Ислам діні

Жастарды теріс ағымдардан қорғау шаралары қолға алынуда

  • Жастарды теріс ағымдардан қорғау шаралары қолға алынуда

    Жастарды теріс ағымдардан қорғау шаралары қолға алынуда

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап, Республикамызда дін туралы заңдар да күшіне ене бастады. Заң шеңбері бойынша Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы тілі мен дініне қарамастан жеке наным-сеніміне, көзқарасына құрметпен қарау негізделді. Яғни мемлекетімізде діни еркіндіктер орын ала бастады.


Енді ғана алға қадам басқан жас мемлекет үшін, діннің өзектілігі, радикалды әрекеттер, діни тұрақсыздық сондай-ақ дін аясындағы бірнеше тақырыптар айтарлықтай маңызды роль атқара қойған жоқ болатын. Уақыт өте келе дін мәселесінің өзектілігі артып, ішкі қайшылықтар мен наразылықтың туындау салдарынан жағдай шиеленісе түсті.

Еліміздегі ең көп террорлық әрекеттер орын алатын қалалар қатарына: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, ШҚО, БҚО, Маңғыстау секілдір облыстар енеді.

Біраз уақытқа дейін Алматы, Астана қалаларында террорлық қауіптің «сары» деңгейлері енгізілді.

Республика аумағында 2011 жылдан бастап радикалды әрекеттер орын ала бастады. Алғашында «бомба» жарылғыш затымен өзін жарып жіберетін жиһадшылар көбейді. Бірақ құқық қорғау органдары ол жарылыстарды теракт деп қабылдаған жоқ. Есесіне 2011 жылдың соңғы қорытындысы бойынша бір жыл ішінде 8 теракт орын алған, бірақ оның 4-і теракт ретінде қабылданған жоқ, дегенмен, орын алған әрекеттердің барлығында бірдей жағдайлар көрініс тапқан. Өкінішке орай ол уақытта жиһадшыларға ешқандай қарсы күрес амалдарын жүргізе алған жоқпыз. Сол уақыттарда өзін ғана жарып жіберетін жиһадшылар, бүгінде бірнеше топтың өмірін қиюды әдетке айналдырды. Осылайша, 2011 жыл Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін терроризмнен болған жарылыстар болашаққа деген үрейлерін туғызды.

Бүгінде заңда өзгертулер енгізілген, қарсы күрестерде жүргізіліп жатыр, бірақ сол кешегі жиһадшы мен бүгінгі террористің шығу тегін таба алмай келе жатырмыз. Бұрын қалай күресіп едік, қазір қалай күресіп келе жатырмыз деп талдайтын болсақ, біршама жетістіктерге жеттік, бірнеше теріс ағымға кеткен адамдардың бетін бері қаратқанымыз көңіл қуантады.

Дегенмен бүгінде мешіттердегі жағдайда ақсап тұр. Жұма намазға бара қалсаңыз, жамағаттан бөлініп намазын өзгеше оқитын адамдар көзіңізге түспей қоймайды. Соңғы 3-4 жыл шеңберінде жастардың дінге бет бұруы да едәуір жоғарғы көрсеткішке ие болды. Бұл көрсеткіштерді де жат ағымдар өз мақсаттарына пайдаланып, елімізде жастардың қатысуымен террорлық әрекеттер белең алуда. Бұл, әрине, қуанатын жағдай емес, бірақ қоғамда сақалын қаптап өсіретіндер мен балағының қысқалығын анық көрсететін адамдар көбеюде. Зайырлы мемлекет екенімізді ескерер болсақ, олардың сырт келбеті мен намаз оқуындағы өзгешеліктеріне көз жұмып қарауымызға тура келеді. Бірақ мемлекетіміз онымен тоқтап қалып жатқан жоқ, ғаламтор желілерінде түсіндіру жұмыстарымен, аудио, видео жазбалардың көбеюі, сондай-ақ мүфтият пен діни басқармалардың белсенділігін байқаймыз. Алайда онымен жұмыс бітпейді, жаңашаланған әдістер мен жылдамдатылған озық жүйеге ауысу керек.

Ең алдымен ислам бағытындағы білім беру жүйесін нақтылап, сонымен қатар мектептерде дінтану пәнінің сағаттарын көбейту арқылы, білім алып келе жатқан жас жеткіншектердің дін тақырыбындағы сауаттылығын арттырамыз. Онымен қоса ғаламтор желілеріндегі бұрыс бағытта жұмыс жасайтын сайттар мен топтардың таралуына тиым салу және қатаң тексерістен өткізу жұмыстарын қолға алуымыз шарт. Арнайы оңалту орталықтарының халықпен тығыз байланысын жақсарту керек, яғни кез –келген қала тұрғыны қысылмастан көкейіндегі сұрақтар мен намаз оқу жүйесін танысынан емес арнайы орындардан үйренгені дұрыс. Халықтың дінге деген құлшынысы күннен-күнге артып келе жатқанын ескерсек, мемлекеттік мекемелерде, жекеменшік жұмыс орындарында, ЖОО, орта білім беретін және мектептерде, арнайы кәсіпорындарда түсіндірме жұмыстарын жиі жасау арқылы дін мамандарының халықпен тығыз байланысын арттырамыз. Жат ағымдардың құрбаны болған адамдар туралы деректі және көркем фильмдердің санын көбейткен жөн. Сондай-ақ дінтанушы психологтардың көптеп даярлануы, ұтымды жұмыстың бірі болар еді.

Осыған орай, жоғарыда айтылған мәселелерді шешу мақсатында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығы Дін істері жөніндегі басқарманың тапсырысымен «Дінтану және зайырлылық негіздері» пәнінің мұғалімдеріне біліктілігін арттыру курстарын жүргізе бастады. Бұл курстар Қалдаяқова, 62 А мекен-жайы бойынша орналасқан Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығында өтіп жатыр.

Қазақ халқы үшін ислам діні дәстүрлі дін болғандықтан, ислами сауыттылық еліміздің кез-келген азаматынан талап етілуі тиіс. Ол үшін арнайы оқытатын курстар, интернет желілеріндегі мақалалардың санын жиілетуді қолға алу керек.

 




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 20:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Желтоқсан, 14:05
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан, 12:28
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан, 14:17
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31