Құран оқуда әр мұсылман білуі тиіс 6 сүннет

Құран оқуда әр мұсылман білуі тиіс 6 сүннет

Рамазан Құран айы деп те аталады. Егер адам күннін ораза ұстап, ал түнін Құран оқумен өткізсе, хадиске сай Алла Тағаланың қалауымен Қиямет күні шапағатшы болады. Алайда Құран оқушы көп сауапқа кенеліп, барынша пайда алуды қаласа, онда Алла Елшісі (с.а.у.) келтірген бірнеше ережелеріне көңіл қою керек.

Құран оқудың алдында дәрет алу

Құранда: «Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды» («Уақиға» сүресі, 79-аят). Құранды дәретсіз ұстауға болмайды.

 

Оқу көлемі

Айша анамыздың (р.а.) айтуынша: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) Құранды үш күнде оқып болатын!» – деген. Имам Бадруддин әл-Айни былай деген: «Бұл хадистің мәні мынада – үш күннен аз уақытта Құранды оқып болатын адам, Құран оқудан алар дүниелерді жіберіп алады!». Сондай-ақ, Әбу Джамра былай деп айтқан екен: «Бір күні мен Ибн Аббасқа былай дедім: «Мен Құранды тез оқитын адаммын, бір түнде Құранды бір немесе екі рет оқып оқимын!». Сонда Ибн Аббас: «Маған сенің жасағаныңа қарағанда, бір түнде бір сүрені оқу көп ұнамды!» – деп айтты. Демек, Құран оқығанда асықпау керек, өйткені асығып оқу оны дұрыс оқуға әрі аяттардың мәнін байыбына жете түсінуге кедергі келтіреді.

 

Дауыстап әдемі дауыспен оқу

Құранды әдемі дауыспен оқыған жөн. Айша анамыздың (р.а.) келтіргені бойынша, Алла Елшісі (с.а.у.) былай деген: «Кімде-кім Құранды қиналып, бірақ ынтамен оқитын болса, екі есе сауап алады» (Мүслім).

Сондай-ақ, басқа хадисте: «Кімде-кім Құран оқығанда әрбір дыбысын анық та айқын әрі әдемі дауыспен оқымаса, ол бізден емес» – деп те айтылған.


Сәждеге жығылу
Қасиетті Құрандағы 14 аятты оқу барысында сәжде жасау керек. Мысалы, «Сәжде» сүресінің 15 аятында былай айтылған: «…Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді».

 

Аяттарды оқуда дұға жасау және Алланы еске алу

Хузайфа әл-Йамани: «Бір күні мен Алла Елшісімен (с.а.у.) бірге құлшылық еттім. Ол «Бақара» сүресін оқи бастады да, рақымшылық сөзі бар аятты оқып болмай жатып, Алладан рақым тіледі, Алланың жазалауы бар аятты оқып болмай жатып, одан сақтауын сұрады және Алла бәрінен де артық деген сөздері бар аятты оқып болмай жатып «Субханалла!» – деді деген.

 

Әртүрлі тәсілмен оқу

Бір күні Алла Елшісі (с.а.у.) өзінің үш сахабасының қасынан өтіп бара жатып, үшеуінің Құранды әртүрлі оқып отырғандарын байқап қалады. Содан үнсіз Құран оқып отырған Әбу Бәкірге (р.а.) жақындап, неге бұлай оқып отырғанын сұрайды, сонда Әбу Бәкір: «Шындығында, мен сыйынатын мені естиді» – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Омарға (р.а.) жақындап келіп оның бұлай оқу мәнісін сұрайды, сонда ол: «Ұйықтап жатқандарды оятып, шайтандарды қуамын» – дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Біләл әл-Хабашиге жақындап келсе, оның бір сүренің бірнеше аятын оқып отырып, тағы басқа сүренің аяттарын қатар оқып отырғанын көреді. Одан бұлай оқуының мәнісін сұрағанда, Біләл: «Мен үздіктерді үздіктермен араластырамын», – деп жауап берген екен. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға: «Әрқайсың да ең жақсы тәсілмен дұрыс оқыдыңдар» – деп айтқан екен.

Егер адам Құран оқи алмайтын болса, онда ол оны тыңдау арқылы да сауапқа кенеле алады

Өйткені Алла Елшісі (с.а.у.) бұған қатысты бір хадисінде былай деген: «Кімде-кім Алланың Кітабынан аят тыңдайтын болса, ол оған Қиямет күні нұр болады».

Алла Тағала Рамазанда Құранға деген сүйіспеншілігімізді арттыруға көмектесіп әрі Өзінің Кітабынан оқылған не тыңдалған әрбір әріпті бізге сауаптан жазсын! 

islam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста