Қабірден хат

Қабірден хат

Қайғыдан қамкөңіл болған ана жа­сы жи­ыр­ма бес­ке жет­кен­де қыршынынан қиылған қызын ой­лап дөңбекшіп жа­та ал­ма­ды. Ба­у­ыр еті баласының көз жұмғанына ап­та­дан ас­са да, әлі де көне алар емес. Қызының жарқын күлкісі, жадыраған жүзі көз ал­ды­на елес­теп, енді көрмейтініне се­не ал­май­ды, сенгісі келмейді… Жы­лай-жы­лай көз жа­сы да таусылғандай. Ой тұңғиығына ба­тып жа­тып, бір ме­зет­те көзі ілінді. Құлағына қызының талықсып жет­кен да­у­ы­сы естілді…

«Ана­шым, сіздің мені жоқтап жы­лап жатқаныңызды көріп, жа­ным қатты қиналды. Ана­шым, сіз есінізден та­нып, әкемнің жүрегі ауы­рып, ба­у­ыр­ла­рым жы­лап жатқанда менің жа­ны­ма түрі тым суық, қап қара түтіккен өте қорқынышты бей­не келді де жа­ным­ды өзегімді жұлым-жұлым етер­дей су­ы­ра бас­та­ды. Осын­дай қорқынышты көріністен үрейленген менің жа­ным де­нем­нен шығуға қарсылық көрсетіп, денемнің әрбір бұрышына ба­рып, тығыла бас­та­ды. Жа­ным қаншалықты қарсылық көрсетсе, періштелер де мені соншалықты соққының ас­ты­на ал­ды. Өзегімнің жұлма-жұлмасын шығарып, ақыры жа­ным де­нем­нен ажы­ра­ды.

Ана­шым, жа­ным не­ге қиналып жа­тыр, құтқарыңдаршы мені. На­маз­да­рым, құтқарыңдаршы мені, садақаларым, ора­за­ла­рым не­ге келмейсіңдер.

Көзі соқыр, аяғы ақсақ, өте жұпыны бір шал көзіме көрінді. «Сен кімсің?» деп сұрағанымда «Мен сенің амалдарыңмын» «Сен не­ге маған бағанадан бері келмедің?» дегенімде, ол маған: «Сен амал­дар­ды немқұрайлы, на­маз­дар­ды ықылассыз кешігіп оқушы едің ғой. Оразаларыңда тек ішіп же­уден ғана тыйылатынсың. Сондықтан мен саған осын­дай бей­ша­ра күйде келіп тұрмын» деп жа­у­ап берді.

Ана­шым, сол кез­де менің өзегімді өкініштер өртеді. Өмірімде сезініп көрмеген өкініш, өзгертуге бол­май­тын өкініш. Не­ге, сол кез­де на­маз­да­ры­ма немқұрайлы бол­дым, не­ге амал­да­рым аз, әлсіз бол­ды, ана­шым, ана­шым маған, киіміме, тамағыма мән бер­ген­ше не­ге на­маз­да­рым­ды, құлшылығымды қадағаламадың. Сен кигізген кебін шіріді, сен жегізген тамақтар бой­ым­нан құрт шаянға жем бол­ды. Денемді әр жерінен тескілеп, өздеріне азықтарын та­у­ып жеп жа­тыр.

Ана­шым, маған екі періште келді де өмірде мен көп естіп жүрген сұрақтарды қоя бас­та­ды, бірақ менің тілім күрмеліп, аузы­ма сөз түспеді, не­ге… Мен олар­ды білемін ғой… Ай­та ал­май жа­ным қиналды, Ана­шым сон­да олар мен қатты соққының ас­ты­на ал­ды, бұл өмірде адам ба­ла­сы сезінбеген қатты ауыр соққы, шыңғырған, ышқынған дау­сым шықты.

Құтқарыңдаршы,құтқарыңдаршы…. Бірақ бәрінің кеш екенін түсіндім. Енді ештеңені түзете ал­май­мын ғой. Сол кез­де маған тозақтағы ор­ным көрсетілді. Қандай жа­ман орын. Ал­ла­дан қиямет күніңді жақындата көрме деп қатты жал­ба­ры­нып сұрадым.

Ана­шым, маған сенің жақсы амал­мен жасаған дұғаларың ғана жәрдем бе­ре ала­ды. Ана­шым, сенің өкінішке ұрынғаныңды қаламаймын.. Ана­шым, бәрі хақ, бәрі шын.

Ал­ла­дан жәрдем сұра,ана­шым..» 

makala.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста