Қолыңызға ешқашан қызыл жіп байламаңыз!

Қолыңызға ешқашан қызыл жіп байламаңыз!

Көз тию хақ оны ешкім жоққа шығармайды. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көз тию хақ, егер тағдырдан алдын бір нәрсе болғанда, ол көз тию болар еді»-деген (Мүсілім жеткізген, 2188).

Бұл мысал ретінде асыра айтылған сөз, көздің хақ екенін білдіреді. Өйткені, тағдырдан ешнәрсе асып кетпейді.

Осы хадис жайлы Қуртуби былай дейді:

«Бұл көз тиюдің хақ екенін аңғартады. Асыра айтылған сөз мысал ретінде жүреді. Тағдырды қайтаратын бір нәрсе бар деген түсінік жоқ. Өйткені тағдыр Алланың ілімі, қалауымен жазылып қойылған. Оның әміріне ешкім қарсы келе алмайды әрі үкімін ешкім тәлкек ете алмайды. Жоғарыдағы айтылған хадистің мағынасы: «сені жердің түбінен болса да тауып аламын» деген сияқты сөздердердің орнына жүреді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бізге көзден пана әрі оны емдеу жолдарын үйретіп кетті.

Абу Сайд былай дейді:

«Пайғамбарымыз (с.а.с.) жындар мен адамдардың көздерінен Аллаға сиынатын еді. Асма бинт Умауйс: Уа. Алланың Елшісі (с.а.с.)! Жафардың балаларына көз тиіп жүр. Оларға дем салайын ба?–деп сұрағанда, Ол (с.а.с.): "Әрине, егер тағдырдан алдын бір нәсе болғанда, ол көз тию болар еді."-деді.

Дем былай салынады:

«Фатиха», «Ықылас», «Фәлах», «Нас» сүрелерін оқып, алақанға ақырын түкіріп, бетті және қолы жеткен жерге дейін денелерді сипау.

Бұхари мен Мүсілім риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.) төсегіне жатарында «Ықылас», «Фәлах, «Нас» сүрелерін оқып, алақанына ақырын түкірді де, сол алақанымен бетін және қолы жеткен жеріне дейін денелерін сүрткен деген хабар келген (Бұхари, Мүсілім).

Ендеше көз тимесін деп қызыл шүберек таққаннан Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйретіп кеткен жолмен көзден сақтанған абзал.

ihsan.kz


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста