Ислам діні

Жұбайлық қарым-қатынас әдебі

  • http://muslim.kz

    http://muslim.kz

Әрбір іс-амалдарымызда бізге ерекше өнеге, үлгі болатын жан – Алланың елшісі (с.ғ.с.). Жұбайлық қарым-қатынаста да ол (с.ғ.с.) үлкен үлгі болды.


Айша анамыз (р.а.) Алланың елшісі (с.ғ.с.) былай дегенін келтіреді: «Сендердің ең жақсыларың – өз жанұясына жақсыларың. Араларыңдағы жанұясына ең жақсыларың – менмін»[1].


Асыл дінімізде сүннетке сай түрде үйленіп, халал жолмен қосылып, адал жолмен бала сүю қайырлы амалға жатады. Оған дәлел – төмендегі хадис.


Әбу Зар әл-Ғифариден (р.а.) былай дейді: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) сахабаларының бір тобы келіп: «Уа, Расулалла! Байлық иелері көп сауапты алып кетті: олар біз сияқты намаз оқиды, біз сияқты ораза тұтады, сосын мал-мүліктерінің артығынан садақа береді», – дейді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла сендерге садақа шығаратын нәрселер жасамап па еді? Шындығында әрбір тәсбих («Субханаллаһ» деп айту) – садақа, әрбір тәкбір («Аллаһу әкбар» деп айту) – садақа, әрбір тәхмид(«Әлхамдулилләһ» деп айту) – садақа, әрбір тәһлил («Лә иләһә иллаллаһ» деп айту) – садақа, жақсы іске үндеу – садақа, жаман істен тыю – садақа, тіпті, біреулеріңнің мүшесінде де садақа бар», – деді. Сонда сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда біздің біреуіміз (әйелімен қосылып,) құмарын қандырса, соған да сауап бар ма?» – сұрады. Алланың елшісі (с.ғ.с.) : «Көрмейсіңдер ме, ол оны (мүшесін) харамға салса, сол үшін оған күнә болмай ма? Соған керісінше егер ол онысын халалға салса (яғни, некемен қосылса) оған сауап болады», – деді[2].


Алланың елшісінің (с.ғ.с.) әрбір ісі бізге үлгі. Ол (с.ғ.с.) сахабаларына жұбайлық қатынас кезінде оқылатын дұғаны да үйреткен.


Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегені айтылады: «Сендердің біреулерің жұбайымен қосылғанда «Бисмилләһ, Аллаһумма джәннибнәш-шайтана, уа джәннибиш-шайтана ма разақтәнә» («Алланың атымен! Уа, Алла! Бізді шайтаннан аулақ қыл және бізге ризықтағанды (яғни, баланы) да шайтаннан аулақ қыла көр!») деп қосылса, егер олардың арасында бала нәсіп қылса, оған шайтан еш зиян ете алмайды»[3].


Жалпы Ислам дінінде ер мен әйелдің тәни қатынасына тек некелескеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Керісінше жағдайдағы тәни жақындық заңсыз қосылу – зина болып есептеледі. Бұған жол бермеудің бірден-бір амалы – шариғат шартына сай түрде үйлену. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде жастарды үйленуге шақырады. Үйлену арқылы олардың күнәдан аулақ болатындарын, ал үйленуге күші жетпеген жағдайда ораза тұтуларын, ар-намыстарын осылайша қорғаулары керектігін ескертеді.


muslim.kz 




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.01.2019, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қаңтар, 20:48
    Құдай бар ма?
    18 Желтоқсан 2018
    Қызбен жүру күнә ма?
    16 Желтоқсан 2018
    Қасиетті Қағбаның тарихы
    15 Желтоқсан 2018
    Нәпсіге ие болу
    14 Желтоқсан 2018
    Төрдегі төрт ана
    10 Желтоқсан 2018
    Ислам түсіністіктің тілі
    6 Желтоқсан 2018
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан 2018
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан 2018
    Арақты қойғызған көрші

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31