Ислам діні

Келінімнің көзінше көйлексіз жүрсем бола ма?

  • Келінімнің көзінше көйлексіз жүрсем бола ма?

    Келінімнің көзінше көйлексіз жүрсем бола ма?

Әссаламуалейкум! Мен мүгедек жан едім. Физикалық тұрғыда өте әлсізбін. Мүгедек арбасында отырған кезде денем қатты қызады, әсіресе арқам. Үйде отырғанда ылғи трико киіп, денем жалаңаш отырамын. Мені күтіп бағып отырған кіші інім үйленбекші. Үйге келін келгеннен кейін мен үстіме көйлек киіп отыруым керек болады. Ал, менің көйлек киіп отыруға жағдайым келмей тұр. Бұл жағдайда шариғат бойынша не істеуім керек? Аман

Уа алейкум ассалам!


Алла Тағала деніңізге шипа берсін! Сауалыңызға келер болсақ, Құран Кәрімде: «Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік әрі сәндік киімдерді де. Ал, тақуалық киімі – қайырлы...[1]», – деп әмір етілген. Бұл жерде тақуалық киімі деп адамның әуретті жерін жабатын киімдер жайлы айтылып тұрса керек.

Әурет – дененің бөгде адам көзінен қорғау міндет болған мүшелері. Ханафи мәзһабы бойынша, ер адамның әурет (ұятты) жері – кіндік пен тізе аралығы. Бұл ең соңғы шегі деп ескерген жөн. Белгілі жағдайда кіндікке дейін денені жалаңаштауға болатынын аңғартады. Дегенмен, әдептілік тұрғысынан көйлек немесе жейде киген дұрыс. Себебі, Пайғамбарымыздың: « ...кіндік пен тізе арасы – әурет[2]», – дегені риуаят етіледі.+


Жеңге мен келін бауырларыңыздың жұбайы болғанымен, олар сіздің көзіңізше орамалсыз жүруіне тағы болмайтындығы сияқты, сіз де мейлінше көйлек және жейде кигеніңіз дұрыс.

[1] Ағраф сүресі, 26-аят

[2] Дарақұтни, Ахмед 


islam.kz




Көрілген: 1351    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 10.01.2018, 12:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қаңтар, 12:52
    Боза ішу харам ба?
    29 Желтоқсан 2017
    "Харам" дүкені ашылды
    26 Желтоқсан 2017
    Қыздың орны – төр
    24 Желтоқсан 2017
    Шайтан айтқан шындықтар
    21 Желтоқсан 2017
    Тағдыр жазылып қойған ба?
    17 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    17 Желтоқсан 2017
    Сириядағы жетімдік
    15 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    13 Желтоқсан 2017
    Қиямет-қайым болғанда...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31