Криштиану Роналду: Мен мұсылмандарды сүйемін, себебі...

Криштиану Роналду: Мен мұсылмандарды сүйемін, себебі...

Әлемдік футболдың жарқын жұлдыздарының бірі, аты аңызға айналған португалдық спортшы Криштиану Роналду мұсылмандарды және ислам дінін жақсы көретінін мәлім етті.
«Менің балалық шағым қиын болды. Ағам екеуміз бір төсекті бөлісіп ұйықтадық. Ойыншық сатып алатын ақша болмады. Өзге қатарластарым сияқты оқуға жаяу бардым, кедейлік салдарынан сабақтан қалып қойған кездерім көп» деп өткенін еске алады Роналду.
«Мен доп ойнап, осы арқылы басыма түскен қиыншылықтарды ұмытқым келетін. Доптан бар ашуымды алатынмын. Мен қазір аштық азабын тартқан африкалық балаларды көргенде оларға атақ-даңқ үшін көмектеспеймін. Мен ол балалардың басынан өткерген нәрсені өз басымнан кешіп өттім. Ал палестиналық балалар менің атымды айтып, жылағанын көрген кезде мен өзімді ұстай алмаймын. Тағы да айтамын, садақаны атақ-абырой үшін жасамаймын. Менімен жақын араласатын адамдар қандай екенімді біледі. Мен мұсылмандары жақсы көремін, себебі олардың өмірі саған не нәрсенің қадірлі немесе зиянды екеніне ой жүгіртуге шақырады. Мен мұсылмандарды сүйемін, себебі олардың өмірі ғажап және барлық нәрсені айқындап алған, надандық пен тәртіпсіздікке жол бермейді. Мен Ислам туралы көп оқыдым, қазіргі БАҚ беттерінде айтылып, көрсетіліп жүрген дүниелердің барлығы жалған, адасушылық» деді К.Роналду.
Еске салсақ, Роналду 2016 жылдың наурыз айында Иорданияның батыс жағалауында израиль басқыншыларының шабуылына ұшыраған 5 жасар балақаймен арнайы кездескен болатын. Роналду әркез мұсылмандарға құрметпен қарап, исламдағы қасиетті мерекелерде мұсылман қауымына өз құттықтау тілегін жібереді. Белгілі бір ұйымдардың қолымен жасалған терактілерді бүтін бір дінге жабуға күш салу көбірек байқалатын уақытта ол бұл әрекеттердің шынайы ислам діні мен бейбітсүйгіш мұсылмандардан тыс екенін айтады.

ummet.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/zha-an-zha-aly-tary/item/4926-криштиану-роналду-мен-мұсылмандары-сүйемін-себебі 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста