Құран Кәрімде хиджаб туралы сөз бар ма?

Құран Кәрімде хиджаб туралы сөз бар ма?

Мұсылмандар арасында бірнеше жылдан бері қоғамдағы даулы әрі түйіні тарқатылмай тұрған тақырыптың бірі «басқа орамал тарту» екені мәлім. Бұл мәселе төңірегінде қоғамдағы пікір екіұдай күйде.
Осы пікір қайшылығын кейбір бұрыс пиғылдағы саяси топтар өз мақсат-мүдделеріне мейілінше пайдаланып, «түймедейді түйедей» етіп көрсетіп, мұсылманды мұсылманға қарсы айдап салуда.
Бүгінде бүлік (фитна) тудыратын жарияланымның мазмұны бір қарағанда ақылға қонымды, қисыны мен дәйектік базасы жеткілікті болуы мүмкін.
Сондықтан пайдаланушылар басым пікірлердің жетегінде кетіп жатады. Алайда, бұл жерде мәселе басқа. Өйткені, бұл арада оң немесе кері ниеттегі қатысушылар пікір-талас трендін өз жағына аударуға әрекет етеді.
Көп жағдайда өз көзқарастарын қоғамдық әділдік тұрғысынан дәлелдегісі келетін жалған сұхбаттар сценариін арқау еткен клондар мен жалған аккаунттар арқылы мұсылмандар арасына жік түсіріп, әдейі таратады.
Кейбір сайттар мені «хиджабты» қолдайтын етіп шығарыпты
Осындай арандатушылыққа тұздық болған мәселенің бірі – хиджаб дауы. Задында осы «орамал тарту» жайлы соңғы кезде көп шу шығып кетті.
Мен де дінтанушы маман ретінде бірнеше жылдан бері осы жайлы қанша бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берсем де, олардың басым көпшілігі сөздерімді жүнін жұлған тауықтай етіп, өңін теріс айналдырып өз мақсат-мүдделеріне пайдаланады.
Қайбір жылы бір телеарна менен «Құранда «хиджаб» бар ма?» деп сұрады. Мен «Құранда орамалға қатысты мұндай сөз мүлде жоқ, Құранда «хумур» бар дедім.
Ертеңіне «Құранда «орамал тарту» жоқ» дегенді пікір ретінде шығарып, одан кейін айтқан ойымды мүлдем көрсетпеген. Соны оқыған кейбір азаматтар мені Құранға қарсы екен деп ойлап қалғаны белгілі. Жақында тағы бір журналистке сұхбат берген болатынмын. Алайда, менің сұхбатымда салыстырмалы түрде айтылған ойларым оқырманға толық жетпей қалған. Олар өздеріне қажеттісін ғана басып шығарды. Одан қалса, кейбір сайттар мені тікелей араб елінің «хиджабын» қолдайтын етіп шығарыпты. Ойлап қарасам, екі жаққа тартқан пікірлер тартысына салып қойған.
Сауатсыздық қоғамға деген өшпенділік тудырады
Бізді алаңдататыны соңғы кездері еліміздің кейбір аймақтарында біршама қыздар ата-анасының немесе оқу орны басшыларының қойған бірқатар талаптарына байланысты білім алудан бас тартып жатқандығын жиі естіп жатырмыз. Жақында ғана «КТК» телеарнасы көтерген алты жасар қыз баланың хиджабпен мектепке бару мәселесі шу болды.
Мектеп басшылығы ережеге сәйкес талап еткен белгіленген мектеп формасын кигізуден бас тартқан ата-ана қыздарын сабаққа жібермей қойған. Бұл ата-ана тарапынан үлкен қателік. Баланың білім алуына орамалды желеу етіп, кедергі келтіруде. Дәл мына жағдайда 6 жасар қыз балаға орамал тағу парыз емес. Мұның артында мұсылмандарды қоғамға жеккөрінішті қылып көрсету саясаты тұрғандай.
Біз бұл мәселенің алдын алмасақ, одан әрі жалғаса беруі әбден мүмкін. Мұндай жағдайды бастан кешкен қыздар мектеп көрмей өскен соң, әрине сауатсыз болып қалмақ. Сауатсыздығынан өскенде таршылық көріп биік мансаптарға қол жеткізе алмаған соң ішінде өкініш пайда болады. Бұл өкініш алдымен өзінің ата-анасына деген және мемлекетке деген өшпенділік тудырмақ. Ал мұның арты бұларды билікке деген біреулердің айдауымен алауыздық тудыруына алып та келмек.
Әр халық өз салты бойынша киінуге құқылы
Жалпы «басқа орамал тарту» мәселесі неліктен ушығып кетті? Бұл ұғым бізге қайдан келді? Тақырыпты әріден қозғасақ.
Бұл соңғы жылдары араб немесе өзге де мұсылман елдерінде оқып келген жастарымыз әкелген мәселе деп білемін. Соның ішінде сәләфилік бағыттағы. Мысалы, Түркияда «хиджабты» түсіне бермейді. Оларда «турбан» деп айтады. Ал қазақта әйел кісінің орамал тартуының өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ең атақтысы «кимешек».
Ал Құранда орамал тартудың парыздығы ¬- негізгі әурет жерлердің жабылуы. Ал кейбір дін білмейтіндер бір елге барып дінін үйренсе, мәдениетін де бірге үйреніп соны дін деп ұғынады. Сондықтан біздегі көп адамдар араб тәсілі бойынша орамал жабуды ғана яғни «хижабты» парыз деп санайды.
Әсілі бұлай ойлау «бидғат». Өйткені Ал Құран арабша тәсілді парыз етпейді. Құранда көрсетілген негіз бойынша әр халық өз салты бойынша киінуге құқылы. Әрі олар тікелей Құран бойынша жүреміз дейтін болса онда «хиджаб» деген сөзді термин етпей мүлде ұмытып Құрандағы орамалға қатысты сөз бойынша «хумур» деп атасын. Екінші сөз бар. Ол «жилбаб». Меніңше бұлар не дінді білмейді не болмаса Құрандағы «хумур» сөзін ұмыттырғысы келеді. Ал біз қазақ мұсылман халқы шариғаттың кеңшілігін пайдаланып «кимешек», «сәукеле» деп атаймыз.
Түріктер «турбан» десе арабтар «хиджаб» десе біз неге «сәукеле» демеске? Біздің олардан қай жеріміз кем? Біз неге олардың терминін қолданумыз керек? Әрі олар бізге ұстаз бола алмайды. Біздің әл Фараби тәрізді аталарымыз оларға мың жыл ұстаз болып келген. Қарапайым ғана мысал.
Егер біз елімізге араб елінің қыздарын әкеліп медреселерде оқытып, бастарына қазақ дәстүріндегі орамал «кимешекті» кигізіп еліне жіберсек, ол елдің жай арабы тұрмақ ғалымдары да «кимешекке» қарсы шығар еді. Сол сияқты, бізге де жат жұрттан келген араб мәдениеті тұрмысымызға сіңіспей, соңы дауға айналды.
Кейде елімізге қарап шүкіршілік етуді ұмытып кететін әдетіміз бар. Кеше ғана сан ғасыр бөгде бір елдің етегін ұстаған бодау ел едік. Бұл егемендік бізге оңайлықпен келген жоқ. Кешегі кеңестік дінсіздік кезеңде қаншама иманы мен намазын жасырған мұсылмандар осы күнге жету үшін дұға еткен жоқ па?!
Бұл күннің қадірі мен берекеті сол Алланың қалауымен Елбасының өзі қажылыққа барып еліміз үшін дұға етіп, кіші қажылық жасап, одан қалмай Астананың ортасынан зәулім мешіт салдыртып, қазақ елі мұсылман халық екендігін паш етуде. Тіпті, Елбасының өзі ата бабамыздың мың жылдық ұстанған Ислам дінінің ханафи бағытын ұстануға кеңінен жол ашып берді емес пе?! Міне, бұлардың бәрі - Алланың нығметі. Бұларды көрмеу Алланың нығметін көрмеу. Ал, Алланың нығметін көрмеу ол күпірлікке жатады. Нығметке күпірлік, немқұрайлылық таныту берілген нығметті жоғалтады. Ең бастысы осыны білуіміз қажет.

Білім алу - Исламның ең басты құндылығы
Біздің елдің бір құндылығы - адамның жеке басына мән беруі. Яғни, оның білім алуына, денсаулығын сақтауға, жұмыс істеуіне, демалуына жағдай кеңінен қарастырылған. Атап айтқанда, балалардың мектепке барып білім алуы заңмен міндеттелген. Білім алу - Исламның ең басты құндылығы. Құран адамзатқа не үшін түсті? Құранмен адам қайткенде бірге өмір сүре алады? Әрине, ілім, білім алған кезде ғана бұл орындалады. Сол себепті Құранның ең алғашқы аяты «Оқы! Жаратқан Алланың атымен оқы!» деп түсті. Алланың бұл жерде «Оқы!» деп отырғаны қай кітап? Екі кітап.
Бірі Құран кітабы, енді бірі жаратылыс кітабы. Ал жаратылыс кітабын оқи алмаған Құранды дұрыс түсіне алмайды. Мектеп қабырғасында оқытылатын барлық химия, математика, биология тағы басқа пәндердің бәрі де Алланы тануға жол ашады. «Мектеп» деген сөздің өзі арабша сөз. Алланың кітабын, жазуын оқытатын жер, орын деген сөз.
Яғни мешіт тәрізді қасиетті орын. Кешегі совет заманында мұғалімдер дінсіз болса да, Алланың кітабын оқытып келді. Сондықтан бүгінгі таңда мектептің формасы «хижабқа» сәйкес келмейді деп, бүлдіршін сәби баланы Алланың ең маңызды парыз еткен ілімінен айыруға болмайды. Құраннан алшақтап Пайғамбарымыз айтқандай «бір заман келеді Құран басқа қойнауда, мұсылман басқа аңғарда өмір сүреді» дегенге тап болғандаймыз.
Мен мына нәрсені ашық айтқым келеді. Сәби баланы мектепке жібермей «жаһил» ету, ең үлкен күнә, ең үлкен харам. Балаңызды мектепте Құранның тәпсір кітабы саналған жаратылыс пәндерін оқытуға жібересіз. Мектептен тыс мешітке жіберіп , Құранды оқытасыз. Міне бұл мемлекеттің кеңшілігі.
Ал «басқа орамал тартуға» келсек, ол пәлендей мәселе емес. Ол екінші мәселе. Әуелі ілім алмаған ұрпақтан күні ертең «жаһил» қараңғы қоғам шығады. Ислам діні жаһилдікпен, қараңғылықпен күресу үшін келген. Осыны алға тартуымыз қажет. Ал бүлдіршін сәбиге балиғатқа толғанша «басқа орамал тарту» парыз емес қой.
Бүлдіршін қызға «басқа орамал тарту» емес ілім алу «айын» парыз.
Бұл ретте ата аналарға мемлекеттік мекемелердегі зайырлылық қағидаттарының шеңбері мен мүмкіндіктерін заң тұрғысынан түсіндіру қажет. Негізінен елдегі діни ахуалдың жауапкершілігін мойнына алып отырған ҚМДБ өкілдері осындай психологиядағы жастарға, олардың ата аналарына Ханафи фикхы бойынша уақыт пен кеңістіктегі шарттар негізінде әрекет етулері керектігін және қоғамдық пайда тұрғысынан (мемлекеттің заңына бағыну) түсіндірулері абзал.
ult.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста