Ислам діні

«Құранда ондай сөз жоқ…». Танымал дінтанушы тұмшаланған әйелдерге қатысты

  • © quora.com

    © quora.com

Мұртаза Бұлытайды танымайтын қазақ жоқ шығар. Белгілі дінтанушының желідегі жазбасы желіде біршама талқыланған екен.


Мұртаза Бұлытай осы арқылы орамал дауына қатысты мәселеге нүкте қоюға тырысыпты.


Жоқ дүниені несіне сөз қыламыз?


«Құранда жоқ нәрсені діннің ең маңызды мәселесінің біріне айландыру дұрыс па?!», – дейді ол.


«Бар нәрсені бар деп айтайық, жоқ нәрсені жоқ деп айтайық, осындай қарапайым принцип қой, еш қиындығы жоқ», – дейді дінтанушы.



Оның айтуынша, Құран кішкентай кітап емес. 600 бет, 30 пара, 114 сүре, 6236 аят бар.


Жүздеген тақырып қозғалған, ішінде өрмекші туралы сүре бар, құмырсқа туралы аят бар, есек пен ит, шошқа мен маймыл туралы да айтады, жеті қат аспан, үңгір, жұлдыздар, өзендер туралы айтады, тақырыптар егжей-тегжейлі айқындалған.


«Бірақ, осы көлемді кітапта әйелдер шаштарын немесе бастарын жапсын деген бір ауыз сөз жоқ! Неге?!


Діннің ондай бір талабы болса, ең болмағанда, бір аятында, бірнеше аятында мұсылман әйелдер шаштарын жапсын, көрсетпесін деп ашық, бүкпесіз айтуы керек емес пе еді?!


Шашты жабудың себептерін түсіндіріп, осы бұйрықты орындамағандарға қолданылатын шаралар туралы да айтуы ләзім еді ғой, бірақ ол жоқ!», – деген екен Мұртаза Бұлытай.


Бұл ретте ол:


«Демек, бұл діннің мәселесі емес, бұл халықтың киіну мәдениетінің, тұрмыстық мәдениетінің, әлеуметтік ортасының мәселесі, әдет-салтына, тұрған жеріне, ауа райына, қолжетімді материалдарға қарай өзгеріп тұратын нәрсе», – деген пікір білдіріпті.


– Сондықтан Құран оған орын бермеген, адамдардың еркіне қалдырған.


Енді Құранда жоқ нәрсені діннің ең маңызды мәселесінің біріне айландыру дұрыс па?! – дейді Мұртаза Бұлытай.  


365info.kz




Көрілген: 1430    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қараша, 18:16
    Біз неге ұрсысамыз?
    24 Қазан, 11:23
    Рия деген не?
    5 Қазан, 00:45
    Менің әйелім
    18 Қыркүйек, 15:39
    Бұл қалай жұмыс істейді?
    18 Қыркүйек, 12:18
    Алла кешірмейтін күнә
    15 Қыркүйек, 10:24
    Ит сатуға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30