Жұмақтың төріндегі 4 әйел

Жұмақтың төріндегі 4 әйел

Бірде Алла елшісі жерде төрт сызық сызып, сахабалардан бұның нені білдіретінін сұрайды.
– Алланың елшісі бізден жақсы біледі, – деп жауап берді олар.
Сонда Алланың елшісі:
– Жұмақ төріндегі төрт әйел: Хадиша бинт Хувайлид, Фатима бинт Мұхаммед, перғауынның жары Асия бинт Музахим және Мәриям бинт Имран – дейді.
Хадиша бинт Хувайлид Алла елшісінің бірінші жұбайы. Исламға дейінгі кезеңде ол өзінің адалдығы мен тектілігі себепті «Тахира» деген ат алған. Ол «өте таза» деген мағынаны білдіреді. Кейінірек оның Алла елшісінің әйелдерінің арасында ұлылығын ескеріп, «Кубра» атай бастаған.Ол Алла елшісінің бірінші жұбайы ғана емес, әрі досы, әрі көмекшісі, әрі серіктесі, әрі сахабасы болған. Ерінің пайғамбарлық жолы басталған ең қиын кезеңдерде де ол ерін қолдай білді. Алла елшісі оны ешқашан есінен шығармаған. Меккенің ең бай әйелдерінің бірі болған және Исламды қабылдағаннан кейін Алла разылығы үшін сол бар байлығын жұмсаған жан. Хадиша анамыз көзі тірісінде жұмақпен сүйіншіленген.
Фатима бинт Мұхаммед Алла елшісінің кіші қызы және балаларының арасындағы әкесінің соңында қалған жалғызы. Алла елшісінің басқа балалары өзінен бұрын дүние салған. Алла елшісінің ұрпағы осы Фатима мен Әлиден тараған.Ол «Захра» деген атқа ие болған. Мағынасы «нұрлы жүзді» дегенді білдіреді. Сондай-ақ оны «Батуль» атаған. Мұның мағынасын аударғанда «тақуа әйел» дегенді білдіреді. Фатима әрдайым сабырлы әрі қарапайым қалпынан танбаған.Бірде Фатима Асма бинт Умайсқа өзі қайтыс болғаннан кейін сабанға кебінделген денесін өзге ерлердің көрмегенін қалайтынын айтады. Асма Эфиопияда қайтыс болған адамның денесін табыт салып алып жүретінін айтады. Мұны естіген Фатима өз денесін өзгелердің көрмеуі үшін сол Эфиопиядағыдай табытқа салып алып жүруді өсиет етеді, ол өсиеті кейін орындалған.
Асия бинт Музахим тақуа әйел болған. Перғауынның жұбайы. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Сонымен бірге Алла Тағала тақуаларға үлгі ретінде перғауынның әйелін келтіреді. [Ертеде] ол былай деп дұға қылған: «Жаратушым, Маған Өзіңде жұмақ үйін сайла [маған Жұмақта мәңгілікке қалуға көмектес] және мені перғауын мен оның ісінен сақта. Мені жәбірлейтін халықтан сақта» (ат-Тахрим сүресі, 11 аят).Перғауынның жұбайы болса да ол қарапайым болған. Алла Тағаланың әмірімен Асия Ніл өзенінде жүзіп жүрген себетті көреді. Себетті судан шығарып, ашқанда ішінде ұл баланы – Мұса пайғамбарды көреді. Асия өзінің ерін осы баланы тәрбиелеуге алуға көндіріп, оған емізуші тағайындайды. Ол емізуші әйел Мұсаның шын анасы болып шығады. Асия Алла Тағалаға деген өз сенімін ерінен жасырады. Бірақ перғауын біліп қойып, Асия қинау кезінде шахад сөздерін айтып қайтыс болады.
Иса пайғамбардың анасы Мәриям бинт Имранның есімі Құранда отыз төрт рет айтылады. Ол өзінің сырт сұлулығымен, рухани байлығымен ерекшеленген жан. Алла елшісінің хадисінде аталған төрт әйел әр түрлі кезеңдерде өмір сүрсе де, тағдырлары әр түрлі болса да, олар тақуалықтарымен, қарапайымдылықтарымен, адалдық пен адамгершіліктерімен, сұлулықтарымен, рухани байлықтарымен ерекшеленген. 

ihsan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста