Көз моншақ тағу ширкке жата ма?

Көз моншақ тағу ширкке жата ма?

Сұрақ: Менің 2 жасар қызым бар, соның қолына көз моншақ таққанбыз тіл-көзден сақтасын деп. Адам өзінен белгісіз бір сәуле (луч) шығарады дейді, соған қарсы тақса ширк немесе күна бола ма?

Жауап: Көздің тиюі бар нәрсе. Адамға, жануарға тіпті жансыз заттарға да көз тиеді. Көз тиюі ауруға шалдықтырады, тіпті өлтіреді де. Әйелдерге және кішкентай балаларға көп әсер етеді.
Пайғамбарымыздың заманында Әсәд ұлдарынан көзі тиетін біреу болған. Үш күн ешнәрсе жемей кейін сыртта өтіп бара жатқан түйеге қарап «мына сияқты күшті түйе көрмедім» деп айтуымен түйе жерге құлап ауырып қалатын еді. Мүшриктер бұл адамды тауып пайғамбарымызды көзімен өлтіруін сұрайды. Хақ тағала расулуллаһ алейһиссаламды оның көзінен сақтады. Бұл турасында Қалам сүресінің «Кәпірлер сені көздерімен құртпақшы болды» деген 51-ші аяты түсті.
Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Көз тиюі хақ». (Муслим).
«Көз адамды мазарға, түйені қазанға түсіреді». (Ибни Ади).
«Адамдардың жартысы көз тиюден өледі». (Табарани).
Көз моншақ тағу жаиз болып табылады. Хазреті Ибни Абидин былай дейді:
«Көз тимеуі үшін егіншілік жерге тұлып (чучело), малдың бас сүйегін қою жаиз. Бір әйел бақшасындағы өнімдеріне көз тимеуі үшін не істейтінін сұрағанында расулуллаһ “Бақшаңа малдың бас сүйегін іл” деп бұйырады. Қараған адам бірінші болып бас сүйекті көреді. Өйткені бас сүйек биікте, ерекшеленіп бірден көзге түседі. Бақшадағы егінді кейін көреді. Сондықтан зияны тимейді». (Рәддул Мухтар).
Көз моншақ немесе малдың бас сүйегі көз тиюінен сақтамайды. Көзден сақтайтын Алла тағала. Қараған адамның көздері ең алдымен осыларға түсетін болғандықтан көздерінен шығатын зиянды сәулелер бұларға тиеді. Осылай көзмоншақ таққан адам көз тиюден сақталған болады.
Көз моншақ тағуға ширк немесе бос сөз дейтіндер уаххабилер немесе бұлардың айтқандарынан әсерленген адамдар.
Хазреті Ибни Абидин былай дейді:
“Тәмиме” моншақ дегенді білдіреді. Араптар бұларды балаларына тағатын еді, олармен балаларынан көз тиюді алыстатқанын ойлайтын еді. Тәмименің шипа беретініне сенетін, тіпті мұнымен Аллаға ширк қосатын, өйткені олар тәмиме арқылы маңдайларына жазылған тағдырды өзгеретініне сеніп, тағдырының жойылуын күтетін еді. Ислам мұны алып тастады. (Ибни Әсир).
Тәмиме жахилдік дәуірінде мойынға және қолға тағылатын жіп еді, мұны өздерінен зияндарды алыстату үшін жасайтын еді. Ислам бұған тыйым салды. (Зәйлаи).
Осы аталған “тәмиме” жаиз емес. Хазреті Ибни Абидин осы жаиз болмаған тәмимені білдіргеннен кейін көз тимеуі үшін бақшаға сүйек, малдың бас сүйегін қою жаиз екендігін білдірген. Қараған адам алдымен мұны көріп, бақшаны кейін көреді. Көзмоншақ секілді нәрселерді осы ниетте алып жүрудің тәмимеге жатпайтындығы, яғни бұлардың жаиз екендігі осылай білдірілген. (С.Әбәдийа).
Малдың бас сүйегімен көзмоншақтың ешқандай айырмашылығы жоқ. Екеуі де көз тиюден сақтамайды. Бірақ бір қарағанда бірінші болып осылар көрінетіні үшін көз бұларға тиеді. Кейін басқа нәрселерге қараса да зияны болмайды. Малдың бас сүйегі немесе көзмоншақ көз тиюден сақтайды деп сену жаиз емес. Бұлар көз тиюдің алдын алу үшін бір себеп. Мұны расулуллаһ алейһиссалам кеңес берген. Пайғамбарымыздың бұл әміріне ширк дейтіндер “пайғамбарымыздан шапағат сұрауға” да ширк дейді. Уаххабилердің немесе олардан әсерленгендердің сөзіне мән бермеген жөн.

islamdini.kz
(Тақырыбы өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста