Исламда түс көру жайында не айтылған?

Исламда түс көру жайында не айтылған?

Ассаламуғалейкум! Исламда түс көру жөнінде не айтылған? Рахмет. Нұрсұлтан.
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ардақты Алла елшісі (с.а.у.): «Түс көру – пайғамбарлық бөліктерінің бір бөлігі», - деген. Түстер ақиқаттың жаршысы ретінде кейде болатын жәйттардан хабардар етуі мүмкін. Олар - кей кезде анық, кей кезде астарлы болып келеді. Астарлы түстерді түсіну үшін түс жорушылардың көмегіне жүгіну керек. Мысалы, Юсуф пайғамбардың (ғайлейһиссәләм) бойында түсті тура жорып, астарын анық ашып берер Құдай берген қасиет болған.

Дегенмен, түстің бәрі ақиқат емес. Осы жөнінен алғанда Пайғамбарымыз (с.а.у) үш түрлі түстің болатындығын айтқан:

1. Салиқалы түс. Хадисте «ру’я салиха» деп келеді. Мәнді, мағыналы түс. Басқаша айтқанда: «Рахмани түс». Мұны қазақта «аян» дейді.

2. Шайтанның үркітуі. (Шайтани түс).

3. Өз-өзіне айтқан нәрселерінің түсінде көрінуі (қияли түс)[1].

Салиқалы түс (Рахмани түс) - Алла тарапынан келген аян іспетті. Мұндай түстер мазмұн жағынан мәнді де, маңызды, әрі еш күдік қалдырмайтындай ап-айқын болып, онысы кейіннен өңінде көрініс тауып жатады. Рахмани түстердің бір ерекшелігі, олар не сүйіншілеуші, не ескертуші сипатта болады. Және көбіне сәресі уақыттарында орын алады. Мұндай түске Пайғамбарымыз «пайғамбарлықтың қырық бес бөлігінің бір бөлігі» деп сипаттама берген[2].

Сопылық жолындағы ғалымдардың түсіндірмесіне қарағанда, адам ұйқы сәтінде материалды өмірмен байланыстың ең төменгі деңгейінде болады екен. Ол кезде адамның тылсым әлемді перделеп, көрсетпей тұрған іштегі нəфсəни бұлттары тарқап, рухани сезгіштігі артады. Соның салдарынан кейбір көмес жәйттар анық бейнеленіп, кейіннен онысы өңінде көрініс тауып жатады. Ғайыптағы ақиқи мәліметті арнайы періштелер ләухул махфуздан (үммуль китаб) алып, Жаратушы Ұлы Алланың әмірімен ұйқыдағы адамның рухына көрсетеді. Бұндай түс көбінесе салиқалы, тақуа адамдарға тән.

Ал, шайтани түстерге адамға қорқыныш пен үрей салатын, жаны қысылып, көңілсіздік тудыратын түстерді жатқызсақ болады. Мысалы, жоғарыдан құлдилап құлау, су терге түсіп біреуден қашу, жан тәсілім ету, қол-аяғы немесе басы яки басқа ағзаларының бірі кесіліп қалу, құбыжық көру т.б.

Мұндай түстің адам өміріне ешбір әсері жоқ. Мағынасыз. Атам қазақ: «түс – түлкінің боғы» деп, осы шайтани түстерге байланысты айтса керек.

Хадисте «шайтани түс көрген кісі шошып оянған заматта сол жағына үш рет түкіріп, «әғузуді» айтсын. Сосын келесі бүйріне ауысып жатсын» делінген[3].

Үшіншісі - «қияли түс», ояу кезде мән беріп, көп ойлаған нәрселері, жоспарлаған істері, көңіл-күйіне әсер еткен дүниелер, ғашық болған адамы т.б. адамның қиялынан туындаған түстер. Мысалы, ұйықтап жатып қатты шөлдеген кісінің түсінде мұздай су ішіп жатқанын көргені сияқты.

[1] Ибн Мәжә, №3154 хадис, Әбу Һурайрадан риуаят етілген: «Түс үш түрлі: Алладан келген сүйінші, адамның өз-өзіне айтқаны және шайтанның үркітуі. Кімде-кім, көңіліне ұнаған түс көрсе, қаласа айтып берсін. Ал, көңіліне ұнамаған түс көрген болса, ешкімге айтпай, тұрып намаз оқысын».
[2] Сахих Бұхари, Әбу Һурайрадан риуаят етілген: «Сүйіншілерден басқа, (енді) пайғамбарлық болмайды», - деді Пайғамбарымыз. Сахабалар: «Сүйіншілер деген не?», - деп сұрайды. Пайғамбар: «Ол – салиқали түс», - деп жауап береді. Басқа риуаятта «түс - пайғамбарлықтың қырық бес бөлігінің бір бөлігі» делінген.
[3] Сахих Мүслім - №2262 хадис.

Абдусамат Қасым 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста