Қонаққа бару әдебі

Қонаққа бару әдебі

 Қонаққа не басқа бір жұмыспен біреудің үйіне кіргенде үйдің ішкі жағына әрі сізге қарау халал болмаған кісілерге қараудан көзіңізді тыйыңыз. Себебі бұл үлкен кемшілік әрі әдепсіздік болып саналады.

عن سعد بن عبادة جاء رجل فقام على باب النبي صلى الله عليه وسلم يستأذن مستقبل الباب فقال له هكذا عنك فإنما الاستئذان من أجل النظر

Әбу Дәуід және Табарани Сағд ибн Убададан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен: «Бір кісі Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үйіне кірерде есігінің тұсында тұрып рұқсат сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған біраз шетке тұруын бұйырды да былай деді: «Рұқсат қарау үшін сұралады»,-деді.

Имам Бұхари «Әл-әдәб әл-муфрад» еңбегінде Саубаннан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен:

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “لا يحلّ لامرىء أن ينظر إلى جوف بيت حتى يستأذن، فإن فعل فقد دخل”

 

«Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Рұқсат сұрамайынша біреудің үйінің ішіне қарау ешбір кісіге халал етілмеген. Егер қараса ішке кірген болып есептеледі». Яғни рұқсат сұрамастан ішке кірген кісінің үкімінде болады. Ал бұл харам етілген.

Және де Бұхари аталған еңбегінде, Әбу Дәуід пен Термизи еңбектерінде Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

قال رسول الله صلى الله عليه وسلم  إذا دخل البصر فلا إذن له

 «Кімде-кім үйге көз қиығын салса, оған  кіруге рұқсат жоқ»

            من ملأ عينه من قاعة بيت قبل أن يؤذن له، فقد فسق.

Аммар ибн Сағидтан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: «Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын) былай деді: «Кімде-кім рұқсат берілмей тұрып үйдің ішкі жағына қараса, пасықтық жасаған болады». Бұхари риуаяты.

عن سهل بن سعد، قال: اطلع رجل من جحر في حجر النبي – صلى الله عليه وسلم – ومع النبي – صلى الله عليه وسلم – مدرى يحك بها رأسه، فقال «: لو أعلم أنك تنظر لطعنت به في عينك، إنما جعل الاستئذان من أجل البصر»

Бұхари, Муслим және басқа да хадистанушылар Саһл ибн Сағдтан (Алла оған разы болсын) риуаят еткен: «Бір кісі тесіктен Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бөлмесіне қарап тұрған еді. Ол (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тарақпен шашын тарап тұрған болатын. Кенеттен Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сол кісіні байқап қалды да: «Егер қарап тұрғаныңды білгенімде мына тарақты көзіңе тығып алар едім! Себебі рұқсат қарау үшін сұралады»,-деді.

Біреудің үйіне немесе өз үйіңізге кіргеніңізде де,  шыққаныңызда да сыпайы кіріп-шығыңыз, көзіңізді төмен салып, дауысыңызды жұмсартыңыз, аяқкиіміңізді шешіп, реттеп кіріңіз, қалай болса солай тастамаңыз. Кигенде де әдепке сай: оң жақтан бастап киіңіз, ал шешерде сол аяқтан бастаңыз.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِذَا انْتَعَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَبْدَأْ بِالْيَمِينِ، وَإِذَا نَزَعَ فَلْيَبْدَأْ بِالشِّمَالِ فَلْتَكُنِ الْيُمْنَى، أُولَهُمَا تُلْبَسُ، وَآخِرَهُمَا تُنْزَعُ»

Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім аяқкиімін кимек болса, оң аяқтан бастасын, шешкенде сол аяғынан бастасын. Оң жақ киерде бірінші, шешер кезде екінші болсын»,-деген. Муслим мен басқалар риуаят еткен. Үйге кірерде аяқкиіміңізге көз жүгіртіңіз, егер лас нәрсе жағылған болса, жерге ысқалап, тазалаңыз. Себебі ислам – тазалық діні.

Қонаққа барғанда үй иесімен орын жайында тартыспаңыз, қай жерді ұсынса сонда отырыңыз. Өзіңіз қалаған орынға отырсаңыз, көзіңіз сіз көруіңіз тиіс болмаған нәрселерге түсіп қалуы мүмкін. Не бұл отырысыңызбен үй иесін ыңғайсыз жағдайға қалдырарсыз. Үй иесі сізге не айтса соны орындаңыз және сізге қандай да құрмет көрсетсе, қабыл алыңыз. Ұлы сахаба Ади ибн Хатамнан (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: «Ол кісі Пайғамбарымыздың (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдына келгенде, Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төсек үстіне отырғызып, оған құрмет көрсетті. Ал өзі жерге отырды». Ади (Алла оған разы болсын) оқиғаны былай әңгімелейді: «Сосын Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мені үйіне алып барып, теріден жасалған көрпешені жерге төсеп: «Бұған отыр»,-деді. Мен: «Бұған өзіңіз отырыңыз»,-дедім. Ол (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұған сен отыр»,-деді де өзі жерге отырды».

Бұл хадисті Исмайыл ибн Касир «Әл-бидая уән-нихая» еңбегінде келтірген. Харижа ибн Зәйд Ибн Сириннің алдына кірді. Қараса Ибн Сирин көрпешені бір шетке қойып, жерде отырған екен. Харижа ибн Зәйд те жерге отырмақ болып былай деді: «Сіз үйіңізде таңдаған нәрсені өзім үшін де қаладым (яғни сіз жерде отырған екенсіз, мен де жерге отырамын)».  Сонда Ибн Сирин: «Мен үйімде өзіме разы болған нәрсені сізге лайық көрмеймін. Сол үшін мен айтқан орынға отырыңыз»,-деді. Сіз де қонаққа барғанда үй иесі ұсынған орынға отырыңыз. Ол кісі айтпайынша ешбір жерге отырмаңыз.

قوله صلّى الله عليه وسلّم «لاَ يُؤُمَّنَّ الرَّجُلُ الرَّجُلَ في سُلْطَانِهِ، وَلاَ يجلس على تكرمته إلّا بإذنه»

Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Өз үйінде би болған кісі басқа бір үйде билігін жүргізе алмайды. Үй иесі рұқсат бергеннен кейін ғана отырсын»,-деген.

Қонақта отырғанда арғы жақ-бергі жаққа алаңдап, көзіңізді жалтақтатпаңыз. Керісінше отырғанда көзіңізді төмен салып, әдеп сақтап отырыңыз. Жабулы есіктерді, сандық-сөмкелерді, басқа да оралған нәрселерді ашпаңыз. Себебі бұл ислам әдебіне, аманатты сақтауға сай келмейтін істер. Сол үшін қонаққа бару әдебін жақсылап біліп алып, соған амал етіңіз. Сонда ғана үй иесінің сізге деген құрметі, сүйіспеншілігі арта түспек.

Қонаққа барғанда екі жаққа да сай келетін уақытты таңдау керек. Сондай-ақ қонақ күтіп жатқан кісінің үйінде белгілі бір мөлшерде ғана отыру қажет. Үй иесіне ауырлық салып, шаршататындай ұзақ уақыт отырудан сақ болу керек. Қонаққа не жағдай сұрап барғанда қолайсыз әрі ыңғайсыз уақытта бармаңыз. Мәселен, тамақтану, ұйықтау, дем алатын басқа да осыған ұқсас уақыттарда бармауға тырысыңыз. Имам Науауи «Әл-әзкар» еңбегінде былай деді: «Мұсылман кісі үшін ізгі кісілердің, аға-інілерінің, көршілерінің, дос-жарандарының және басқа да жақын-туыстарының жағдайын сұрап баруы, оларға құрмет көрсетуі ең маңызды мұстахап амалдар болып саналады. Жағдай сұрағанда да баратын кісінің жағдайына қаралады. Олар ұнатпайтын әрі оларды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын кездерде бармау керек. Керісінше олар қуана қарсы алатын уақытта баруы тиіс. Бұл жайында келген хадистер өте көп әрі кең таралған».

Қонаққа барғанда ол жердегілермен маңызды тақырыпта және керекті мөлшерде сөйлесу керек. Егер сіз отырғандардың арасындағы ең кішісі болсаңыз, сізге біреу сұрақ қойып бір нәрсе жайлы сұрамағанша сөз бастамаңыз. Егер сіздің сөзіңіз тақырыпқа сай болып, отырғандарды қуантатын болса, айтуға болады. Сөзді көбейтіп жібермеңіз, отырған кезіңізде әрі сөйлеу тәсілінде әдептен аспаңыз.

Қонаққа барсаңыз ол жердегілерге сәлем беріңіз. Қол беріп амандасуды ондағы ұлылары мен ғалымдары, тақуалары әрі жасы үлкендерінен бастаңыз. Бұлардан басқа кісілер сап басында болса да, арғы бетте отырған құрметтілерді қойып, сәлемдесуді олардан бастамаңыз. Керісінше сәлемдесуді сол жақтан бастасаңыз да, ұлылардан бастаңыз. Егер сіз кімнің құрметтірек, тақуарақ екенін білмесеңіз немесе қонаққа келгендер артықшылығы жағынан тең дәрежеде болса, сәлемдесуді жасы үлкендерден бастаңыз.

 قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ” كبّر كبّر”

Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Үлкендерге құрмет көрсетіңдер»,-деген.

“كبّر الكبرفي السنّ”

Басқа бір риуаятта: «Жасы ұлыны қадірле»,-деген. Бұхари мен Муслим риуаяты.

     ” وبدؤا بالكبراء أو قال : بالأكابر”

Әбу Яғла және Табаранидың риуаяттарында «(Қадір-құрметті) үлкендерден бастаңыз» делінген.

           Егер бір жиынға келсеңіз, екі кісінің ортасына емес, оң не сол жағына отырғаныңыз дұрыс.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “لا يجلس بين رجلين إلاّ بإذنها

Себебі Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Екі кісінің ортасына олар рұқсат берсе ғана отыруға болады». Әбу Дәуід риуаяты. Екі кісінің ортасына отырған кісі көсіле кетпестен, жинақы отыруы тиіс.

Ибн Араби былай деген: «Кейбір ғұламаларымыз айтады: «Екі кісіге залым делінеді: үгіт-насихатты есіте тұра, оны  қабылдамаған кісі және тар орынға сыйысуға рұқсат бергенде, арқасын кеңге салып, көсіле отырған кісі». Егер екі кісінің ортасына отырып қалсаңыз, олардың өзара құпия әрі өздеріне ғана тиісті әңгімелерін тыңдауға әрекет жасамаңыз. Егер тыңдайтындай болсаңыз, үлкен айып іс жасаған боласыз.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “من استمع إلى حديث قوم  وَ هم له كارهون صب في أذنيه الآنك يوم القيامة”

Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім басқа біреу есітуін қаламаған кісінің сөздеріне құлақ түрсе, қиямет күні тыңдаған кісінің құлағына еріген қорғасын құйылады»,-деген. Бұхари және басқалар риуаят еткен. Егер үш кісі болып сөйлесіп отырған болсаңыз, екі кісі өзара құпия түрде сөйлеспесін, әйтпегенде үшінші кісінің көңіліне тиюі мүмкін, ол кісінің сіздерден ұзақтауына себеп болуы мүмкін. Бұл мұсылмандыққа сай келмейтін іс.

قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: “لا يتناجى اثنان بينهما ثالث “

Сол үшін де Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл істен қайтарып, былай дейді: «Үшінші кісі отырғанда екі кісі өзара сыбырласып сөйлеспейді». Имам Мәлік және Әбу Дәуід риуаят еткен. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «сөйлеспесін» деп жатқан жоқ, «сөйлеспейді» деп айтуда. Ал бұл болса мұсылман кісіден осы секілді қате-кемшіліктер мүлдем көрінбеу керектігіне ишара. Бұл Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадис. Ол кісі Пайғамбарымыздан (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Егер төрт кісі болса қалай болады?» деп сұрағанда, Ол (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Онда сыбырласып сөйлесудің зияны жоқ»,-деген.

Абышев Әскен

 

elana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста