Ислам діні

Ит сатуға бола ма?

  • Ит сатуға бола ма?

    Ит сатуға бола ма?

Бауырым екеуміз бағасы қымбат асыл тұқымды иттерді өсірумен айналысамыз. Сұрайын дегенім, өсірген иттерді сатуға бола ма?




Жауап

Имам Әбу Ханифаның пікірінше, тұрмыстық қажеттілік үшін ит ұстауға тыйым салынбаған. Яғни, аңшылық мақсатында және үй, қора, мал күзету үшін ит асырауға болады. Себебі, Құранда оларды аңшылыққа пайдалануға рұқсат еткен:


«Сендерге таза нәрселер (дін бойынша халал нәрселер) халал қылынды» де. Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп, тәрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар, сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз Алла есепте өте тез» («Маида», 4 аят).


Иттерді аңшылыққа және үй мен үй жануарларын қору үшін асырау туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде де: «Итті мал бағу мен аң аулаудан басқа мақсатта ұстаған адамның игі амалдары күннен-күнге азаяды» (Бухари, Муслим), – делінген.


Ал сату мақсатында ит асырау – мәкрүһ. Имам Шафиғидің айтуынша, ит «нәжәсүл-ъайн», яғни «нәжістің өзі» болып есептеліп, өзге нәжіс тәрізді құнсыз затқа жатады. Осы себептен ит сауда заты бола алмайды. 




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

сенбі, 15.09.2018, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31