Ислам діні

Күнәні бірінші жасаған адамға соған ергендердің де күнәсі жазылады деген рас па?

  • Күнәні бірінші жасаған адамға соған ергендердің де күнәсі жазылады деген рас па?

    Күнәні бірінші жасаған адамға соған ергендердің де күнәсі жазылады деген рас па?

Ассалаумағалейкум! Әлдекім қандай да бір күнәні жасағанда, адамдар содан көріп, қайталайтын болса, әлгі адам өзінің күнәсімен қатар, содан үлгі алған адамдардың да күнәлары үшін жазаланады деген рас па?

Уа алейкум ассалам!


Сіз жолдаған сауалға қатысты бірнеше сенімді хадис бар:



Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай дегенін риуаят етеді: «Әрбір әділетсіз өлтірілген адам үшін Адамның балаларының бірі жаза тартады, себебі, сондай жолмен (әділетсіздікпен) адам өлтірген бірінші сол болатын»[1].



Сондай-ақ, Джәрир ибн Абдуллаһ әл-Бәджәли (р.а.) риуаят еткен мына бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деп ескертеді: «Кімде-кім әлдеқандай игі іске бастамашы болса және басқалар да содан үлгі алса, сол адамға оған ерген адамдардың да сауабы жазылады (бірақ, ол адамдардың сауабы кемімейді). Кімде-кім әлдеқандай жамандыққа бастамашы болса және басқалар да содан үлгі алып, қайталаса, сол адам өзінің күнәсімен бірге оған ергендердің де күнәсін мойнына алады (бірақ, оған ергендердің жазасы кемімейді)»[2].+


Хадистердің мәні айдан анық – егер біреу бір жақсылыққа бастамашы болса және басқа адамдар содан үлгі алса, әлгі адам артынан ергендермен тең сауап алады. Дәл сол сияқты, егер біреу қандай да бір жамандықты бастап берсе, одан үлгі алғандардың да күнәсі оған жазылады.

Хафиз Ибн Хәджәр (р.а.) мұның күнә жасап, кейін тәубесіне келмеген адамдарға қатысты екенін айтады. Күнә жасаған адам тәубесіне келген болса, сол күнәлары үшін жаза тартпауы мүмкін деген үміт бар[3].

Ең дұрысы Аллаға мәлім.

azan.kz




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.02.2018, 14:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?
    28 Шілде, 19:12
    Аборттың үкімі
    13 Шілде, 14:34
    Үйге көз тию бар ма?
    10 Шілде, 10:33
    Зинадан да ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30