Ислам діні

Кредитке алынған заттар харам ба? Олардың жанында дұға қабыл болмай ма?

  • Кредитке алынған заттар харам ба? Олардың жанында дұға қабыл болмай ма?

    Кредитке алынған заттар харам ба? Олардың жанында дұға қабыл болмай ма?

Біздің үйде кредитке алынған заттар бар. Бір оқығаным бар еді, харамнан тапқан жіп бөлмеде тұрса дұға қабыл болмайды дегенді... Бауыржан.

Жалпы кредит мәселесі шариғатқа сай емес. Соның ішінде несиеге зат алу банк арқылы болғандықтан арада өсім жеушілік орын алып отыр. Сондықтан да, аса зәру, шарасыз жағдайда болмаса, несиеге зат алмаған жөн. Құранда: «Шын мәнінде сендерге Алла харам еткен нәрселерді ашық баян етті. Бірақ егер шарасыз болсаңдар ол басқа», - делінеді[1].


Дегенмен, бұған қарап кредитке алынған заттарды жаппай харамға шығаруға болмайды. Неге десеңіз, заттың өзін алып қарағанда - халал зат (мысалы, компьютер, муздатқыш, газ плитасы, шаңсорғыш т.б.). Несиеге алынғандығынан харам үкімін алмайды. Мұны ұрлықы затпен немесе зұлымдықпен, тартып алынған заттармен салыстырмау керек. Ханафи ғалымдары харам ақшаға алынған зат пен ұрлықы және зұлымдықпен алынған заттар арасын бөліп қараған.


Ханафи ғалымы Ибн Ғабидин былай дейді:


«Азық-түлікті немесе киім-кешекті жеке алып қарағанда харам ақшаның өзі емес. Сондықтан да, сол ақшамен алынған асты ішіп-жеу – халал»[2].

Ендеше, аталмыш жолмен алынған заттар тұрғанда дұға қабыл болмайды деу негізсіз.


"Ынталы жүрек, шың көңіл.

Өзгесі хаққа жол емес" деп, Абай атамыз жырлағандай, шын көңілмен және сене отырып дұға жасасаңыз Алла қабыл етері сөзсіз.


Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Әнғам сүресі – 119 аят.

[2] Ибн Ғабидин: Хашия – 9/554.


Абдусамат Қасым 




Көрілген: 665    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сейсенбі, 31.10.2017, 19:06

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Қараша, 12:20
Құдайдың құдіреті
1 Қараша, 12:15
Дертке шипа аяттар
27 Қазан, 12:28
Әзілдесудің 5 әдебі
6 Қазан, 15:20
Қоянның еті адал ма?
24 Қыркүйек, 18:01
Кедейді байытқан дұға
18 Қыркүйек, 11:49
Дүниедегі ең қайырлы іс

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30