Ислам діні

Ислам түсіністіктің тілі

  • Ислам түсіністіктің тілі

    Ислам түсіністіктің тілі

Астанада өткен «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты конференцияда республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы, танымал исламтанушы Қуат Ерғалиұлы баяндама жасап, бейбітшілік пен мейірімділік діні Исламның толеранттылықты, діндер арасындағы мәмілегерлікті қолдайтынын, сондай-ақ, Қазақ Елінің дін саласына қатысты саясатын төмендегідей түсіндіріп өтті:

-Дінаралық келісімге қол жеткізудің тетігі – шынайы діндердің табиғатындағы үндестік. Кез келген діннің жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды, этика, эстетика және ғылымның іргетасын құруы адамдардың өзара түсінісуі мен бейбіт өмірге жол аша түседі. Діндер арасындағы татулық пен келісім рухани қажеттіліктерді өтеп, адамзат құндылықтарының салтанат құруына негіз болады. Сонымен қатар, этносаралық және конфессияаралық келісім әр кезеңде жалпыхалықтық жетістік болып қала бермек. Мақсатқа жету үшін елбасының бастамасымен әр үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтіп келеді. Дәл осы конфессияаралық диалогтың басқа жиындардан ерекшелігі – бір ғана діннің мүддесіне қызмет етпей, жалпы адамзатқа ортақ өзекті мәселелерді қамтиды. Ал, Қазақстанның дін саласына қатысты ұстанып отырған саясаты: конфессияаралық келісім – діни ахуалдың кепілі. Ел аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттілік қағидаты мен дінаралық татулық саласын қалыптастыру – мемлекет үшін де, қоғам үшін де өте маңызды. Сондықтан, мемлекеттің дін саласындағы саясатының басты мақсаты – елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуі үшін тек дәстүрлің діндерді ғана емес, барлық діндердің арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуы деп білеміз.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Хаж» сүресінде: Егер Алла адамдарды, бірін-бірі арқылы қорғамаса, манастырлар, шіркеулер, яһудилердің құлшылық орындары және ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер құлатылар еді,-деген аят бар. Яғни, әрбір мұсылман жер бетіндегі кез келген мешітте еркін құлшылық жасай алатыны секілді, яһуди, христиан және т.б. дін өкілдері де өздеріне тән ғибадатханаларда құлшылық жасауға құқылы. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың өмір сүрген Мәдина қауымына қарайтын болсақ, яһудилер де еркін өмір сүрді, христиандардың шіркеулеріне ешқандай қауіп төнген жоқ.

Мінеки, тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан енді ғана асқан Қазақ Елінде қалыптасқан діндер мен конфессиялар арасындағы толеранттылықтың түп-төркіні қайда жатыр?


 




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.12.2018, 14:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қаңтар, 20:48
    Құдай бар ма?
    18 Желтоқсан 2018
    Қызбен жүру күнә ма?
    16 Желтоқсан 2018
    Қасиетті Қағбаның тарихы
    15 Желтоқсан 2018
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан 2018
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан 2018
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан 2018
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан 2018
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан 2018
    Арақты қойғызған көрші

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31