Құранда сақал турасында не айтылған?

Құранда сақал турасында не айтылған?

Құранда сақал қоюға қатысты бұйрық жоқ. Дегенмен, «сақал» сөзі аятта кездеспейді емес, кездеседі. Ол сөз «Таһа» сүресінде баяндалған.

Мұса пайғамбар (ғалейһиссәләм) Сина тауына Жаратушымен тілдесуге кеткенде артта қалған қауымы Сәмири есімді адамның азғыруына ілесіп, алтыннан құйылған бұзауға табына бастайды. Желдің әсерінен мүсіннен мөңіреген дыбыс шығып тұратын. Мұсаның інісі Һарун (ғалейһиссәләм) оларды қанша қайтарса да, адамдар дегендерінен қайтпайды. Олардың бұл әрекеттерін естіген Мұса пайғамбар ашулы күйде оралады да қауымына кеиіді. Сол арада бауыры Һарунға да: «Ей, Һарун! Бұлардың адасқанын көре тұра, оларды тоқтатуыңа не нәрсе кедергі жасады?! Неге менің айтқанымды орындамадың? Әлде әміріме қарсы келдің бе?», - деп ұрысады. Сонда Һарун: «Әй, анамның ұлы, сақалым мен басымнан ұстамашы! «Исраил ұрпақтарының арасына іріткі салдың, сөзімді елемедің» деп айтуыңнан қорықтым», - деп жауап береді[1].

Аталмыш аятта "сақал" сөзі келген.

Сақал өсіруге қатысты бұйрық хадистерде келеді. Алайда, ол хадистерден Ислам ғұламалары үш түрлі үкім шығарғандығын айта кету керек. Мәселен, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Мұрттарыңды қысқартыңдар, ал сақалдарыңды жіберіңдер»[2], - деген хадисі бұйыра айтылғандығы рас. Бірақ, араб тілінің заңдылығы бойынша етістіктің бұйрық рай тұлғасы кейде талапты, кейде тілекті, ал кейде кеңес етуді білдіріп жатады. Осыдан келіп, ғұламалардың бір сыпырасы сақал өсіруді уәжіп деп шешсе, кей ғалымдар сүннет екендігін көлденең тартқан. Ал, кейбірі мұстахаб екендігін айтады*.

[1] Таһа сүресі, 83-98 аят: Әрі қарай Мұса пайғамбар Сәмириге қарап: «Ей, Сәмири! Мына істегенің не?», - дейді. Сәмири: «Олар көрмеген бір нәрсені мен көрдім. Елшінің (Жәбірейіл періште) басқан жерінен бір уыс топырақ алдым да оны бұзауға шаштым (содан бұзаудан дауыс шықты). Бұл менің өз жан-дүниемнің әмірі», - деп жауап береді. Мұса оған: «Кет. Өмірің бойынша «маған жоламаңдар» - деп өтетін боласың. Күдіксіз саған әсте өзгермейтін бір жаза тағы бар (о дүниеде). Өзің табжылмай бас ұрған құдайыңа (не істейтінімізді) қара! Біз оны өртеп, сонан соң теңізге тастап жібереміз», - дейді. Сендердің құдайларың – бір Алла. Одан басқа ешқандай құдірет жоқ. Білімі әрнәрсені сидырады».
[2] Бухари, әл-Либас: «Бәбу иғфә-и әл-лихя –5554 хадис.  

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста