Ислам діні

Құран оқығаны үшін ақша алу дұрыс па?

  • © Muslim.kz

    © Muslim.kz

Сахих бір хадисте сахабалар бір қауымның мырзасына Фатиха сүресін оқып дем салып, онысына ақы алғандықтары айтылады. Және олардың бұл әрекеттерін Алла елшісі (с.а.у.) құптаған[1]. Осыдан келіп, Құран оқығаны үшін ақша беріліп жатса, оны алудың күнәсі жоқ, әрі онысы адал деуге болады. Әсіресе, жетерліктей тұрақты айлығы жоқ дін қызметкері ондай ақшаны алуға мәжбүр болуы мүмкін. Осы орайда, Құран оқудағы ең басты мақсат – Құдай разылығы әрі мархұмға оқылған аяттың шарапаты тисін дегендік болу керек.


[1] Сахих Бұхари - №2276: «Күндердің бір күнінде бір топ сахаба сапарға шығып, жол-жөнекей әлдебір араб тайпасына кезігеді де, сол жерде қонақтауды ұйғарады. Алайда, ешкім бұларды қонақ еткісі келмейді. Осы арада сол тайпаның мырзасын сары шаян шағып алып, айналадағылар не шара қолданса да уын қайтара алмай әлек болады. Еш нәрсе шықпағаннан соң арасынан біреу: «Біздің жерге бір топ бөтен кісілер келген еді. Солар бір нәрсе білетін шығар. Барып сұраңдар» дейді. Олар сахабаларға келіп: «Ей, жамағат. Біздің мырзамызды шаян жағып алды. Не шара қолдансақ та, пайдасы жоқ. Сендерде бар ма бір нәрсе?», - деп сұрайды. Сахабалардың бірі: «Иә, бар. Алламен ант етейін, оған оқып дем саламын. Алайда, сендерден қонақ етулеріңді сұраған едік, сендер қонақ етпедіңдер. Сол себепті, мен тек ақыға оқимын» - деп жауап береді. Сахабаның бұл талабын қабыл етіп, олар бірнеше қой беруге келіседі (кейбір риуаятта 30 қой делінген). Одан соң, сахаба барып сырқат кісіге «әлхамдулилләні» (фатиха сүресі) оқып «сүф» деп дем салады. Демнен кейін мырза кісеннен құтылған малдай есін жинап, сырқаты тарай бастайды. Сосын ол келісілген ақыны беруді бұйырады. Ақыны алғаннан кейін сахабалар өзара бөліспекші болады. Бірақ, дем салған сахаба: «әзірге бөліспей тұра тұрайық. Пайғамбарымызға барғанда болған жайды айтып, Алла елшісі не бұйырар екен, соны көрелік» дейді де қойларды бөлмей сол күйінше Мединеге айдап барады. Олар пайғамбарымызға (с.а.у.) болған жәйітті баяндап береді. Сонда Пайғамбар сахабаларға қарап: «Ол сүренің ондай қасиеті барын қайдан білдіңдер? Сендер дұрыс жасадыңдар. Алған қойларды өзара бөлісіңдер. Маған да бір пай айыруды ұмытпаңдар» деп күледі» 


islam.kz




Көрілген: 692    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 29.11.2017, 14:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қаңтар, 12:52
    Боза ішу харам ба?
    29 Желтоқсан 2017
    "Харам" дүкені ашылды
    26 Желтоқсан 2017
    Қыздың орны – төр
    24 Желтоқсан 2017
    Шайтан айтқан шындықтар
    21 Желтоқсан 2017
    Тағдыр жазылып қойған ба?
    17 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    17 Желтоқсан 2017
    Сириядағы жетімдік
    15 Желтоқсан 2017
    Иман күшейтудің 8 тәсілі
    13 Желтоқсан 2017
    Қиямет-қайым болғанда...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31