Ислам діні

Жұмаққа кіруге тыйым салынған адамадар

  • Жұмаққа кіруге тыйым салынған адамадар

    Жұмаққа кіруге тыйым салынған адамадар

 Яхья бин Аксама: «Өсекші сиқыршыдан да жаман, өйткені сиқыршының бір ай бойы жасайтынын, өсекші бір сағатта жасап тастайды», - деп айтқан.


Тағы да былай айтылған: «Өсекшінің амалы шайтанның қастығынан да қауіпті, өйткені шайтан жасырын айдап салады, ал өсекші ашық түрде әрекет етеді».


Ақиқатында, Алла Тағала: «Отын тасушы», - деп айтқан.


Муфассирлердің (Құранды түсіндірушілердің) көпшілігі: «Асылында, өсекші отын тасушы болып табылады», - деген.


Неге тек «намима», яғни, өсекші? Өйткені өсекші ұрыс-керіс пен соғыстың себепшісі әрі Тозақ отын жандырушы.


Аксам бин Сайфи былай айтқан: «Қарабет болғандар төртеу, олар: өсекші, өтірікші, борышкер және жетім».


Гутб бин Габдулладан (ол кісіге Алланың рақымы болсын) келтірілген: «Бір адам бір ғұламадан жеті сөз туралы сұрауға келіпті. Оған келіп: «Мен саған келдім, енді маған аспан туралы айтып берші. Аспаннан не ауыр? Жер туралы айтып бер. Жерден не кең? Маған тас туралы айт. Тастан не қатты? Маған от туралы айт. Оттан не ыстық? Маған қатты суық туралы айт. Одан не суық? Маған теңіз туралы айт. Одан не терең? Маған жетім туралы айт. Одан кім әлсіз?», - деген екен.


Ал кейбір риуаяттарда оның былай сұрағаны келтірілген: «Маған у туралы айт, удан не жаман?» Ғалым әлгі адамға былай жауап беріпті: «Жақсы адамдарға жабылған жала аспаннан да ауыр. Шыншыл сөз жерден де кең. Жүрек разылығы теңізден де терең. Дене сараңдығы оттан да ыстық. Адам қажеттілігін өтемеу қатты суықтан да суық. Біреу туралы таратылған өсек, оған белгілі болса, ол жетімнен әлсіз, ондай өсек масқараға айналады». Басқа бір риуаятта өсек удан да жаман, яғни, удан да зиянды делінген.


Ибн Гумар (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Алла Тағала Жұмақты жаратқан соң, Ол оған: «Сөйле», - деген. Сонда Жұмақ: «Кімде-кім маған кірсе, бай болады әрі құтылады», - деп айтқан. Алла Тағала былай айтқан:


«Өзімнің Ұлылығым әрі Құдіретіммен ант етемін, саған сегіз адам кірмейді: ішімдік ішкен, үнемі зина жасаушы, өсекші, өз отбасына қатысты батыл болмаған — өз әйелін басқа рұқсат етілмеген еркекпен сөйлесіп тұрғанын көрсе де оған бір сөз айтпаған, өзін әйел сияқты ұстаған полицей, яғни күшті бола білмеген, туыстық қарым-қатынасты үзгендер, сондай-ақ, бір нәрсені жасаймын деп Алла атымен ант беріп, бірақ жасамайтындар».


Хасан Басри (ол кісіге Алланың рақымы болсын): «Егер біреу саған адамдардың сөздерін айтып келсе, онда біл, ол сенің де сөздеріңді біреулерге жеткізеді», - деген..


Гумар бин Габдулгазизге (ол кісіге Алланың рақымы болсын) бір адам келіп, басқа бір адамның жағдайын айтып береді. Сонда Гумар (ол кісіге Алланың рақымы болсын) айтқан: «Егер сен жалғаншы болсаң, онда сен туралы келесі аятта былай айтылған:


«Бұзық біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер» (49:6). Ал егер сен шындықты айтсаң, онда сен туралы келесі аятта былай айтылған: «Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да» (68:11). Егер сен қаласаң, біз сені кешіреміз». Сонда әлгі адам: «Уа, тақуалардың әміршісі, сенің кешіргеніңді қалаймын, ендігәрі мұндай істерге бармайтын боламын», - деген екен.


 


"Танбихул ғафилин" кітабынан.


asyldin.kz




Көрілген: 690    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 11.01.2018, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қаңтар, 12:52
    Боза ішу харам ба?
    29 Желтоқсан 2017
    "Харам" дүкені ашылды
    26 Желтоқсан 2017
    Қыздың орны – төр
    24 Желтоқсан 2017
    Шайтан айтқан шындықтар
    21 Желтоқсан 2017
    Тағдыр жазылып қойған ба?
    17 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    17 Желтоқсан 2017
    Сириядағы жетімдік
    15 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    13 Желтоқсан 2017
    Қиямет-қайым болғанда...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31