Ислам діні

Жәннатты сатып алған кім?

  • © pronebo.info

    © pronebo.info

Бір күні өте кедей бір кісі Мұса алейһиссаламға:


«Йа, Мұса, жылдар бойы ғибадат етудемін, бірақ кедейліктен өлуге айналдым. Алла Тағалаға дұға ет, маған көп мал-мүлік берсін. Жағдайымды түзеп алайын» – дейді. Мұса алейһиссалам Тур тауына барып, Алла Тағалаға дұға етеді. Алла Тағала: «Ол құлымнан сұра! Байлықты дүниеде берейін бе, ақыретте ме?» дейді. Мұса алейһиссалам кедейге келіп сұрайды. Кедей:


«Мен байлықты дүниеде қалаймын,» – деп жауап береді. Мұса алейһиссалам:


–Үш күндік дүниені не қыласың? Бір күні барлығын тастап кетесің ғой. Сен байлықты ақыретте сұра, ол жақ мәңгілік, – деп кеңес береді. Кедей:


–Таңдау маған берілді, мен дүниеде қалаймын, – дейді. Мұса алейһиссалам кедейге:


–Өзің білесің, – деп, Тур тауына барып, Аллаға «Йа, Раббым! Өзің білетініңдей ол құлың байлықты дүниеде қалады» дейді. Алла Тағала: «Қалауы болса байлықты дүниеде бердім» – дейді.


Кедей аз уақыттың ішінде өте бай болады, ақшасы сансыз көп болады. Ақшаларын үнемі жақсы нәрселерге жұмсайды. Ақшасын таратқан сайын арта береді. Қаншалықты көп берсе, соншалықты көп ақшасы болады. Қай жерде кедей адам болса, соған барып көмектеседі. Қай жерде қарызға батқан адам болса, оның қарыздарын төлейді. Жетімдерге қамқорлық жасайды. Оларды қуантады. Үйі болмағандарға үй әпереді, үйленгендерге көмектеседі. Өзіне ешнәрсе жаратпайды. Бар мүлкін өзгелерге таратады.


Уақыты келіп, бір күні ол адам қайтыс болады. Мұса алейһиссалам түсінде оны жаннатта зәулім сарайлардың ішінде көреді. Қызығып мұның хикметін сұрайды: «Йа, Раббым, бұл құлың байлықты дүниеде қалады, сен бердің. Ақыретте зәулім сарайларға қалай ие болды?» Алла Тағала былай дейді: «Ия, ол байлықты дүниеде қалады, мен бердім. Бұл сарайларды ол сол байлығымен сатып алды. Мен берген барлық ақшамды ол осы жерге жұмсады. Ол дүниеде зәулім сарайлар сатып алған жоқ, дүниеде мал-мүлік иесі болмады. Оған берген барлық мүмкіншіліктерді менің разылығым үшін, менің құлдарыма, менің сүйгендеріме таратты, (осылайша) жаннат пен зәулім сарайларға қол жеткізді».


ihsan.kz

 




Көрілген: 1112    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.07.2018, 15:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Желтоқсан, 21:00
    Күн райын болжау дұрыс па?
    16 Желтоқсан, 17:14
    Қасиетті Қағбаның тарихы
    15 Желтоқсан, 14:05
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан, 12:28
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан, 14:17
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31