Ислам діні

Жаңа жылға арнап жұмыстан берілген сыйлықты алуға және сыйлық беруге бола ма?

  • Жаңа жылға арнап жұмыстан берілген сыйлықты алуға және сыйлық беруге бола ма?

    Жаңа жылға арнап жұмыстан берілген сыйлықты алуға және сыйлық беруге бола ма?

Әссәләмуғалейкум! Бауырлармен мынандай қайшылыққа түсіп қалып жатырмыз (кейбір бауырларымыз ұстаздың жауап бергенімен келісе алмай жатыр). Бір бауыр осылай сұрақ қойды: Бауырлар, жаңа жылға бізге жұмыстан сыйлық береді. Қанша балаң болса, сонша сыйлық береді. Соны алуға бола ма? Осы мәселе қалай болады екен? Арданат


Сәлеметсіздер ме! Жаңа жылда туған-туыстарға сыйлық сыйласақ оның күнәсі бола ма? Жаңа жыл үшін емес, жәй себепкер етіп. Мақсат олардың көңілін аулау ғой. Жанна.


Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!


Алла елшісі кәпірден де сыйлық қабыл еткендігі сахих хадистерде айтылады. Және Әзіреті Омар өзінің мұсылманшылықты қабыл етпеген мүшрік бауырына киім сыйлағандығы "Сахих Мүслім" атты хадистер жинағында келтірілген[1]. Сондықтан да, жаңа жылға арнап жұмыстан сыйлық беріліп жатса, оны қабыл етудің күнәсі жоқ. Маңыздысы берілген зат халал болуы шарт.


Ал, енді сыйлық сыйлауға келер болсақ, бұған байланысты ертеректе өмір сүрген кей ғұламаларымыздың айтуы бойынша, діні бөтен елдің мейрамын ұлықтау мақсатында емес құр адамдар арасында орын алған әдет болғандықтан әлдекімге ықылас білдіріп, сыйлық сыйлап жатса, оған бола кәпір болмайды. Тек, дәл сол күні емес, бір күн алдын не бір күн кейін сыйлағаны жақсы. Бұл – сол қауымға ұқсау болмасын дегендік. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан", - деген[2]. Сондықтан да, өзінің жора-жолдастарына немесе туған-туыстарына (сұрақта сұралғандай көңілдерін аулау мақсатында) сыйлық сыйлағысы келген дін жолындағы мұсылман кісі лаж болса, дәл жаңа жыл мейрамында емес, одан бұрын немесе одан кейінгі күндері сыйлағаны жөн.  


islam.kz




Көрілген: 850    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.12.2017, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә
    13 Маусым, 14:07
    Салауат дегеніміз не?
    12 Мамыр, 13:52
    Заң мен заман

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31