Ислам діні

Кедейді байытқан дұға

  • Кедейді байытқан дұға

    Кедейді байытқан дұға

 Ертеде бір кедей тау беткейінен отын шауып, кептіріп, жақын жердегі қалаға апарып сатып отбасын асырап жүреді. Қалаға барар жолында үлкен өзен бар екен. Өткел өте алыс орналасқандықтан шаруаның көп уақыты жолға кетеді. Ал өзенді кесіп өтуге мүмкіндігі жоқ болғандықтан бір ғалымға келіп: «Маған Алланың разылығы үшін мына судың үстімен өтетіндей бір дұға үйретіңізші. Сонда мен көбірек отын сатып, отбасымның жағдайын жақсартар едім», - деп өтініш жасайды.


Данышпан дұға жазып беріп, дұға етудің амалын үйретеді.


Шаруа амалдарын орындап, дұға етіп Аллаға жалбарынып, тәуекел етіп су бетімен қалқып жүре береді.


Біршама уақыт өткенде шаруасы алға басып, жағдайы жақсарып шыға келеді. Қайық алуға шамасы жетсе де су бетімен жүріп отынын баяғыша өзі таси береді.


Бір күні әлгі ғұлама су бетімен жүре алатын шаруа жайлы естиді де өз көзімен көру үшін өзен жағасына келеді. Екеуі бір-бірін таниды. Шаруа тағзым етіп амандасып, алғыс айтады.


Ғұлама: Су бетімен жүретін дәрежеге қалай жеттің? - деп сұрайды.


– Өзіңіз үйреткен дұғамен жеттім. Дұғаны әлі де оқып келемін, амалдарын да ұмытпадым. Әр күні кешкісін Алланың берген ризығына шүкіршілік етумен қатар, дұғамнан сіздің де атыңызды тастамаймын, - деп жауап береді.


Сонда ғұлама өзінің ұстазына барып болған жайды баяндап, түсіндіріп беруін сұранады. Ұстаз:


– Алла дұға етудің бес тағаны болса, шаруа соны толықтай игерген екен.


– Ол қандай бес таған?


– Бірінші - ниет, екінші - сенім, үшінші - дұға ету, төртінші - тәуекел, бесінші - әрекет. Өзіне міндеттелген парызды өтеу мақсатында (отбасын асырау) сізге келіп дұға үйреніп, Жаратушымызға жалбарынып, амал жасап, тәуекелге бел буып, бір Алланың атымен суға түскен мұсылманның дұғасы қабыл болған екен, - депті ұстазы.




Көрілген: 2856    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 24.09.2017, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 12:11
    Өтіріктен ауыр күнә
    6 Қараша, 12:20
    Құдайдың құдіреті
    1 Қараша, 12:15
    Дертке шипа аяттар
    27 Қазан, 12:28
    Әзілдесудің 5 әдебі
    6 Қазан, 15:20
    Қоянның еті адал ма?
    24 Қыркүйек, 18:01
    Кедейді байытқан дұға
    18 Қыркүйек, 11:49
    Дүниедегі ең қайырлы іс

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30