымен жатқызылады;
- Екі алдыңғы аяғы мен бір артқы аяғы қоса байланады;
- Пышақты малға көрсетпей қайрап келу;
- «Бисмиллаһи Аллаһу Акбар»,-деп айту;
- Малдың мойнында өңеш, кеңірдек және екі жағында екі тамырын бір мезетте кесу керек;
- Малдың қаны толық ағып болғанша және жаны шыққанша күтіледі;
- Мал сойылғаннан кейін сол маңайдың тазалығына да көңіл бөлу керек. Малдың қан-жүнін ашық-шашық далаға қалдырмай, көміп тастаған жөн.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алла Тағала барлық нәрсені жақсылап істеуді бұйырды, сондықтан, малды сойсаңдар, дұрыстап сойыңдар», — деген сөзін естен шығармайық, бауырлар!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

 

[1] «Мәида» сүресі, 3-аят
[2] «Бақара» сүресі, 172-аят
[3] «Мәйда» сүресі, 5-аят
[4] «Сахих әл-Бухари» 4/636
[5] «Хаж» сүресі, 34-аят.
[6] Бухари 4/58

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста