Ислам діні

Жаңа жыл «кәпірлердің мерекесі» ме?

  • Жаңа жыл «кәпірлердің мерекесі» ме?

    Жаңа жыл «кәпірлердің мерекесі» ме?

Соңғы кездері жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын қоғамда екіұдай пікір қалыптасып отырғандығын байқауға болады. Бұлардың біріншісі, жаңа жыл бұл үйреншікті мереке, оны бұрыннан бері мерекелеп келе жатырмыз, оны атап өтудің еш сөкеттігі жоқ дейтіндер. Екінші бір топ, бұлардың басымдығы жоғары болмаса да діни көзқарасты берік ұстанатындар болып жаңа жылды тойлауға үзілді-кесілді қарсы пікір білдірушілер. Тіпті осы жаңа жылдың белгілеріне, символдарына қарсы жарнама жасап, күпірліктің белгісі екендігін жария етуде.


Енді осы мәселе бойынша ой тұжырымдайтын болсақ, алдыңғы пікірді ұстанушылар арасында көбінесе жаңа жылды тойлауды барынша өрбітіп, ішімдік, араздық т.б. шектен шыққан қылықтармен атап өтуді жөн санайтындар бар. Бұл атап өтуде де шектен шығушылық болса, дін оны құптамасы хақ. Өйткені, жаманшылыққа жол ашатын дүниелерге діни қағидалар бойынша тиым салынады. Ал екінші көзқарасты ұстанушылар, көбінесе бұл мерекені басқа діннің мерекесі, яғни «Иса пайғамбардың туылған күні. Бұл – христиандардың мерекесі. Сондықтан мұсылмандар атап өтуге болмайды» деп түйеді. Мүмкін бұған басқа мұсылман елдеріндегі атап өтілмеулерден мысал да беруі ықтимал. Олай болса, біз не нәрсеге басты назар аударуымыз керек деген сұрақ туындайды.


Ең алдымен, назарға алатын мәселе, қазіргі біз атап жүрген жаңа жылдың (немесе жыл санаудың) Иса пайғамбардың дүниеге келуімен байланысы бар. Бірақ, бұл қазірде сенімдік мереке емес, мемлекеттік мереке ретінде тойланады. Ал зайырлы қоғам ретінде біздің де жыл ауысуға байланысы ресми мереке ретінде бекіткендіктен жалпы халық атап өтеді. Тіпті, бұл мереке кезінде дін құптарлық әрекеттер де жасалады. Ағайындарды аралау, хал-ахуал сұрасу сияқты. Демек, бұл мереке тек жаманшылықтың көзі деп санау қателік болады.


Сонымен қатар, біздегі діни көзқарасты ұстанатын кейбір азаматтардың өз көзқарастарын жалпы халыққа мойындатуға талпынуы да дұрыс әрекет емес, өтпелі жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отырған қоғамда белгілі бір топтың көзқарасын барлық халықтан талап ету орынсыз қылық. Оның үстіне жаңа жыл сияқты мемлекеттік мерекелеріміз көп. Бұлардың барлығының дінде орны жоқ. Олай болса, барлық мереке атаулыға қарсы шыға алмаймыз. Сондықтан, адамдардың имандылыққа бет бұруы, діни көзқарастарды ұстануына ешкім кедергі болмайды, дегенмен жаңа жыл мерекесінің діни емес мемлекеттік мерекеге айналғандығын ескерген дұрыс.


Сондықтан көптеген дұға, тілектерге себеп болып жатқан бұл мерекені ақидалық тұрғыдан бағалап, күпірлік белгісі деп санау әртүрлі қайшылықтар тудыруы мүмкін. Сол себепті «Кім бір қауымға ұқсаса, солардан болады» деген сияқты пайғамбар хадистерін алға тартудың да реті жоқ. Бұл хадис көбінесе азғындық пен күпірлік ұстанымдағы қауымдарға қатысты қолданылады. Ал бір жылдың аяқталуына қатысты өткен жылға есеп беру, алдағы жылдың қайырлы болуын жаратқаннан сұрау бұл, ешқандай да әбес қылық емес. Ал араздық пен азғындық жылдың басқа кездерінде де орын алып жатқан, адамның ішкі тәрбие-түйсігіне қатысты кемшілік. Сол себепті, саналы адам, қандай мерекеде болмасын, қай мезгілде болмасын, өзінің әрекеттеріне баға бере білуі тиіс. Ал жаман қылыққа тек мерекені тиюмен тиым сала алмаймыз. Сондықтан, жаңа жыл біздің өмірімізде орын алып отырған маңызды мерекелердің бірі екенін естен шығармайық!


Кеңшілік ТЫШХАН,

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі,

философия ғылымының кандидаты


kazislam.kz




Көрілген: 970    Пікірлер: 2

жексенбі, 31.12.2017, 16:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
15 Наурыз, 11:17
Қабір өмірі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30