Құран Кәрімде айтылған сабыр сөзінің түсініктемесі

Құран Кәрімде айтылған сабыр сөзінің түсініктемесі

«Әли-Имран» сүресінің 200-аятында Алла Тағала қиыншылықтан құтылып, бақытқа жетудің ең басты шарты – сабыр екендігін, ал оған сабырмен тойтарыс бере алмайтындардың табысқа жете алмайтындығын білдіруде.

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اصْبِرُواْ وَصَابِرُواْ وَرَابِطُواْ وَاتَّقُواْ اللّهَ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Қиыншылыққа сабыр етіңдер, қорғанысқа шыдаңдар. Мақсаттарыңа жету үшін Алладан қорқыңдар». Бұл аятта дүние және ақырет жетістігінің сабырмен тығыз байлынысты екендігін көрсетуде.

Ал келесі аятта:

وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ بِشَيْءٍ مِّنَ الْخَوفْ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِّنَ الأَمَوَالِ وَالأنفُسِ وَالثَّمَرَاتِ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ

«Біз сөзсіз сендерді аздап қорқытып та, ашықтырып та, мал-жандарыңды, шаруаларыңды кемітіп те сынаймыз. Сабыр еткендерді қуантып (сүйіншілеп) қой» («Бақара» сүресі, 155-аят). Бұл аятта қорқыту, аштық, мал-жан, шаруашылықты кеміту секілді мұсылман баласының басына тиер сынақтар сөз етіледі. Алайда мұның баршасына сабырмен жауап берген және Аллаға деген сеніміне берік болған мұсылман ғана табысқа қол жеткізеді. Ал мұны мына аяттан көруге болады:

إِنَّمَا يُوَفَّى الصَّابِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍ

«Сабыр етушілерге берілетін сыйлық есепсіз» («Зүмәр» сүресі, 10-аят). Қарап отырсақ, берілетін сыйлықтың есепсіз болуына қарағанда, сабырдың қаншалықты маңызды амал екені анық байқалады. Қиыншылықтар кезіндегі сабырлылық ең үлкен еңбек болмағанда, Жаратқаннан есепсіз сыйлық уәде етілмес еді. Сондай-ақ, тағы бір аятта:

وَلَمَن صَبَرَ وَغَفَرَ إِنَّ ذَلِكَ لَمِنْ عَزْمِ الْأُمُورِ

«Кімде-кім (өзіне жасалған зәбір-жапаға) сабыр сақтаса, кешірімшіл болса, бұл келелі іс («Шура» сүресі, 43-аят). Шынында қиын іске сабыр ету немесе кешірімді болу оңай шаруа емес. Қиыншылыққа сабыр ету, өзгелердің қателіктерін кешіре білу дінімізде маңызды іс. Сол үшін қиын істі жеңуде Алладан сабыр арқылы жәрдем сұрауымыз керек. Бұл жайында Алла Тағала бізге былай бұйырады:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اسْتَعِينُواْ بِالصَّبْرِ وَالصَّلاَةِ إِنَّ اللّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ

«Уа, иман келтіргендер! Сабыр және намаз өтеу арқылы Менен жәрдем сұраңдар. Алла сабырлылармен бірге» («Бақара» сүресі, 153-аят). Дініміздің тірегі болған намаз өзге құлшылықтардың өзегі десек, сабыр да күллі көркем мінез-құлықтың бастауы болып табылады екен. Және бір аятта:

وَلَنَبْلُوَنَّكُمْ حَتَّى نَعْلَمَ الْمُجَاهِدِينَ مِنكُمْ وَالصَّابِرِينَ وَنَبْلُوَ أَخْبَارَكُمْ

«Біз сендерді іштеріңнен соғысқа шыққандарды, сабыр етушілерді білгенге дейін, сырларыңды ашқанға дейін сынаймыз («Мұхаммед» сүресі, 31-аят). Аят соғысқа шыққандар мен сабыр етушілердің бір-біріне жақын екендігін білдіріп, сабыр да күрестің бір түрі екенін түсіндіруде. Отанды қорғау үшін қолға қару алып жаумен соғысу нағыз ер азаматқа тән қасиет десек, өмірдің қиыншылықтарына да сондай сабыр таныту ерліктің белгісі.

Міне, жоғарыда аталған Құран аяттары сабырдың дүниеде адамзат үшін қаншалықты маңызды екенін және оның берер жетістігі мен жемісі де мол екенін тайға таңба басқандай танытуда. Олай болса, Алланың Елшісі, адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) хадистерінде сабыр қалай сипатталады осыған тоқталып көрелік.

Батыржан Мансұров,
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста