Ислам діні

Қажылықта қабыл болған дұға

  • Қажылықта қабыл болған дұға

    Қажылықта қабыл болған дұға

Қайбір жылы қажылыққа барған бір кісінің басынан өткен осы оқиғаны естіп, таң қалдым.


Орта жастағы бір әйелдің мінезі өте қиын екен. Ашуы тез тұтанып, лап ете түсетін, сондай «күшейген» күйінде кісіге талай ауыр сөз айтып тастайтын аузы жеңіл, тілі ащы адам болса керек. Әрине, қайтымы тез деседі, бірақ ашуы құрғыр «қайтамын» дегенше де бұ кісі шайпау тілімен талай адамның жүрегін шаншып, жанын жаралап үлгеретін көрінеді.


Күндердің күнінде перзенттері анасын Меккеге қасиетті қажылық сапарға жібермек болады. Әйел жолға шығар алдында Құдайға жалбарынып, қайта-қайта дұға жасайды: «Е, мейірімді Жаратқан, мен құрысам тілімнен, мінезімнен құримын. Киелі жерге табаным тиіп, ұлы парызды орындау үстінде де біреулермен ұрсысып, жанжалдасып қалмайтындай бір ғаламат халге түсірші! Маған сол күндерде сабыр бере гөрші, төзім бере гөрші!».


Ақыры қажылық сапар басталады. Алғашқы күндер сәтті өтеді (бара салып кіммен ұрыссын, оған шамасы да болмаған шығар). Меккеден шығып, Мина жазығына аттанар тұста апамыз адасып кетеді. Миллиондаған адам құмырсқаша құжынаған сапарда жүріп, Қазақстаннан өзімен бірге барған топтан көз жазып қалады. «Үйірінен ажырап», сенделіп жүрген бейтаныс әйелдің жағдайын түсінген пәкістандық қажылар оны өздерінің әйелдер тобына қосып алады. Апамыз күнде солармен бір шатырда тынығады, бірге құлшылық қылады, бірге ас-су ішеді. Әйтеуір ым-ишара арқылы ғана ұғысады. Сөйлесейін десе, олардың тілін бұл білмейді, мұның сөзін олар түсінбейді. Ұрсысу тіпті мүмкін емес!


Тек елге қайтар күн таяғанда ғана апамыз әлдебір мешіттен бір топ қазақ көріп қалып, құшағын жая ұмтылады. Солардан сұрастырып жүріп, өз тобын тауып алады. Сөйтіп, ешкіммен ұрыспай, ешкімге ауыр сөз айтпай, керемет көңілмен, қажылық парызын орындап, елге қайтқан екен. 




Көрілген: 1037    Пікірлер: 0

сенбі, 01.09.2018, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 12:49
    Ібілістің 3 кеңесі
    2 Желтоқсан, 21:11
    Ырымға сенуге бола ма?
    2 Желтоқсан, 13:50
    Арақты қойғызған көрші
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31